Холестерин – бұл майдың бір түрі

Холестерин – бұл майдың бір түрі. Сізге қажетті барлық холестеринді бауыр бөліп шығарады, алайда кейбір тағамдардың да құрамында холестерин бар.
Қан тамырларында холестерин өте көп жиналса жүрек пен қан тамырлары жұмысының бұзылу қаупі туындайды. Мұндай мәселелер жүрек-қан тамырлары аурулары немесе ЖҚА деп аталады.
Холестерин деңгейін бақылауда ұстау ұсынылатын тағамдар:
Әр түсті жемістер мен көкөністер.
Бұршақ, тұтас дәнді нан, жармалар, макорондар және тазартылмаған күріш сияқты құрамында жасұнық көп тағамдар.
Майсыздандырылған сүт өнімдері, мысалы, майлылығы 1% сүт.
Майсыз ет және терісі алынған құс еті (тауық, күркетауық, үйрек). Күніне 5 унциядан (150 г.) көп емес (шамамен бір колода карта мөлшерінде).
Ақсерке, тунец және скумбрия сияқты майлы балық (қыздырылып пісірілген немесе грильде пісірілген), аптасына екі рет.
Аздаған мөлшерде жаңғақтар мен шешімке (аптасына 4-5 өлшем). 1 өлшемі шамамен гольфқа арналған доптың мөлшеріне сәйкес келеді.
Зәйтүн және рапс майы сияқты қанықпаған қышқылды өсімдік майлары, күніне 2 ас қасық (шамамен пинг-понг добының мөлшеріне сәйкес келеді).

СИРЕК ОПЕРАЦИЯ

Біздің ауруханамыздың кардиологтары сирек операция жасады, олар өз арасында оны екі де бір деп атады. Аортакоронарлық шунттау кезінде адам организмінің ең ірі артериясы – аортаны шұғыл протездеуді де жүргізу қажет болды.
Пациент 70 жасында ауруханаға жоспарланған шунттау бойынша операцияға түсті, бірақ араласу кезінде оның тамырларында проблемалардың бары анықталды, манипуляция кезінде аорта жарылып, дәрігерлер оны протездеу туралы шешім қабылдады. Арнайы жүйеге салынған тамырлы протезді дәрігерлер зақымданған жерге жеткізіп, тікелей аневризма қуысына таратты. Ауыстыру учаскесінің өзі 5 тен 7 см ге дейін болды.
Біздің ауруханамызда мұндай операциялар жылына 2-3 рет жасалады, бірақ бұл операцияның қиындығы аортаның тозуы туралы ақпараттың болмауы болды. Уақытылы араласу пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Қазір пациент қалпына келтіруге барады және жақын арада одан әрі оңалту және емдеу үшін үйіне шығарылады.

Қандай жағдайларда шұғыл түрде кардиологқа бару керек?

Сұрақтарға дәрігер-кардиолог – Бирюк Маргарита Юрьевна жауап береді .

Қандай жағдайларда шұғыл түрде кардиологқа бару керек?

– «Кеуденің артындағы немесе көкірек қуысы аймағындағы қарқынды ауырсыну, кенеттен ентігу, жиілеген ырғақты немесе ырғақты емес жүрек соғысы, қатты бас ауруы, түсініксіз құлау және естен тану».

Жоғары қысым нені білдіреді және оны төмендету керек пе?

– «Келісейік: біз «жоғары қысымды төмендетпейміз», бірақ артериялық гипертонияны жүйелі түрде емдейміз. Қысқа мерзімге әсер ететін препараттармен ситуациялық жоғары қысымды төмендетуді ұнататындар бар. Қысымды тез төмендету оны төмендетіп қана қоймайды, кейде тамырлы апаттар қаупін арттырады».

Жүрек соғу жиілігінің қандай көрсеткіштері кардиологқа жүгінуге себеп болады?

– «Симптоматикалық тұрақты немесе ұстама тәрізді жүрек соғысы, кейде жиі пульстің себебі невроз, қалқанша безінің функциясының жоғарылауы, бүйрек үсті безінің ісігі, анемия болуы мүмкін. Бірақ мұнымен, әрине, дәрігер айналысуы керек».

– «Құсқысы келу», әлсіздік, бас айналу, құлаумен қатар жүретін ырғақтың айқын төмендеуі кардиологқа шұғыл жүгінуге себеп болады, кейде мұндай пациенттерге кардиостимулятор қою қажет».

Дәрігерге мына телефон арқылы жазыла аласыз +7 727 261 04 50.
Біздің мекенжайымыз: Алматы қ., Шевченко к-сі, 59.

Шынығу несімен пайдалы?

Шынығу несімен пайдалы?
Дұрыс шынығу ағзадағы күрделі алмасу үдерістерін ынталандырады, иммунитетті нығайтады және қоршаған ортаның зиянды жағдайларына бейімделуге көмектеседі. Емшараның бірнеше оң әсерлері:
– Иммунитет күшейеді. Егер сіз әрдайым шынығып жүрсеңіз, онда бас киімсіз серуеннен кейін сізге тұмау немесе салқын тию қауіпті емес.
– Ағзаның төзімділігі артады.
Жылудың реттелуі жақсарады, тер шығу жақсарады, бұл теріге жақсы әсер етеді.

Шынықпастан бұрын дәрігерге көрініп, тексеруден өту қажет. Маман қажетті тест жүргізеді және сізге осындай емшараларды жасауға бола ма екенін анықтайды.

Колоноскопияға дайындық

Колоноскопияға дайындық
Бүгінгі күні тоқ ішекті зерттеуге (колоноскопия) дайындық емшарасы айтарлықтай жеңілдетілді.

Біздің аурухананың мамандары сіздер үшін осы зерттеуге дайындық бойынша ұсыныстар дайындады:

✅Зерттеу қарсаңында қатты тағамдарды толығымен алып тастау ұсынылады. Таңертең-жеңіл таңғы ас, 13: 00-ге дейін-түскі ас (рұқсат етілген тағамдар тізіміне сәйкес), кешкі ас-тек рұқсат етілген сұйықтықтар.
✅Іш жүргізетін дәрілерді қабылдаған күні жасұнықты қабылдауды болдырмау керек.
✅Кейбір жағдайларда клизма емшарасын жүргізу ұсынылуы мүмкін, мысалы: ішектің тарылуы, қан кету және т.б.
✅Ұзақ уақыт бойы іш қату кезінде зерттеуге дайындық алдында 3 күндік қожсыз диета ұсынылады.

Колоноскопияны тоқ ішектің шырышты қабығын егжей-тегжейлі тексерумен сәтті жүргізу зерттеуге дайындық сапасына байланысты екенін есте ұстаған жөн.

Сұрақтарға 1-санатты қан тамыры хирургы – Әсет Нұрғалиев жауап береді

Сұрақтарға 1-санатты қан тамыры хирургы – Әсет Нұрғалиев жауап береді.

1. Аяқтың көк тамырларының варикоздық кеңеюі дегеніміз не?
– Бұл веноздық қақпақшалардың жеткіліксіздігі және көк тамыр
бойымен қан қайтымының бұзылуы.

2. Варикоздың пайда болу себептері?
– Тұқым қуалаушылық бейімділік, гормондық өзгерістер, ұзақ уақыт бойы отыру немесе тұрып тұру.
3. Атеросклероз дегеніміз не?
– Бұл холестериннің қан тамыры қабырғаларына жиналу процесі және органдарға қанның келуін азайтумен артериялардың тарылуын және әрі қарай артерияларды толықтай бітеп тромбоз тудыратын атеросклеротикалық түйіндердің қалыптасуы.

Дәрігердің қабылдауына +7 727 261 04 50 телефоны арқылы жазылуға болады.
Біздің мекенжайымыз: Алматы қ., Шевченко к-сі, 59

Көктайғақ кезінде қалай тайғанамау керек

Қыс келді, өкінішке орай, суықтың басталуымен көшеде жарақат алулар саны өсуде: бір жердің соғылуы, шығып кетуі және сынуы.
Құлап қалмау үшін не істеуге болады?
– Мұқият және абай болыңыз. Аяғыңыздың астына қараңыз;
– Егер жан-жағыңызға қарау керек болса –алдымен тоқтаңыз;
– Жай адымдап жүріңіз;
– Табаныңызды толық басыңыз;
– Көктайғақ кезінде биік өкшеден бас тартыңыз. Тіреуіштің көлемі үлкен болған сайын, жағдайыңыз да нық болады;
– Мұздың үстімен жүрген кезде қолыңызды қалтаңызға салмаңыз;
– Қосымша тіреу болатын нәрсені пайдалану тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, мысалы, резеңке қағылған жіңішке таяқты ұстап жүруге болады, резеңкенің беті жолмен ілінісіп, таймауға мүмкіндік береді.
Мұқият және абай болыңыз, сонда қыс тек жағымды әсерімен ғана есіңізде қалады.
Как не подскользнуться во время гололеда
Наступила зима, к сожалению, с наступлением холодов растёт и количество уличных травм: ушибов, вывихов и переломов.
Что делать, чтобы избежать падения?
– Будьте внимательны и осторожны. Смотрите себе под ноги;
– Если вам необходимо осмотреться – сначала остановитесь;
– Перемещайтесь мелкими шагами;
– Наступайте на всю подошву;
– Во время гололёда откажитесь от каблуков. Чем больше площадь опоры, тем устойчивее положение;
– При передвижении по льду не держите руки в карманах;
– Использование дополнительной опоры поможет сохранить равновесие, например, рекомендуется использовать трость с резиновой набойкой, поверхность которой позволит увеличить сцепление с дорогой;
Будьте аккуратны и внимательны, тогда зима принесёт вам лишь положительные эмоции.
Возможно, это изображение 1 человек, на открытом воздухе и текст «осторожно гололёд»

Онкохирургия бөлімшесі

Эзофагэктомия, СОВМИН ауруханасы онкохирургия бөлімшесінде жасалатын өңештің бір бөлігін алып тастайтын өте күрделі операция. Ісікті күрделі кесу және өңештің қалдығын асқазанмен тігу аз инвазивті әдіспен эндоскоптың көмегі арқылы жүргізіледі. Қазақстанда осындай операцияны алғашқылардың бірі болып 2014 жылы «ОКА» АҚ онкохирургі жасады, бұдан бұрын 2013 жылы ол алғаш рет гастрэктомия жасаған, лапароскопиялық әдіспен асқазанның ісігін (обырын) алып тастады. Ғасырлар тоғысында дәрігерлер мұндай операциялар жасай алатын болса да , пациенттердің өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болды. Бүгінгі күні бұл пациенттің қысқа мерзімде қалпына келуіне мүмкіндік беретін әдеттегі операция. Айтпақшы, Қазақстан өңеш онкологиясының эндемиялық аймағы болып табылады. Естай Абзалбек бұл аурудың өте қызықты себептерін атады.

– Қазақстанда кептірілген және тұздалған ет көп тұтынылады, ал ДДҰ
мәліметтері бойынша мұндай өнімдер обырдың (соның ішінде өңеш обыры) қаупін арттыруы мүмкін, ыстық сұйықтықтар да өте қауіпті, ал біз шай, сорпа ішкенді ұнатамыз. Дәрігер ретінде Қазақстанда өте жиі кездесетін жатып тамақ ішуге болмайтынын айтамын, бұл дәстүр сфинктердің әлсіреуіне байланысты асқазанның ішіндегісі өңешке қайта келіп түскен кезде гастроэзофагельді рефлюкс ауруының даму қаупіне әкеледі. Әрине, экологияның да әсері бар.
Алдын алу шарасы ретінде дәрігер емханада жиі скринингтен өтуге кеңес береді, ал алғашқы белгілерде бұл көбінесе өңештен тамақтың өтпеуі, дәрігерлермен кеңесу керек.

Көктайғақ кезінде қалай тайғанамау керек

Көктайғақ кезінде қалай тайғанамау керек.

Қыс келді, өкінішке орай, суықтың басталуымен көшеде жарақат алулар саны өсуде: бір жердің соғылуы, шығып кетуі және сынуы.
Құлап қалмау үшін не істеуге болады?

– Мұқият және абай болыңыз. Аяғыңыздың астына қараңыз;
– Егер жан-жағыңызға қарау керек болса –алдымен тоқтаңыз;
– Жай адымдап жүріңіз;
– Табаныңызды толық басыңыз;
– Көктайғақ кезінде биік өкшеден бас тартыңыз. Тіреуіштің көлемі үлкен болған сайын, жағдайыңыз да нық болады;
– Мұздың үстімен жүрген кезде қолыңызды қалтаңызға салмаңыз;
– Қосымша тіреу болатын нәрсені пайдалану тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, мысалы, резеңке қағылған жіңішке таяқты ұстап жүруге болады, резеңкенің беті жолмен ілінісіп, таймауға мүмкіндік береді.

Мұқият және абай болыңыз, сонда қыс тек жағымды әсерімен ғана есіңізде қалады.

Онкохирургия бөлімшесі

Эзофагэктомия, СОВМИН ауруханасы онкохирургия бөлімшесінде жасалатын өңештің бір бөлігін алып тастайтын өте күрделі операция. Ісікті күрделі кесу және өңештің қалдығын асқазанмен тігу аз инвазивті әдіспен эндоскоптың көмегі арқылы жүргізіледі. Қазақстанда осындай операцияны алғашқылардың бірі болып 2014 жылы «ОКА» АҚ онкохирургі жасады, бұдан бұрын 2013 жылы ол алғаш рет гастрэктомия жасаған, лапароскопиялық әдіспен асқазанның ісігін (обырын) алып тастады. Ғасырлар тоғысында дәрігерлер мұндай операциялар жасай алатын болса да , пациенттердің өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болды. Бүгінгі күні бұл пациенттің қысқа мерзімде қалпына келуіне мүмкіндік беретін әдеттегі операция. Айтпақшы, Қазақстан өңеш онкологиясының эндемиялық аймағы болып табылады. Естай Абзалбек бұл аурудың өте қызықты себептерін атады.
– Қазақстанда кептірілген және тұздалған ет көп тұтынылады, ал ДДҰ
мәліметтері бойынша мұндай өнімдер обырдың (соның ішінде өңеш обыры) қаупін арттыруы мүмкін, ыстық сұйықтықтар да өте қауіпті, ал біз шай, сорпа ішкенді ұнатамыз. Дәрігер ретінде Қазақстанда өте жиі кездесетін жатып тамақ ішуге болмайтынын айтамын, бұл дәстүр сфинктердің әлсіреуіне байланысты асқазанның ішіндегісі өңешке қайта келіп түскен кезде гастроэзофагельді рефлюкс ауруының даму қаупіне әкеледі. Әрине, экологияның да әсері бар.
Алдын алу шарасы ретінде дәрігер емханада жиі скринингтен өтуге кеңес береді, ал алғашқы белгілерде бұл көбінесе өңештен тамақтың өтпеуі, дәрігерлермен кеңесу керек.
Возможно, это изображение 1 человек, сидит, стоит, в помещении и текст
Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.