Кардиохирургия бөлімшесі

ҚР ПІБ МО ОКА-да кардиохирургия бөлімшесі ашылды. Мұнда емханалық тексерулер мен стационарлық операцияға дейінгі дайындықтан бастап, жақсы жабдықталған бір, екі орындық палаталардағы оңалтуға дейін барлық жағдай жасалған.

Алғаш рет ишемиялық жүрек ауруы бар науқастарға жасанды қанайналымы жағдайында жүрекке ашық оперциялар жасалды. Бұл аутовеналармен (3-4 вена) аортокоронарлық шунттау, жұмыс істеп тұрған жүрекке маммарокоронарлық шунттау. Операциялар қазіргі заманғы халықаралық стандарт бойынша алыс шетелде жасалған нағыз заманауи аппаратуралармен, инструментарилермен және шығыс материалдарымен жабдықталған операция бөлмесінде жасалады. Науқастарды операциядан кейінгі емдеу және оңалту барлық жағдай жасалған екі орынды палаталарда жүргізіледі.

Біздің тәжірибелік қызметіміз мынадай науқастар санатын қамти отырып, төмендегідей операциялар жасайды:

1. «Ишемиялық жүрек ауруы бар науқастар (ИЖА)»;
[list icon=’fa-circle’ ]
аортокоронаграфия (АКГ);
коронарлық артерияларды стенттеу;
бір, екі, үш және одан да көп шунттармен аортокоронарлық шунттау;
солжақ қарыншаны қайта моделдеу;
солжақ қарыншадағы тромбэктомия;
[/list]

2. Ревматизмдік этиологиясы «жүре пайда болған жүрек кемістігі (ЖЖК)» бар науқастар:
[list icon=’fa-circle’ ]
протездеу немесе митраль қақпақшасы пластикасы;
протездеу немесе қолқа қақпақшасы пластикасы;
протездеу немесе трикуспидальды қақпақша аннулопластикасы;
бастапқы және екінші реттегі жүрек өскіндерін алып тастау;
констрикциялы перикардит кезіндегі перикардэктомия:
экссудатты перикардит кезіндегі перикард пункциясы;
өрлемелі қолқа аневроизмі кезіндегі операциялар.
[/list]

3. 15 жастан асқан «туа біткен жүрек кемістігі бар ТЖК)» науқастар:
[list icon=’fa-circle’ ]
бітпеген артерия түтігін лигирлеу;
жүрекшеаралық далда кемістігі пастикасы;
қарыншааралық далда кемістігі пластикасы;
өкпе артериясы қақпақшасы стенозы кезіндегі ашық комисуротомия;
триады Фалло тетрадын радикалды түзету;
атриовентрикулялық коммуникацияларды түзету;
ауытқушылық дренаждаушы өкпе веналарын радикалды түзету,
магистралды тамырлардың екіге бөлінуін радикалды түзету.
[/list]

Бізің мамандар Израйльде, Мәскеуде, Новосибирскіде оқудан өткен және кардиохиругиялық операциялар жасаудан 15 жылдан астам тәжірибесі бар. ҚР ПІБ МО ОКА-да кардиохирургиялық бөлімшенің ашылуы жүрек ауруы бар халыққа компьютерлік дерек қоры арқылы (тегін) жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімді болуына мүмкіндік береді.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.