Совмин онкохирургтері полимастияны емдеу бойынша бірегей операция жасады

Совмин онкохирургиясына 37 жастағы келіншек сирек сырқатымен жүгінді. Омырауында пайда болған қосымша екі емізік көлемі ұлғайған пациент ұзақ уақыт ауыр ыңғайсыздық кешіп жүрген. Қосымша үлесше айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Ол адамда эмбрион кезінде пайда болып, туа біткен ауру саналады. Қосалқы сүт бездері дененің кез келген бөлігінде дами береді – бұғана түтінде, омырау ойысында, қарынға шыққан жағдайлар белгілі, дегенмен негізінен омырау тұсында, яғни маммалық тіндер бар жерде пайда болады.

Дәрігерлер оның бірқатар себебін атайды, олар – жүктілік кезіндегі тұрақты әрі қатты күйзеліс, зиянды әдеттер, гормон фонындағы күрт өзгерістер, генетикалық бейімділік, сәуледен зақым алу немесе химиялық терапия. Кейде мұндай ауруды тұрмыстық химиялық заттар да қоздыруы мүмкін, қатты суық немесе қатты ыстықта ұзақ болу да зиян әсерін тигізеді.

Бұл патологияның жалғыз емі – хирургиялық араласу.

Совмин дәрігерлерінің көмегіне жүгінген пациенттің қосалқы сүт бездері өмір бойы өсіп отырған, соған қарамастан үш баланы дүниеге әкелген.

– Омырауындағы үлесшелер физикалық және моралдық жағынан ауыр ыңғайсыздық туғызып келген. Осы операцияның арқасында пациентіміздің өмірі шын мәнісінде күрт жақсарады деп айтуға болады. Екі жағынан, қолтыққа таман тұста пайда болған қосалқы сүт бездерін алып тастадық, косметикалық тігіс салдық. Қазір ол кісінің жағдайы едәуір жақсарды, аман-есен отбасына оралды, – дейді «ОКА» АҚ онколог-хирургі Марат Ахетов.

Мұндай құбылысты алғаш рет неміс клиницисі Ляйхтенштерн ХІХ ғ. соңында сипаттап кеткен. Сол кезде ғалым «штаттан тыс» емізіктердің 500 адамның ішіндегі біреуінде немесе халықтың 0,2%-ында кездеседі деп тұжырымдаған. Мұндай ауру тек әйелдерге емес, ерлерге де тән. Ал қазіргі замандағы кей зерттеулерге сәйкес, полимастия жиірек – адамдардың 1-2%-ында байқалады.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.