«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК) «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК-ге келесі бос лауазымдарға жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК) «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК-ге келесі бос лауазымдарға жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды:
1) «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК мейірбикелік іс жөніндегі басшы;
2) емханалық қызметтің мейірбикелік іс жөніндегі менеджері;
3) емханалық қызметтің клиникалық менеджері;
4) хирургиялық қызметтің мейірбикелік іс жөніндегі менеджері;
5) хирургиялық қызметтің клиникалық менеджері;
6) терапевтік қызметтің мейірбикелік іс жөніндегі менеджері;
7) терапевтік қызметтің клиникалық менеджері.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050091, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 139.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі; рентгенологиялық қызметтерді, рентгенология мен анестезияны қоса алғанда, зертханалар мен техникалық қызметтердің қызметтері; Жалпы дәрігерлік практика; жалпы бейінді дәрігерлер ұсынатын жалпы медицина саласындағы медициналық консультациялар және емдеу; медициналық зертханалардың қызметі.
Конкурсқа қатысушылар келесі негізгі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
1) тиісті медициналық білімнің болуы;
2) денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі;
3) денсаулық сақтау, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (үміткер лауазымын көрсете отырып);
2) түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттардың, оның ішінде сертификаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар 2024 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде: 050091, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 139, 18-кабинет (Қызметкерлерді басқару қызметі) мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс, анықтама телефоны: 8 (727) 261 97 03, 8 778 594 10 26.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Конкурсқа жіберілген кандидаттар «ҚР ПІБ МО ҰГ» РМК комиссиясында 2024 жылғы 29 қаңтардан бастап 050091, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 139 мекенжайы бойынша сұхбаттасудан өтеді, анықтама телефоны: 8 (727) 261 97 03, 8 778 594 10 26.

Совмин онкохирургтері полимастияны емдеу бойынша бірегей операция жасады

Совмин онкохирургиясына 37 жастағы келіншек сирек сырқатымен жүгінді. Омырауында пайда болған қосымша екі емізік көлемі ұлғайған пациент ұзақ уақыт ауыр ыңғайсыздық кешіп жүрген. Қосымша үлесше айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Ол адамда эмбрион кезінде пайда болып, туа біткен ауру саналады. Қосалқы сүт бездері дененің кез келген бөлігінде дами береді – бұғана түтінде, омырау ойысында, қарынға шыққан жағдайлар белгілі, дегенмен негізінен омырау тұсында, яғни маммалық тіндер бар жерде пайда болады.

Дәрігерлер оның бірқатар себебін атайды, олар – жүктілік кезіндегі тұрақты әрі қатты күйзеліс, зиянды әдеттер, гормон фонындағы күрт өзгерістер, генетикалық бейімділік, сәуледен зақым алу немесе химиялық терапия. Кейде мұндай ауруды тұрмыстық химиялық заттар да қоздыруы мүмкін, қатты суық немесе қатты ыстықта ұзақ болу да зиян әсерін тигізеді.

Бұл патологияның жалғыз емі – хирургиялық араласу.

Совмин дәрігерлерінің көмегіне жүгінген пациенттің қосалқы сүт бездері өмір бойы өсіп отырған, соған қарамастан үш баланы дүниеге әкелген.

– Омырауындағы үлесшелер физикалық және моралдық жағынан ауыр ыңғайсыздық туғызып келген. Осы операцияның арқасында пациентіміздің өмірі шын мәнісінде күрт жақсарады деп айтуға болады. Екі жағынан, қолтыққа таман тұста пайда болған қосалқы сүт бездерін алып тастадық, косметикалық тігіс салдық. Қазір ол кісінің жағдайы едәуір жақсарды, аман-есен отбасына оралды, – дейді «ОКА» АҚ онколог-хирургі Марат Ахетов.

Мұндай құбылысты алғаш рет неміс клиницисі Ляйхтенштерн ХІХ ғ. соңында сипаттап кеткен. Сол кезде ғалым «штаттан тыс» емізіктердің 500 адамның ішіндегі біреуінде немесе халықтың 0,2%-ында кездеседі деп тұжырымдаған. Мұндай ауру тек әйелдерге емес, ерлерге де тән. Ал қазіргі замандағы кей зерттеулерге сәйкес, полимастия жиірек – адамдардың 1-2%-ында байқалады.

1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ!

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) анықталғаннан бергі 40 жыл ішінде әлемде 40 миллионнан астам адам осы инфекциядан көз жұмды. Жыл сайын АИТВ жұқтырудың миллионнан астам жаңа жағдайы тіркеледі. Вирус барлық елдерде заманымыздың ең қауіпті ауруларының бірі.

Жыл сайын бүкіл әлемде 1 желтоқсанда СПИД-ке қарсы күрес күні аталып өтеді.

Қазақстан статистикасы бойынша 2000 жылдан бастап АИТВ-позитивті адамдардың жыл сайынғы өсуі байқалады, ал соңғы 10 жылда АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық 2 есеге артқан. 2022 жылдың аяғында елде 31 мыңға жуық АИТВ жұқтырған адам тіркелді. Олардың 90%-ға жуығы 15-тен 49 жасқа дейінгі адамдар.

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл вирусты тудыратын ауру АИТВ инфекциясы деп аталады. Жұқтырған адам – АИТВ жұқтырған немесе АИТВ-позитивті. Олар АИТВ инфекциясының көзі саналады.

ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы, бұл АИТВ-инфекциясының соңғы кезеңі. Қанға енгеннен кейін вирус адамның иммундық жүйесінің жасушаларын (лейкоциттер – лимфоциттер) жоя бастайды, ағза қорғанысынан айырылады, бұл аурудың дамуына және науқастың өліміне әкеледі.

АИТВ жұқтыру жолдары, инфекциядан қорғау шаралары, ерте анықтау және емдеуді уақтылы бастаудың маңыздылығы туралы ақпаратты білу өте маңызды. Сондықтан жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлем дәрігерлері адамдарға аурудың қаупі туралы ғана емес, сонымен қатар АИТВ-инфекциясы бар адамдарды стигматизациялау мен кемсітуге жол бермеу туралы еске салады.

АИТВ туралы қысқаша ақпарат

  • АИТВ – вирустың атауы, ал ЖИТС-АИТВ – инфекциясының соңғы сатысы;
  • АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ;
  • АИТВ инфекциясы жұғуының үш жолы бар: жыныстық, қан арқылы (парентеральды) және тікелей. Осылайша, вирус ұрық сұйықтығы мен вагиналды бөліністер, қан арқылы, жүктілік және босану кезінде анадан балаға, сондай-ақ тамақтандыру кезінде ана сүті арқылы беріледі;
  • Инфекциядан кейінгі алғашқы айларда АИТВ-мен ауыратын адамдар ең жұқпалы болып табылады, бірақ олардың көпшілігі өздерінің мәртебесі туралы кездейсоқ немесе кейінгі кезеңдерде біледі;
  • АИТВ инфекциясы емделмейді, бірақ заманауи антиретровирустық терапиямен (АРТ, АРВТ) бақылауға және алдын алуға болады;
  • АРТ вирустың көбеюі үшін қажет ферменттерді блоктайды, АИТВ инфекциясы “қарусыздандырылады” және иммундық жасушалардың саны төмендеуді тоқтатады. Бірақ, егер адам емдеуді тоқтатса, вирустық жүктеме бірден көтеріле бастайды. АРВТ үнемі қабылдауға арналған;
  • Антиретровирустық терапия алатын АИТВ-позитивті адамдар ауруын жыныстық серіктестеріне жұқтырмайды және ұзақ өмір сүре алады;
  • Сіз өзіңіздің АИТВ-статусыңызды және серіктесіңіздің статусын арнайы анализ – АИТВ тесті арқылы біле аласыз;
  • Кеңес беру, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы, АИТВ-ны барлық тексерулер мен емдеу мемлекет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі!
  • Егер сіз жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктеспен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түссеңіз, келесі 72 сағат ішінде постконтактілік терапияны ала аласыз. Мұны істеу үшін Сіз кез келген аймақтық СПИД-орталыққа хабарласуыңыз керек, онда сіз жасырын түрде тексеріліп, антиретровирустық препараттар тегін беріледі.

АИТВ мына жолмен берілмейді:

  • қол алысу, құшақтау кезінде
    • жөтелгенде және түшкіргенде
    • бассейнде жүзу, жаттығу залында жаттығу кезінде
    • жалпы ыдыстарды, ас құралдарын, төсек-орындарды пайдалану кезінде
    • ортақ дәретхананы, жуынатын бөлмені пайдалану кезінде
    • жәндіктердің шағуы арқылы

АИТВ-ні мына жағдайда жұқтыру қаупі жоғары:

  • әр түрлі жыныстық серіктестермен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсу;
  • ретсіз жыныстық қатынасқа түсу, соның ішінде ер адамның басқа ер адаммен сексуалдық қатынасы;
  • инъекциялық есірткі қолдансаңыз және стерильді емес инелерді, шприцтерді және барлығына ортақ басқа инъекциялық жабдықты қолданыңыз;
  • стерильді емес құралдармен татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасасаңыз;
  • вирусы бар адаммен ортақ ұстара немесе ине пайдаланғанда байқаусызда қан кетсе, денсаулық сақтау қызметкерлері арасында кездейсоқ жарақат алса;
  • қан құюға, қан препараттарын, тіндерді транспланттауға мәжбүр болса;

Инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керек?

  • Әр жыныстық қатынас кезінде үнемі презерватив қолданыңыз
  • Бір ғана сенімді, ауру жұқтырмаған жыныстық серіктеспен қатынас құру
  • Дені сау болып көрінетін адамда АИТВ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз
  • Есірткі қолданудан бас тарту
  • Жеке гигиена ережелерін сақтау, жеке ұстара, маникюр жиынтығын ғана пайдалану
  • АИТВ-инфекциясына тұрақты тест тапсырып тұру.

АИТВ-статусыңызды қалай білуге болады?

Сізде АИТВ-инфекциясының (АИТВ-статусы) болуы немесе болмауы туралы тек қан анализін тапсыру арқылы білуге болады. АИТВ-ға тестілеу кезінде вирустың өзі емес, оған қарсы антиденелер – вирусты жұқтырудың куәгерлері анықталады. АИТВ-ға қарсы антиденелер организмде бірден емес, вирус енгеннен кейін біраз уақыттан кейін пайда болады. АИТВ-ға тестілер көбінесе инфекциядан кейін 2-3 аптадан кейін нәтиже көрсетеді, бұл кезең 6 айға дейін созылуы да мүмкін, ал нақты орташа есеппен 3 ай ішінде жасалған тест жұқтыру статусын көрсетеді. Дәл осы уақытта вирустық жүктеме өте жоғары, яғни АИТВ-ның берілу мүмкіндігі жоғары!

ЖАС ҒАЛЫМДАР СОВМИНДЕ БАС ҚОСАДЫ

3 қарашада, Совминнің 94 жылдығына орай аурухана негізінде жас ғалымдардың «SOVMIN FORUM-94: УАҚЫТ ИМПУЛСІ» форумы өтеді. Онда сөз сөйлейтін 16 спикердің жартысына жуығы – президенттік госпиталдің жас мамандары.

Ауруханамыздың Жас мамандар кеңесінің төрағасы Мөлдір Маратова шара туралы айтып берді.

– Конференциямыздың мақсаты – түрлі бағытта жұмыс істейтін жас дәрігерлерді бір-бірімен таныстырып, біріктіру. Олардың ішінде докторанттар мен магистранттар да бар, олар өз жұмыстарын таныстырады. Ғылымды дамытуға ынталандыру үшін, еңбектерін таныстырған үздіктерге жүлде де қарастырдық. Медицинаға келген әр жас маман ғылыммен айналысу үшін халықаралық протоколдарды, жаңалықтарды біліп отыруға тиіс. Мен жіті коронарлы синдромы бар пациенттер ағзасындағы көмірсу алмасуы туралы айтамын, бұл аса өзекті мәселе. Әріптестеріммен бірге осындай науқастар арасында анализ жүргізген едік, соның нәтижесін, дұрыс емдеу, дер кезінде анықтау, әсіресе асқындырмау жолдарын бөлісеміз. Сондай-ақ форумда жедел ишемиялық инсультті, жүрегінде ақауы бар нәрестелердің бүйрегіндегі зақымды емдеу, бас пен мойын ісіктері салдарынан реконструкциялық-пластикалық операциясын жасау, топшы-бұғаналық буыны шығу жағдайындағы остеосинтез жасау, алғашқы медикалық-санитарлық көмек кезіндегі эмпирикалық эрадикациялық Helicobacter Pylori терапиясының қателері және тіпті кардиология мен аритмологиядағы жасанды интеллект туралы да сөйлесеміз.

Екінің бірі аллергиямен ауырады деген стереотип шындықтан алыс емес сияқты

Екінің бірі аллергиямен ауырады деген стереотип шындықтан алыс емес сияқты. Елімізде 4 миллионнан астам адамда қандай да бір аллергия бар екен. Жыл өткен сайын олардың саны артып барады. Аллергиялық реакция неден болады, оны қалай тиімді емдеу керек? Бұл сауалдарды Орталық клиникалық аурухананың тәжірибелі аллерголог-пульмонологы Элеонора Старцеваға қоған едік.

Дәрігер аллергия әсіресе Алматы көбейгенін айтты. Ол көптеген факторларға байланысты, әрине. Дегенмен, бірінші кезекте қоршаған орта, қаладағы ауаның ластығы, өсімдіктердің белсенді гүлденуінен болады.

Элеонора Старцеваның айтуынша, заманауи препараттардың кең спектрінің арқасында аллергияны бақылап отыруға мүмкіндік мол.
– Совминкада біз емдеудің дәстүрлі әдістері мен биологиялық препараттарды қолданатын заманауи әдістерді қолданамыз. Бұл өте тиімді, – дейді дәрігер.

ТРОМБОЗДЫҢ ҚАТЕРІ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Бүгінде әлем бойынша тромбоэмболияның 10 млн жағдайы тіркелген. Әр 40 секундта бұл дерттен 1 адам көз жұмады. Тромбоэмболия – жүрек-қан тамыры ауруларының ішінде өлімге әкелетін үшінші орындағы себеп. Қазақстанда 40-60 жастағы 1000 адамның бесеуінде көктамыр тромбозы тіркеледі, ал жалпы жыл сайын тромбоздың қилы түрі мазалаған 5000-нан астам адам дәрігер көмегіне жүгінеді.

Бұл дерттің қаупі сол, операция, тамырға катетер қою сияқты кез келген медициналық инвазивті араласу кезінде көктамыр тромбозы туындауы ықтимал. Оның қаупін азайту үшін Халықаралық тромбоз бен гемостаз мамандарының қоғамы (ISTH) 13 қазанды Дүниежүзілік тромбоз күні деп белгілеген. бұл күні Совминде дәстүрлі халықаралық конференция өтеді. Биылғы конференцияның тақырыбы – Артериалды, жүрекішілік және көктамыр тромбозы. Түрлі бағытта істейтін дәрігерлердің басын қосқан бұл жиын барысында қызу талқы өтті, оның барлығы ортақ ұсыныстардың жасақталуына негіз болды.

– Бұл дертпен күресуде біз пәнаралық тәсілдеме қолданамыз. Сондықтан хирургтер, гематологтар, гинекологтар мен кардиологтар ем жүргізуде аса ұстамды болады. Дәрігерлер пациенттеріне операциядан кейін тұрақтала бастағанда профилактикалық ем-дом белгілейді. Дегенмен уақыт өте дәрілердің мөлшерін көбейтіп, емдеудің басқа да, оның ішінде дәрісіз тәсілдерін байқау керек. Медицина қарқындап дамып отырған шақта саладағы жаңалықтан қалмауымыз керек, бұл жиындардың маңыздылығы осында, – дейді жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Ағзам Жұмаділов.

Конференцияның бастамашысы – Қазақ тромбоздар мен гемостаз қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Сүгіралиевтың айтуынша, негізгі күшті қауіптерді дер кезінде анықтап, аурудың алдын алуға жұмсау керек. Себебі тромбоздар 80% жағдайда симптомсыз жүреді, солайша адамдар дерті әбден меңдеп кеткенде, тромбалық синдромның соңғы кезеңінде келеді. Бұл кезде науқастың бүкіл тамыры терісінің бетіне шығып, түсі өзгеріп кетеді. Пациенттердің де тромбоздар қаупі туралы ақпараты жеткіліксіз. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен аяқтың терең тамырларының тромбозы туралы ересек халықтың жартысынан азы хабардар. Ал тромбоздың алдын алуға болатыны туралы білетіні тіпті аз.

– Дәрі-дәрмексіз ұсынымдардың қатарында белсенді өмір салтын ұстану мен ішімдікті шектеу маңыздылығы айтылады. Одан бөлек тар киім кимеуге және салмақты қалыпты деңгейде ұстауға тырысу қажет. Ұшақпен ұшқанда жиі қимылдап, көбірек су ішкен абзал. Ал операцияға жатар бұрын дәрігерден тромбоздың туындау қаупі туралы барынша біліп алған жөн. Мысалы Совминде қауіпті халықаралық жүйе бойынша бағамдау енгізілген – пациент түскенде дәрігер осы жағын мұқият зерттеп, емдеу барысында нәтижесін ескереді. Жалпы денсаулыққа бей-жай қарамаңыз, – дейді доктор. Бұдан бөлек конференцияда көктамыр тромбоэмболиясының фармакологиялық, хирургиялық және интервенциялық терапиясы, акушерлік істегі қауіп факторлары, артериалды тромбоз, кава-сүзгі, аурудың диагностикасы мен профилактикасына қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.

Әр 40 секундта тромбоздан 1 адам көз жұмады

Әр 40 секундта тромбоздан 1 адам көз жұмады. Бұл дерт – жүрек-қан тамыры ауруларының ішінде өлімге әкелетін үшінші орындағы себеп. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен аяқтың терең тамырларының тромбозы туралы ересек халықтың жартысынан азы хабардар. Ал тромбоздың алдын алуға болатыны туралы білетіні тіпті аз.

Тромбоздар 80% жағдайда симптомсыз жүреді, солайша адамдар дәрігерге дерті әбден меңдеп кеткенде, тромбалық синдромның соңғы кезеңінде келеді. Бұл кезде науқастың бүкіл тамыры терісінің бетіне шығып, түсі өзгеріп кетеді. Халықаралық тромбоз бен гемостаз мамандарының қоғамы (ISTH) 13 қазанды Дүниежүзілік тромбоз күні деп белгілеген.Аурудың алдын алу жолдары өте қарапайым – оларды есте оңай сақтау үшін сіздерге шағын аңдатпа дайындап қойдық. Деніңіз сау болсын!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СОВМИН ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН БІЛІКТІ КӨМЕК АЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СОВМИН ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН БІЛІКТІ КӨМЕК АЛДЫ
Орталық клиникалық аурухана дәрігерлері Тараз ауруханаларында 6 операция, 7 семинар және 50-ден астам консультация өткізді. ҚР ПІБ Медицициналық орталығының күндері аясында Жамбыл өңіріне нейрохирург Марат Саршаев, уролог Шарафаддин Азизов, гинеколог Айгүл Тұрсынова, рениматолог Айнұр Қаріпжанова, терапевт Элеонора Старцева, клиникалық фармаколог Дидар Бәкібаев және ішкі аудит маманы Эльмира Забирова аттанған еді.
Мамандарымыз кондуитті цистэктомия, лапароскопиялық гемиколэктомия, миомэктомия және гистероктомия, бет нервісінің микроваскулярлы декомпрессиясын, экстраинтракраниалды кішкентай тамырлар анастомозы, жанаспалы лазерлік литотрипсия сияқты операциялар жүргізді.

  • Мен айтарлықтай күрделі операциялар жасадым. Мақсатымыз да сол – жергілікті әріптестерімізге өз әдістерімізді көрсету еді. Бүйректен үлкендігі 2,5 см болатын тасты несеп жолы арқылы өздігінен шығарып, алып тастау операциясын өткіздік. Біріншісін өзім, екіншісін тараздық дәрігерлермен бірге жасадық. Совминдік басқа хирургтер де солай өткізді. Өңірдің медицинасы тамаша дамыған, дегенмен кей күрделі жағдайда пациентті орталыққа – Алматы мен Астанаға жөнелту қалыптасқан. Кеңесімізге жүгінген халықтың қарасы әжептәуір қалың, байқасақ, жергілікті халық үлкен қалалардан келген мамандарға көбірек сенеді екен. Осы жағынан да ақыл-кеңесімізді бөлістік – жағдайы ауыр пациенттермен жұмысты қалй жүргізу керек және сенімді қалай арттыру керек деген бағытта кішігірім оқу өткіздік, – дейді Шарафаддин Азизов.
    Бұдан бөлек алматылық мамандар операция бөліміндегі сепсис, антибиотиктерді азайту, дәріге туындайтын аллергия сияқты маңызды медициналық тақырыптардағы семинарлар өткізді.
  • Бұл сапарларымыздың басты мақсаты – адамдарға көмек көрсету. Бірқатар күрделі операция, жүйке жүйесі, омыртқасы, буындары ауыратын ондаған адамға консультация жүргіздім, барлығы астаналардан келген дәрігерлердің жәрдеміне зәру екен. Осы бағытта жақсы жұмыс атқардық, – дейді Марат Саршаев.
    Жыл басынан бері Медициналық орталықтың дәрігерлері өңірлердің басым көпшілігіне барып қайтты, жыл соңына дейін тағы бірнеше аймаққа сапар шегу жоспарланған.

Сөзі де жанға шипа дәрігер

Сөзі де жанға шипа дәрігер

Лаура Құттыбаева – жоғары санатты невролог дәрігер. Оның көмегіне үрей ұстамасы мен омыртқа проблемаларын шешу үшін ғана емес, психологиялық жәрдемді қажет ететіндер де жүгінеді. Сөзі де жанға шипа деп дәл Лаура Қадырбайқызы туралы айтуға болады.

Лаура Құттыбаева әрдайым пациенттермен тығыз жұмыс істеп келеді – облыстық клиникалық ауруханада, кейін емханада қабылдау жүргізген, соңғы 15 жылын Совминге арнаған. Дәрігер омыртқамен, бас ауруымен, қан қысымы, ұйқысыздық, протрузия, сүйек жарықтарымен байланысты проблемалармен айналысады, құрған сүйекты тарту аппаратымен жұмыс істейді.

  • Мұндай сырқаттардың көбейіп отырғаны гиподинамия, көп отыратын өмір салтымен, стресстің ұлғаюымен байланысты. Прогресс өмірімізді дамытса да, қимылымызды азайтып, тежейді. Дегенмен медицина да бір орнында тұрған жоқ, әлдебір ауру пайда болса, оның емін де дереу ойлап табамыз. Адамдарға мүмкіндігінше дәрі-дәрмекті аз пайдаланып көмектесуге тырысып жатырмыз, – дейді Лаура Қадырбайқызы.

Күз мезгілінде адамдар аса сақ болғаны жөн дейді дәрігер. Оның айтуынша, алдамшы жылымық күні де абай боп, суықтан, күйзелістен сақтану керек, өйткені мұның бәрі жүйкеге әсер етеді, ақырында бүкіл ағзаға зияны тиеді. Ал қандай да бір жайсыздық сезінсеңіз, невролог пен невропатологқа көрінуді ұмытпаңыз.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.