1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні

1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні. АИТВ (Адамның Иммунотапшылық Вирусы) – адамға ең қауіпті вирустардың бірі, себебі бұл вирус біздің ағзамыздың инфекциялардан басты қорғанышы иммунды жүйеміздің жасушаларын зақымдайды. АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің айырмашылығы қандай? ЖИТС (Жүре пайда болған ИммуноТапшылық Синдромы) – бұл АИТВ инфекциясының соңғы, ең ауыр және қайтымсыз кезеңі. Ағза өзінің қорғаныш қабілетін жоғалтады, ешқандай, тіпті ең қарапайым инфекциялар мен ауруларға да қарсы тұра алмайды. ЖИТС-пен ауыратын адамдарда көптеген ауыр дерттер, олардың ішінде қатерлі ісіктер де пайда болып, соңы өлімге әкеледі. Қандай белгілер сақтық тудыруы қажет? Бұл аурудың көптеген белгілері АИТВ-мен байланысты емес басқа аурулардың белгілеріне ұқсас. Келесі жағдайларда дереу, кешіктірмей дәрігерге қаралу қажет: • мойын, қолтықасты және шап аймағында ұлғайған лимфа түйіндері; • дене температурасының ұзақ уақыт бойы көтерілуі және түнімен терлеу;

Біздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бас директоры Ким Сок Чоль бастаған дәрігерлер комиссиясы келді

Біздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бас директоры Ким Сок Чоль бастаған дәрігерлер комиссиясы келді.
Қонақтарға зертхананы, нейрохирургия, кардиология және соматика бөлімшелері көрсетілді. Соңғы бөлімшені Корея дәрігерлері шын таңданыспен аралады, бесжұлдызды қонақ үй сыныпты жоғары деңгейлі емдеумен айналысатын аурухана палаталарын олар бұрын-соңды кездестірмеген-ді.
Делегацияның келу мақсаты – Қазақстанның ертеден келе жатқан көне ауруханасымен аса тығыз кәсіби байланыс орнату, атап айтқанда, бірлескен шеберлік сыныптарын, семинарлар, операциялар өткізу, екі жақты медициналық туризмді дамыту.
Білетініміздей, Оңтүстік Корея медицинасы әлемдегі ең алдыңғы қатарлылардың бірі саналады, әйтсе де, Оңтүстік Корея дәрігерлер комиссиясы Совминнің емдеу деңгейінен зор әсер алды.

COVID-19-ға шұғыл ПТР-тест – жарты сағат ішінде

COVID-19-ға шұғыл ПТР-тест – жарты сағат ішінде – оңтайлы шешім!
Зерттеу дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00 -ден 20.00 дейін, сенбі күні 08.00-ден 15.00 дейін жүргізіледі.
Тест мөлшері шектеулі. Шұғыл ПТР-тест құны – 22 000₸.
СОВМИН ауруханасының зертханасы премиум сыныпты ең жақсы жабдықтармен жабдықталған. Бұл зерттеуді жүргізу үшін ең жаңа әдістеме қолданылады.
Материал алу пункттері: сағат 08.00-ден 10.00 дейін – Панфилов көшесі, 138 (емхана фильтрі), сағат 10.00-ден 20.00 дейін – Панфилов көшесі, 139 (қабылдау бөлімінің фильтрі).
Қосымша ақпарат мына телефон бойынша: +7 727 261 04 50.
Возможно, это изображение ‎текст «‎COVID-19 COVID-19 RT-PCRt RT-PCRiest test COVIDA RLper19 0ا ه COVID-19 COVID-19 test RT-PCR‎»‎

Диабет

  Диабеттік табан деген не, қандағы қант деңгейін және дене салмағының индексін қалай бақылауға болады, диабет кезінде қалай тамақтану және жалпы онымен қалай өмір сүруге болады. Осылар туралы және басқа да мәселелер туралы Алматы ОКА мамандары стационар мен емхана пациенттеріне кезекті Денсаулық мектебі кезінде әңгімелеп берді. Бұл жолы дәріс жаралар түрінде, сүйектердің және тамырлардың зақымдалуы  түрінде  аса кең таралған қант диабетінің асқыну түрі  – диабеттік полинейропатия мәселесіне арналды.

Диабет мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті. Бүгінгі таңда ресми түрде есепте 735 мың адам тұр, олардың саны жыл сайын өсуде.

Соңғы 15 жылда мұндай аурулардың саны 3,5 есеге артты. СОВМИН ауруханасының эндокринологтары жақын арада ауырғандарға арнап оқыту дәрісін өткізді, олар бұл созылмалы аурумен өмір сүруге енді ғана үйренуде және әр жаңа ақпарат олар үшін құнды. Тыңдаушыларға диабетпен ауыратындар үшін өте маңызды болып табылатын тамақтану, дененің қолайлы салмағын ұстау және киімді дұрыс кию бойынша ұсыныстар берілді.   Дәріс пациенттер үшін өте пайдалы болды.

Біздің ауруханада диабет мектебінен басқа, «Инсульттің алдын алу» невролог мектебі, «Артериялық гипертензия және ЖИА» кардиолог мектебі,  СИеА (созылмалы инфекциялық емес аурулар) қаупі факторларының алдын алу мектебі және «Әйел денсаулығы» гинеколог мектебі жұмыс істейді. Алда маңызды аурулар бойынша жаңа семинарлар мен тренингтер күтіп тұр.   

Алматыда алғаш рет  бірегей зерттеу енгізілді

ҚР ПІБ  Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының зертханасында кезекті  жаңа зерттеу енгізілді. Зерттеу сирек кездесетін диагнозды ғана емес, сонымен бірге  COVID-19-вакцининдукцияланған иммундық тромботикалық  тромбоцитопенияны да анықтауға мүмкіндік беретін  гепарин-индукцияланған  тромбоцитопенияға қарсы денені анықтайды.

ГИТ – бұл маңызды иммундық ауру, ол гепаринді қолданғаннан кейін туындайды, оны тромбоздардың алдын алу және емдеу ретінде клиникалық практикада қолданады.  Ол қанда тромбоциттер санының  азаюымен, өлімге әкелетін әр түрлі тромботикалық асқынулардың өршуімен сипатталады.

Қазіргі таңда Орталық клиникалық ауруханада гепарин-индукцияланған   тромбоцитопенияға қарсы денені анықтауға 15 зерттеу жүргізілді.

Бұлардан басқа, ОКА зертханасында онкомаркерлер,  қалқанша без гормондары, әйелдер мен ерлер үшін өсіп-өну гормондары, иммундық мәртебеге талдау және басқалар сияқты  бес жүзден аса зерттеулер жүргізіледі.

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы қария Ізгілік Дабаев дауыс берді

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы қария Ізгілік Дабаев дауыс берді. Қазір ауруханада ем алып жатқан ақсақал сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Аты аңызға айналған Ізгілік ата Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен. Ол Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарла́л Нерумен кездескен. Леонид Брежнев, Дінмұхаммед Қонаевтармен бірге жұмыс істеген. КСРО Журналистер одағының мүшесі, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің марапаттау бөлімін басқарған.

Бүгін еліміздің Президентін сайлау күні, Қазақстанның барша халқымен бірге ” ОКА” АҚ пациенттері де дауыс берді. Аурухана аумағында N 112 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін еліміздің Президентін сайлау күні, Қазақстанның барша халқымен бірге ” ОКА” АҚ пациенттері де дауыс берді. Аурухана аумағында N 112 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы дауыс берушілер өздерінің азаматтық борышын өтеу үшін сайлау учаскесі ашылғанға дейін сағат 7.00-де келді. Денсаулығы жағдайына байланысты келе алмайтын пациенттерге, барлық қажетті шараларды сақтай отырып сайлау жәшігін алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасау үшін барлығы 10033 сайлау учаскесі ашылды.

Жеңілдіктер, диабетпен ауыратын науқастарға көмек

Жеңілдіктер, диабетпен ауыратын науқастарға көмек
Совмин ауруханасында Диабеттік қауымдастықпен бірлесіп, Дүниежүзілік диабет күніне орайластырылған жеңілдіктер өткізілді.
Екі күнде 50 пациент «Орталық клиникалық аурухана» АҚ жетекші кардиологтары, эндокринологтары, тамырлық хирургтары мен басқа мамандарынан консультация алды. Көбісі ЭКГ және ақтың УЗДГ зерттеуден өтті.
Дәрігерлердің қарап-тексеруі дер кезінде болды, кейбір пациенттерге оперативтік және хирургиялық ем ұсынылды; кейбіреулер тіпті инсулинді дұрыс салмай жүр екен, консультацияның арқасында олар емдерін түзетті.
Диабет мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті , бүгінде 735 мыңнан астам адам есепте тұр. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын өсуде. Соңғы 15 жылда Қазақстанда қант диабеті бар пациенттер саны 3,5 есе өскен.
Мұндай жеңілдіктер мен скринингтер жаңа науқастарды анықтауға және есепте тұрғандардың емін жақсартуға көмектеседі.
СОВМИНДЕ дүниежүзілік диабет күніне арналған жеңілдіктер дәстүрлі түрде көп жылдан бері өткізіледі.

Жеңілдіктер, диабетпен ауыратын науқастарға көмек

Совмин ауруханасында Диабеттік қауымдастықпен бірлесіп, Дүниежүзілік диабет күніне орайластырылған жеңілдіктер өткізілді.

Екі күнде 50 пациент «Орталық клиникалық аурухана» АҚ жетекші кардиологтары, эндокринологтары, тамырлық хирургтары мен басқа мамандарынан консультация алды. Көбісі ЭКГ және ақтың УЗДГ зерттеуден өтті.

Дәрігерлердің қарап-тексеруі дер кезінде болды, кейбір пациенттерге оперативтік және хирургиялық ем ұсынылды; кейбіреулер тіпті инсулинді дұрыс салмай жүр екен, консультацияның арқасында олар емдерін түзетті.

Диабет мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті , бүгінде 735 мыңнан астам адам есепте тұр. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын өсуде. Соңғы 15 жылда Қазақстанда қант диабеті бар пациенттер саны 3,5 есе өскен.

Мұндай жеңілдіктер мен скринингтер жаңа науқастарды анықтауға және есепте тұрғандардың емін жақсартуға көмектеседі.

СОВМИНДЕ дүниежүзілік диабет күніне арналған жеңілдіктер дәстүрлі түрде көп жылдан бері өткізіледі.

Бүгін Орталық клиникалық ауруханада донорлар үшін акция ұйымдастырылды

Бүгін Орталық клиникалық ауруханада донорлар үшін акция ұйымдастырылды.
Акцияғы аурухана қызметкерлері қатысып, қан құю банкін толтырды.
Донор болу – өзге адамға екінші өмір сыйлаумен пара-пар.
Адам өмірін сақтап қалуға ниет білдіріп, өзінің қанын өзге біреуге сыйлаған донор-дәрігерлерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз!
Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.