ОКА МЕН ҚАЗҰМУ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ

ОКА МЕН ҚАЗҰМУ АРАСЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМ.

28.12.22 жылы, Алматы қаласындағы ОКА ынтымақтастық туралы кезекті меморандумға қол қойды. Бұл жолы аурухананың серіктесі – еліміздің жетекші жоғары оқу орны – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті. Меморандумға ОКА АҚ президенті Асхат Бралов пен ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов қол қойды. Қазақстанның басты медициналық оқу орны мен ОКА ұзақ уақыттан бері иық тіресе қатар жұмыс істеп келеді, бірақ бұл құжат білім беру жобаларының, денсаулық сақтау, маркетингілік және менеджерлік қызметтің дамуы үшін ғылыми, медициналық және ақпараттық қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететін болады. Меморандум оқу орнының ең үздік студенттері мен түлектерін ауруханаға жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, ал бұл олардың жетекші аурухана базасында барлық салаларда практикалық дағдыларды қолдануына, ОКА болашағы зор мамандарға ие болуына мүмкіндік ашады.

Әркім ұстана алатын дұрыс тамақтанудың он ережесі

Әркім ұстана алатын дұрыс тамақтанудың он ережесі.

1. Тек табиғи өнімдерді пайдаланыңыз.
Духовкада қыздырылып пісірілген ет дүкендегі шұжықтардан пайдалы.

2. Өңделген тағамдарды шектеңіз.
Бұл ақ нанның орнына тұтас дәнді нан, ал ақ күріштің орнына қоңыр түстісін жеген дұрыс дегенді білдіреді.

3. Жемістер мен көкөністерді күнделікті жеген дұрыс.
Күніне 300 грамнан кем емес жаңа піскен жеміс пен көкөніс жеуге тырысыңыз.

4. Нәруызды тағамды көбірек жеңіз. Біріншіден, ол ұзақ уақыт тойымдылықты сезінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, баға жетпес амин қышқылдарына бай.

5. Әр түрлі өсімдік майын пайдаланыңыз.
Егер ас үйде әр түрлі майдың 4-5 бөтелкесі тұрса, бұл өте жақсы.

6. Күн тәртібін ұстаныңыз.
Күніне 3-4 рет тамақтануға тырысыңыз, өйткені 5 сағаттан астам үзіліс метаболизмді баяулатады және ағзаны энергияны үнемді жұмсауға икемдейді. Нәтижесінде денеде май қыртыстары жиналады.

7. Жылдам ыдырайтын көмірсуларды шектеңіз. Тәттілер мен тәтті тоқаштардан алынған қант қанға тез сіңеді және глюкоза деңгейін бірден жоғары көтереді әрі оның түсуі де сондай қарқынды болады. Қант деңгейінің мұндай күрт ауытқуы ағзаға теріс әсер етеді.

8. Тұзды абайлап қолданыңыз.
Қарапайым ас тұзын теңіз немесе гималай тұзымен ауыстырған дұрыс. Өйткені теңіз тұзында 90-ға дейін микроэлементтер бар.

9. Су ішіңіз.
Кофе мен шырындар суды ауыстыра алмайтынын есте ұстаңыз.

10. Тамақты дұрыс дайындаңыз.
Жылумен барынша аз өңдеу – тағамның тұтастай құрылымын сақтаудың кепілі.
Кейде өзіңізге шұжық сэндвичін немесе тәтті тоқаш жеуге ерік беру – қылмыс емес.

Ең бастысы – мұндай мәзір күнделікті рационға айналмағаны дұрыс.

СОВМИНДЕ ЖЕТЕКШІ КАРДИОХИРУРГТАРДАН ШЕБЕРЛІК СЫНЫПКӨРСЕТІЛЕДІ

«ОКА» АҚ бұрыннан өзін отандық медициналық ғылымның бастаушысы ретінде көрсетті. Бір жылда аурухана базасында ондаған алдыңғы қатарлы конференциялар, воркшоптар, шеберлік сыныптар өткізіледі. Осы демалыста «Жүректің биологиялық қақпақшаларын импланттау» өзекті тақырып бойынша кардиохирургтардың кезекті шеберлік сыныбы өткізіледі. Мұндай операциялар бүгінде ескішілдікке негізделген, оларды қолқасы тар пациенттерге жасайды. Бұзылыстар әдетте жасына байланысты ең ірі артериялардың бүлінуімен байланысты болады. Алайда медицина үнемі даму үстінде, дәрігерлер жаңа емдеу әдісін іздеуде, заманауи техника мен бұйымдарды пайдаланады, одан кейін оқыту және тәжірибе алмасу қажет.

– Біз биологиялық қақпақша мен вет-лабты орнату бойынша бейне көрсетумен бір операция жасаймыз – бұл муляждарға жасайтын жаттықтырушының медициналық тәжірибесі, біздің жағдайда операция шошқаның жүрегіне жасалады, себебі ол адамның жүрегіне өте ұқсас келеді және оны жаттықтыруда пайдаланады. Осындай кездесулер олардың кәсібилігін арттыру үшін барлық хирургтар, кардиохирургтарға жүргізіледі, – деді кардиолог Ален Қуанышбеков.

Шеберлік сыныпты СОВМИННІҢ хирургия жөніндегі вице-президенті, денсаулық сақтау магистрі  – Данияр Аманғалиев ашады, проффессор, қанайналымы потологиясы институтының директоры Александр Богачев-Прокофьев және жүрек кемістігі зертханасының аға ғылыми қызметкері Александр Стасев дәріс оқиды.

Шеберлік сыныпқа Алматының барлық клиникаларынан дәрігерлер шақыртылды.

Лапароскопия аз жарақаттайтын оперативтік араласуға жатады

Лапароскопия аз жарақаттайтын оперативтік араласуға жатады, себебі үлкен тілік жасалмайды, сондықтан тіндердің және адам органдарының қалпына келу мерзімі қысқарады. Алайда әрбір операциядан кейін қалпына келу қажет.

Операциядан кейін бір ай ішінде ағзаның қызметтері мен жалпы жағдайы қалпына келе бастайды. Дәрігерлік ұсынымдарды мұқият сақтау толық сауығып кету кепілі болып табылады. Оңалтудың негізгі бағыттары – физикалық жүктеме режимін, диетаны, дәрі-дәрмектік емді сақтау және жараға күтім жасау.

✔️ Операциядан кейін 4-6 сағатта пациент орнынан тұра алады. Кереуеттен біртіндеп тұру қажет, алдымен біраз уақыт отырып, егер әлсіздік болмаса және басы айналмаса тұруға және жүруге болады. Бірінші рет медицина қызметкерлері бар кезде тұру ұсынылады;
✔️ Операциядан кейін келесі күні пациентке стационарда емін-еркін жүруге, сұйық тамақ: айран, сұлы жармасын, диеталық сорпа ішуге болады және әрі қарай әдеттегі сұйық тамақ ішу режиміне көше алады;
✔️ Оперативтік араласудан кейін алғашқы 7 тәулікте диета сақтау қажет;
✔️ Арқамен жату ұсынылады. Көңіл-күйі жақсы болса, тігісі ауырмаса және дренажды түтік салынбаса, онда бір қырынан жатуға болады. Ал ішімен жатуға болмайды.
Лапароскопиялық операциядан кейін1айға дейін диета сақтау талап етіледі.
Ауыр тағамдарды жеуге болмайды.

Мына тағамдарды алып тастау ұсынылады:
❗Майлы, ащы, көп мөлшерде өсімдік, сары майда қуырылған тағамдар.
❗Маринадталған, кептірілген тағамдар, консервілер;
❗ Майлы ет, шошқа майы;
❗ Іштің кебуін туғызатын жаңа әзірленген сары майлы қамыр, кондитерлік бұйымдар, кәмпиттер;
❗Ішімдік.

✅ Күніне 4-6 рет тұрақты тамақтану ұсынылады. Жаңа тағамды рационға біртіндеп қосқан дұрыс, операциядан соң 1 айдан кейін дәрігердің ұсынуымен диеталық шектеулер алынып тасталуы мүмкін.

Денсаулық тілейміз, емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын жасауға тырысыңыз.

Сұрақтарға дәрігер-гинеколог – Элеонора Омиралиевна жауап береді

Етеккір циклі дегеніміз не?
Етеккір циклі – әйелдің репродуктивті жүйесі органдарындағы циклдік өзгерістер .
Етеккір циклінде фолликулдық кезең (ұрықтың пісіп-жетілуі), ұрықтану кезеңі (ұрықтану), лютеиндік кезең (сары дене) және етеккір болып бөлінеді.
Циклдің ұзақтығы деген не?
Циклдің ұзақтығы – бұл, етеккір циклі кезіндегі күндер саны.
Етеккірдің бірінші күні циклдің басталғанын білдіреді. Ал етеккір циклінің соңғы күні келесі етеккірдің басталуының алдындағы соңғы күн болып есептеледі.
Етеккір циклі орташа алғанда қанша уақытқа созылады?
Орташа етеккір циклі 28 күнге созылады, бірақ нормалары әр түрлі: ересектерде 21-35 күн және 12-15 жасар жасөспірімдерде 21-45 күн. Орташа алғанда әйелдерде етеккір 3-5 күн жүреді, бірақ нормасы 2- 7 күн аралығында болуы мүмкін.
Қандай белгілерде дәрігерге көріну қажет?
— Егер етеккір циклі, етеккірдің ұзақтығы өзгерсе, сұйықтықтың көп бөлінуі, етеккір келген кезде ауырсынудың пайда болуы жағдайында, дәрігерге көріну қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, ушықпай тұрғанда, тезірек тексерілу қажет, соза беруге болмайды.
Дәрігерге осы телефон арқылы жазыла аласыз +7 727 261 04 50.
Біздің мекенжайымыз: Алматы қ., Шевченко к-сі, 59.

Ститчинг (Біріктіру)

Ститчинг (Біріктіру)
Рентгенографияда біріктіру дегеніміз не?
Бұл бірнеше түсірімдерді өңдеу және оны бір кескінге біріктіру
Біріктіру омыртқаны және аяқтарды барлық ұзына бойына зерттеу кезінде қолданылады.
Рентген аппаратта түрегеліп тұрған күйінде жасалады.
Жүйе зерттеуден кейін алынған кескіндемені автоматты түрде өңдейді, одан кейін мониторда көрінетін бір кескіндеме жасай отырып, оларды біріктіреді.
Пациентті сканерлеу кезінде қамтылатын зерттеу аймағының биіктігі мен ені бекітілген кескіндемелер сериясынан рентгендік кескіндемені автоматты түрде қайта құрылымдау жүреді.
Кескіндеме барлық бастапқы деректердің сақталуымен қайта құрылымдалады және оны мониторда қарауға, өңдеуге, басып шығаруға болады.
Сәулелік жүктеме осы зерттеу аймағын цифрлық рентгенге түсіру кезіндегіден аспайды.
Көрсетілімдер:
* Омыртқаны және аяқтарды ұзына бойына зерттеу.
* Жүктемемен түрегеліп тұрған күйінде функционалдық сынамалар алу.
* Сүйек-тамыр жүйесінің дегенеративтік-дистрофиялық аурулары.
* Ортопедияда, неврологияда омыртқа бағанасының сколиоздық қисаюы.
* ортопедияда аяқтың біліктік қисаюы.
* операция алдындағы жоспарлау және орындалған оперативтік араласуды операциядан кейін бақылау.
* Сүйек-буын жүйесі дамуының туа біткен ауытқушылықтарын диагностикалау.
Қарсы көрсетілімдері:
* Зерттеу жүргізу кезінде құлау қаупі бар, себебі зерттеу түрегеліп тұрғында жүргізіледі

Алматыда нейрохургия әлеміндегі ірі оқиға

Алматыда нейрохургия әлеміндегі ірі оқиға – эндоваскулярлық стратегия тандеміндегі анастомоздарды емдеу бойынша «Үшінші NEUROADDICTS курсы» микрохирургия саласы бойынша шеберлік сыныбы және «Жетінші халықаралық дискуссиялық нейрокурс: неврологиялық сессия» өткізілді. Әлемнің 15 елінен келген жетекші нейрохирургтар өз саласының соңғы жетістіктерін талқылады, бұдан басқа олар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп Орталық клиникалық аурухана базасында онлайн режимде ми тамырларының аневризмасын алып тастау және стеноздарды емдеу бойынша 7 күрделі операция жасады.

Курсты ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы, «Қазнейро» тамырлық және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Neuroaddicts» қоғамы және Еуропалық аз инвазивті неврологиялық терапия қоғамы ұйымдастырды.

Нейрохирургия – күрделі мамандықтардың бірі, өйткені операцияларды бүкіл ағзаны басқаратын басты «процессорға» жасайды. Дәрігерлер компьютерлік және магниттік томографтар, микроскоптар, шамадан тыс дәлдіктегі берілістер, анықтау жүйелері сияқты ең алдыңғы қатарлы технологияларды және техниканы қолданады, олар тіпті құрсақтың ішінде операция жасауды да үйренген.

-Бұдан 20 жыл бұрын қазіргі міндеттерді орындай аламыз деген ой бізге тіпті келмеген, сондықтан да келесі 20 жылда нейрохирургтар не істей алатынын ойлаудың өзі қиын. Біз әлі біртіндеп, мысалы, адам миын алмастыру немесе чип салу сияқты аса микроскопиялық операциялар жасауға да келеміз, – деп өз ойымен бөлісті Германиядағы Рене Чарот госпиталінің радиология профессоры Альфред Крупп, – сонымен бірге біз үшін Алматыда өткізілетін осындай конференциялар өте маңызды. Сондай-ақ, қазақстандық нейрохирургтардың деңгейін атап айтқым келеді, олардың әдістері, шешімдері біздің практикамыз үшін қызықты болып табылады.

– Нейрохирургия саласының алғашқы қарлығаштары француз , американдық және неміс дәрігерлері болған және солай болып қала бермек және де осы елдерден профессорлардың өз тәжірибесімен бөлісуге бізге келуі аса маңызды, – деп өз ойын білдірді ҚР ПІБ МО ОКА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев, – Қазақстан әлемнің жетекші клиникаларынан қалыспай келеді, біздің клиникамыздың нейрохирургия орталығының басшысы Мынжылкы Бердиходжаевты басқа елдерге осындай конференцияларға үнемі шақырады, онда ол баяндамалар жасайды, бұл дегеніміз біздің әдістемелеріміз маңызды және бізге құлақ асады дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, нейрохирургтарға таласатын ештеңе жоқ, бәріміздің мақсатымыз – адамдарға көмектесу. Қазіргі таңда инсульт бүкіл әлемде ең өзекті мәселе болып тұр, әрбір он күн сайын Қазақстанда 40 мыңға жуық адам соны басынан кешіруде және олардың 10%, өкінішке орай, қайтыс болуда. Сондықтан нейрохирургтардың бірініші кезектегі міндеті – инсультті болдырмау, жүз пайыз емдеуге қол жеткізу.

– Ең алдымен, біз операциялар жұрттың бәріне қолжетімді және қазіргіге қарағанда арзандау болуына қолжеткізуіміз керек деп ойлаймын, әйтсе де нейрохирургия — қазір өте қымбат тұратын сала болып отыр, – деп хабарлады Гамбург университеті медициналық орталығының иагностика және интервенциялық нейрохирургия департаментінің директоры Джейнс Фихлер, – Біздің жұмысымыз радиациялық тұрғыдан да қауіпті және де операциялар дәрігерлердің өзі үшін де қауіпсіз болуына ұмтылуымыз қажет. Нейрохирургтардың арасында әйелдердің де келуіне қуанамын, олар да бұл салаға өз үлестерін қосады деп ойлаймын.

Конференцияға 250 дәрігер офлайн режимінде және 800 аса дәрігер онлайн режимінде қатысты. Мұндай іс-шаралар Қазақстанда 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және осындай дәстүрдің жалғасын тауып келе жатқаны маңызды.
Нейрокурс аясында 7 күрделі операция жасалды, емдеудің жаңа әдістері енгізілді. Енді ең жаңа технологиялар қазақстандық пациент тер үшін қолжетімді болмақ.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға осы конференциядағы белсенді де жемісті жұмыстары үшін алғысын білдіреді және барлығының 2023 жылы тағы да осындай іс-шаралардан табылуын күтеді.

Алматы қаласында СОВМИНДЕ бүкіл әлем бойынша трансляцияланатын онлайн режимде сирек операциялар жасалады

Әлемнің 15 елінен келген жетекші нейрохирургтар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп күрделі операцияларды ОКА базасында онлайн режимде жүргізеді. 16 желтоқсанда Алматыда «Үшінші NEUROADDICTS курсы», эндоваскулярлық стратегиямен қатар анастомоздарды емдеу бойыншамикрохирургиялық шеберлік-сынып және «Жетінші халықаралық пікірталас нейрокурсы: неврологиялық сессия» ашылады. Отандық медицина үшін бұл бұрын-соңды болмаған оқиға, өйткені нейрохирургия данышпандары кездеседі және олардың күрделі саласының проблемаларын бірлесіп талқылап қана қоймай, сонымен қатар онлайн режимде ірі әлемдік клиникаларға трансляцияланатын операциялар жүргізеді. Курстардың ұйымдастырушылары ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы, «Қазнейро тамырлы және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Neuroaddicts» қоғамы және аз инвазивті неврологиялық емдеудің Еуропалық қоғамы болды.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс БасқармасыМедициналық орталығының басшысы Алексей Цой, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов және ОКА АҚ президенті Асхат Бралов ашады. АҚШ, Франция, Германия, Испания, Португалия және басқа да көптеген елдердің мамандары ми аневризмаларын, артериовеналық мальформация мен инсультті ұйымдастыру, диагностикалау және заманауи нейрохирургиялық емдеу мәселелерін талқылайды.  

Бұл маңызды оқиғаның СОВМИНДЕ өтуі кездейсоқ емес, дәл осы ауруханада жылына мыңнан астам операция жасайтын мықтынейрохирургиялық қызмет құрылды.

Біз үш тармақты жүйкені емдеуде көшбасшымыз, жылына осындай 100-ден астам операция жасаймыз. Сонымен қатар бұл ми қан тамырлары мен инсульт проблемаларын емдеу бойынша референтті орталық болып табылады. Сондықтан біздің шетелдік әріптестеріміз дәстүрлі түрде СОВМИНауруханасында кездеседі, бірақ біз алғаш рет жаппай кездесіп отырмыз, – деді ОКА нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіходжаев.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.