Көктайғақ кезінде қалай тайғанамау керек

Көктайғақ кезінде қалай тайғанамау керек.

Қыс келді, өкінішке орай, суықтың басталуымен көшеде жарақат алулар саны өсуде: бір жердің соғылуы, шығып кетуі және сынуы.
Құлап қалмау үшін не істеуге болады?

– Мұқият және абай болыңыз. Аяғыңыздың астына қараңыз;
– Егер жан-жағыңызға қарау керек болса –алдымен тоқтаңыз;
– Жай адымдап жүріңіз;
– Табаныңызды толық басыңыз;
– Көктайғақ кезінде биік өкшеден бас тартыңыз. Тіреуіштің көлемі үлкен болған сайын, жағдайыңыз да нық болады;
– Мұздың үстімен жүрген кезде қолыңызды қалтаңызға салмаңыз;
– Қосымша тіреу болатын нәрсені пайдалану тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, мысалы, резеңке қағылған жіңішке таяқты ұстап жүруге болады, резеңкенің беті жолмен ілінісіп, таймауға мүмкіндік береді.

Мұқият және абай болыңыз, сонда қыс тек жағымды әсерімен ғана есіңізде қалады.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.