Кардиологиялық орталық

Кардиологиялық орталық

Карибаев Кайрат Рахманиевич

Орталық басшысы

жоғары санатты дәрігер-кардиолог

доцент м.ғ.к

Кардиологиялық орталық

Сізді Орталық клиникалық аурухананың кардиологиялық орталығына шақырамыз.

Кардиологиялық орталық «2011-2015 жылдарға арналған ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы  Орталық клиникалық ауруханасын стратегиялық дамыту және жаңғырту бағдарламасына» сәйкес 2011 жылы құрылымын оңтайландыру және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға толық көлемде жоғары арнайы көмек көрсету мақсатында құрылған болатын. 

Орталық клиникалық аурухана практикасында кардиологтардың Еуропалық және Америкалық қоғамының соңғы Ұсыныстарына негізделген науқастарды диагностикалау мен емдеудің тек заманауи тәсілдері қолданылады. Біз практикамызда заманауи дәлелді базасы жоқ препараттарды қолданбаймыз.

Кардиологиялық орталық дәрігерлері ТМД, Еуропа, Азия және АҚШ-тың ең мықты клиникаларында оқып келген. Біздің кардиологиялық орталықтың жетекші мамандары – ҚР Сараптамалық Кеңесі бекіткен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының клиникалық хаттамаларының бірлескен авторлары және бірлескен әзірлеушілері болып табылады. Кардиологиялық бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа әрі тиімді тәсілдерін енгізу бойынша лекциялар және практикалық сабақтар аурухананың және Алматы қаласының жетекші ЕПМ қызметкерлерімен бірлесіп үнемі жүргізіліп тұрады. 

Кардиологиялық орталық қызметкерлері халықаралық және отандық конференцияларда баяндамалар жасайды.

Орталықта қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған бір орындық, екі орындық және үш орындық жайлы палаталар бар. Әр палатада санитарлық торап және душ қабылдайтын кабина бар. Пациенттерге төрт мезгіл диеталық тамақ беріледі.

Неге назар аудару керек!

Жүрек – бүкіл ағза бойынша қан айдауды қамтамасыз ету бойынша бұлшықет сорғысы болып табылатын адам ағзасындағы басты орган. Жүрек ауруының бірінші белгілері қашан пайда болады деп күтіп отырмау керек. Жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу мүмкіндігін азайту үшін жылына кем дегенде бір рет  кәсіби дәрігер-кардиологтың консультациясына келіп тұру керек.

Кардиологиядағы уақытылы диагностикалау жүрек ауруларының пайда болу қаупін 40 пайызға азайтады. Дәрігер-кардиологқа консультация және алдын алу мақсатында келу жүрек пен қан тамырлары патологиясын ерте кезеңінде анықтауға, өмір сүру салтын түзету жолымен әлде де уақытылы ем тағайындауға мүмкіндік береді, ал мұның өзі аурудың әрі қарай дамуы мен мүмкін болатын асқынуларының алдын алуға көмектеседі.

Дәрігер-кардиологтың қабылдауына қандай белгілер болған жағдайда баруға болады?

Егер Сізден мына белгілердің бірі табылса, онда дәрігер-кардиологтың қабылдауына баруды кешіктіруге болмайды:

Физикалық, ақыл-ой, эмоционалдық күш түскен жағдайдағы бас ауруы;

Жүрегі айну, есінен тану, бас айналу;

Баспалдақпен көтерілгенде немесе аз ғана физикалық күш түскенде ентікпе немесе жөтелдің пайда болуы;

Жүрген кезде кеудеге ауыр салмақтың түсуін сезіну;

Өте жиі ырғақты ұстама;

Жүректің шалыс соғуы;

Орталық басшысы:

Карибаев Кайрат Рахманиевич – СММУ құрметті профессоры, Доцент, м.ғ.к, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер-кардиолог, «ҚР Алтын дәрігері»

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.