Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі

Руденко Светлана Владимировна
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

«Нақты диагностика – дұрыс емдеу кепілі»

УДЗ ашып жазу кезінде қателердің болуына кім тап болды? Ондай жағдай қаншалықты жиі болады? Себебі УДЗ өте субъективті талдау… алайда, тура сол УДЗ-ның суретіне қарап әртүрлі дәрігерлер әртүрлі диагноздар қояды. Сондай-ақ УДЗ аппараты әртүрлі болуы мүмкін және түрлі рұқсат етілген қасиеттері болады: бір аппарат қымбатырақ және заманауи болғандықтан, суреті де басқаша болып шықты.

УДЗ нәтижелерін ашып жазудағы жіберілетін қателердің негізгі себептері:

– аппаратура сапасының нашарлығы;

– дәрігер біліктілігінің жеткіліксіздігі.

УДЗ-ны ашып жазуда қателерді қалайша болдырмауға болады?

Совминкада тексеруден өтуге шақырамыз!

Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі – Руденко Светлана Владимировна, органдар мен тіндерді зерттеудің барлық түрлерін егжей-тегжейлі жүргізуге мүмкіндік беретін, инновациялық операциялардың бүкіл жиынтығы бар, жапон және неміс өндірушілерінің премиум классты УДЗ аппараттарында зерттеу жүргізеді.

Совминка JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы – EQAS (АҚШ)
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

Светлана Владимировна: «Біздің міндетіміз қызмет ұсынудың ең қауіпсіз жағдайларын жасау, біз оны жылдан жылға арттырып келеміз. Міне, 90 жыл бойы біз адамдарды емдеп, мыңдаған өмірлерді құтқарудамыз. Қазақстан Республикасының азаматтарын емдеудегі бір ғасырлық тәжірибе медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасына кепілдік береді».

Совминкадағы зерттеулердің дұрыстығы әлемдегі жетекші клиникалардың зерттеу нәтижелерімен сәйкес келеді.

«Нақты диагностика дұрыс емдеу кепілі»

Ультрадыбыстық зерттеу ДЗ) – бұл пациенттің дайындалуын және айтарлықтай уақытын алмайтын зияны жоқ диагностикалау әдісі.

Орталық клиникалық аурухананың ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі премиум классты, заманауи аппараттармен жабдықталған: Toshiba -500, Siemens Acuson S2000, Toshiba Aplio XG, Toshiba Viamo.

Эластография – Toshiba Corporation заманауи әзірлемесі.

Elasto Q – малигнизация көрсеткішін есептей отырып, тін тығыздығының деңгейін есептеуге арналған бағдарлама (жасушалардың қатерлі зақымдануы).

Аталған әдістеме 85% дәлдікпен өсіндінің сипаты мен сапалық құрылымын көрсете алады. Әсіресе, сүт бездерінің эластографиясы. Егер ондай анықталса, бұл әдіс қатерсіз өсінділерді және оның мөлшерін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Toshiba Corporation инновациялық технологиясы – бауыр құрылымының эластографиялық диагностикалау саласындағы әзірлеме.

Бауыр эластографиясы (ASQ) – бауыр құрылымына сапалық және сандық талдау жасауға, сондай-ақ орган фиброзының дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ASQ бауыр тінінің өзгерістерін диагностиакалаудың ең нақты әрі ақпараттық әдісі болып табылады.

Бізде ірі және ұсақ буындардың ультрадыбыстық зерттеуінен өте аласыздар. Зерттеу шеміршек және байланыстырушы аппараттардың буын зақымдану дәрежесін көрсетеді.

Ауруханамызда тексеруден өтуге шақырамыз.

Бөлімше меңгерушісі:

Руденко Светлана Владимировна – жоғары санатты дәрігер

Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы ала аласыз:

8 (727) 261 04 50

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.