Медициналық қызметтер орталығы

Медициналық қызметтер орталығы

Түрлі аурулар кезінде дәрігерге баруды кейінге қалдыру қауіпті екендігі туралы көптеп оқыған шығарсыздар. Бұл шынымен де қауіпті. Көптеген анықтамалар, медициналық комиссиялар, жоспарлы қарап-тексерулер… Оған көп адам жазылса? Белгіленген күнге дейін құжаттар дайын болу қажет болса ше? Онда екі күн тіпті бір апта бұрын жазылу қажет.

Емханада қалай қаралуға болады? Бала кезден дәрігерге 15 минут кіріп-шығу үшін тіркеу орнында ұзақ уақыт бойы күтуге үйреніп қалғандар үшін бұл мәселе күрделі әрі шешілмейтін болып көрінеді, осыған байланысты ешқашан емханаға келгісі де келмейді.

Алайда, барлығы да әлдеқайда оңайырақ. Совминка емханасында дәрігердің қабылдауына жазылудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі – дәстүрлі – тіркеу орнында, екіншісі – қашықтықтан – телефон арқылы. Енді дәрігердің қабылдауына жазылу үшін емханаға таңғы сағат 6:00-да келудің қажеті жоқ. Себебі электрондық және телефон арқылы жазылуға болады, бұл тіркеу орнында кезектің болуына жол бермейді: келіп, жазылып, талон алуға болады, ал егер емханаға бірінші рет келіп тұрсаңыз, емханаға тіркелуге өтініш қалдырасыз, келесі рет дәрігердің қабылдауына қашықтықтан жазыла аласыз.

Неліктен бізді таңдайды?

  1. Совмиканың Медициналық қызметтер орталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.
  2. Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.
  3. Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы – EQAS (АҚШ)
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015
  1. Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

Емхана мамандарының тізбесі:

*терапевт

*кардиолог

*эндокринолог

*невропатолог

*уролог

*нейрохирург

*травматолог

*психолога

*психотерапевта

*гинеколог және т.б.

Мейірімді қызметкерлер әрқашан көмектесуге дайын, тіпті ең талғампаз пациенттің өзі көрсетілген қызметтерге қанағаттанады. Жоғары дәлдікті, технологиялық және заманауи медициналық жабдықтарды қолдану нақты диагностика жасауға және қажетті әрі нәтижелі ем жүргізуге мүмкіндік береді.

23 медицина мамандығы бойынша терапевтен бастап аясы тар барлық мамандарға дейін көрсетілетін консультациялардың кең спектры денсаулыққа байланысты туындаған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Мамандарымыз әрбір пациентке жекелей қызмет көрсетеді. Бөлімше құрылымында функционалдық диагностика, УДЗ-диагностика, дуоденальды зонттау, емшара және т.б. кабинеттері бар. Бөлімше жанында операция және байлап-таңу кабинеттері бар амбулаториялық орталық бар, онда толық көлемде амбулаториялық операциялар жасалады.

Біз денсаулығыңызды қорғаймыз!

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.