Медициналық туризм

Қымбатты қонақтар мен пациенттер!

Біз Сіздердің назарларыңызды «Орталық клиникалық аурухана» АҚ көрсететін медициналық қызметтерге сұраныстың өсуіне байланысты құрылған шетелдік пациенттер үшін үйлестіру бөліміне (маркетинг бөліміне) аударғымыз келеді.  

Біздің маркетинг бөлімі әлемнің әр түрлі елдерінен келген пациенттер үшін әкімшілік орталық болып табылады. Біздің мамандарымыз «ОКА» АҚ көрсететін медициналық қызметтер туралы толық ақпаратты ұсынуға және сіздің емделуіңізді ұйымдастыруға көмектесуге, әсіресе, медициналық құжаттарды аударуға, шетелдік медициналық туристерді қарсы алуға және жол көрсетуге дайын.   

Біз медициналық көмекке қажеттілік туралы әңгіме болғанда, сіздің және жақын адамдарыңыздың алаңдаушылығы мен қорқынышын жақсы түсінеміз. Біздің мақсатымыз –  Сізге және Сіздің отбасыңызға емдеу процесін мүмкіндігінше тыныш әрі ауыртпалықсыз жасау. Кәсіби мамандардың қолына түсетініңізге сенімді болуыңызға болады.  

Аса ізгі ниеттермен Сізге жақсы демалыс және тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз!  

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ маркетинг бөлімі телефондарының нөмірлері:

e – mail: sovminka@gmail.com

Резидент еместер үшін баға көрсеткіші  

Құрметті  пациенттер!

Тексеру/емдеудің соңғы сомасы клиниканың емдеуші дәрігерімен консультациядан кейін ұсынылады.  

Зерттеу бағдарламалары  

Көрнекі орындар  

Шымбұлақ

Шымбұлақ — Алматы маңындағы ІлеАлатауы шатқалының бөктерінде, атақты биік таулы «Медеу»  мұз айдынынан сәл биігірек орын тепкен қазақстандық танымал тау-шаңғылық курорты.  Шымбұлақ шатқалы Іле алатауы ұлттық паркі аумағында 2200-2500 м биіктікте орналасқан.

Медеу

Медеу— биік таудағы спорт кешені, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте Медеу шатқалында,  Қазақстанның «оңтүстік астанасы» – Алматыға жақын орналасқан, Шымбұлақ тау курортынан сәл төменде. «Медеу» жасанды мұз алаңының ең үлкен ауданы – 10,5 мың м2 , қысқы спорт түрлеріне арналған әлемдегі ең ірі биік таулы кешен. Республикалық дәрежедегі  қала құрылысы және сәулет өнерінің мемлекеттік ескерткіші болып табылады.    

Көктөбе

Көктөбе – Алматы қаласына тікелей жақын орналасқан тау.  Биіктігі   — теңіз деңгейінен 1130 м.

Көктөбеге жалғыз аяқ бұраңдаған  автомобиль жолымен де, «арқанжолмен» де көтерілуге болады.  Арқанжол 1967 жылы салынған. Арқанжолдың ұзындығы 1 727 м құрайды, жолға кететін уақыт  — 6 минут, осы уақыт ішінде қала өмірін бақылауға болады.  Төмен қарасаң, жеке үйлер жасыл бақтарға көмкерілген, одан әрі қаланың аспанмен таласқан биік үйлері шетсіз-шексіз созылып жатыр. Жоғарғы   станция «Көктөбе» паркі аумағында орналасқан.  

Алматының Вознесендік Кафедралы соборы 

Вознесендік собор  Астаналық және   Алматылық   епархиялардың  Русь   православиелік шіркеуінің 2 Кафедралы собор храмдарының бірі.   Алматыда 28  гвардияшы-панфиловшылар паркі аумағында орналасқан.   Биіктігі 54 метр болатын әлемнің ең биік ағаш шіркеулерінің бірі; сейсмикалық берік имарат үлгісі. Қазақстанның республикалық дәрежедегі  тарихи және  мәдени  ескерткіштерінің тізіміне енген.   

  Алматы орталық мешіті

Алматы қаласының орталық мешіті — Алматының және Қазақстанның ең ірі мешіттерінің бірі. Орталық мешіт 1890 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ескі Татар мешітінің орнына салынған. Мешіттің іргетасы 1993 жылы құйылған, алайда құрылысы тек 1999 жылы аяқталды.   

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет  театры  

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театры  (1934—1992 жж. — Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Ленин орденді Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театры)  — Алматы қаласындағы опера және балет  театры, Қазақстанның жетекші опера театрларының бірі.  

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театрының – ҚМАОБТ ғимараты –  Алматы қаласының ең танымал көрнекі жерлерінің бірі болып табылады.   Заманауи ҚМАОБТ – Еуразиялық кеңістіктегі ең ірі театрлардың бірі.  Ең атақты сахна шеберлері ҚМАОБТ шығармашылық тобына кіреді.  Концерттік залына  793 көрермен орны сыяды.  

«Арасан»  (қазақшадан аударғанда   — жылы бұлақ) —   Алматыдағы сауықтыру кешені.

  1935 жылғы Гоголь көшесіндегі моншаның орнына 1979-1982 жылдары сәулетшілер мен конструкторлар тобының басшылығымен салынған. «Арасан» кешеніне шығыс, орыс және фин моншалары, су емханасы, душ павильоны, балалар бөлімшесі кіреді.  Жоба бойынша күніне 2,5 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген. Имарат көлемі 100 мың  м³ жуық.

1984 жылғы 26 қаңтарда  сауықтыру кешені Алматының жергілікті дәрежедегі тарихи және  мәдени   ескерткіштерінің   мемлекеттік тізіміне енді.  

Үлкен Алматы көлі   

Үлкен Алматы көлі   — биік таулы су тоғаны, Іле Алатауында теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте Алматының оңтүстік шетінен 15 км жерде орналасқан.

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы— Қазақстандағы Шарын өзенінің бойында 154 км созылып жатқан шатқал.  Шатқал  Алматының шығысынан 195 км жерде, Қытаймен шекарадан алыс емес орналасқан.  Шатқал 2004 жылы 23 ақпанда құрылған Шарын ұлттық паркінің аумағына кіреді.  

Шарын шатқалы — жасы 12 миллион жылға жуық мерзімді құрайтын шөгінді жыныстан тұратын табиғат ескерткіші. Шатқалдың тік жартасының биіктігі 150-300 метрге жетеді.

Туристер үшін аса қызықты орын Қамалдар аңғары деп аталады, ұзындығы 2 км жуық, ені 20-80 м болады.   

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 88 Қаулысына сәйкес құрылған. Қазақстанның Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан.   

Парк аумағында Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі бар.  

Қонақүйлер

«Қазақстан» қонақүйі

Қонақүй туристер үшін де, іскер адамдар үшін де үнемді тұру үшін таптырмайтын орын болып табылады.   Қонақүй жайлылық пен қызметтердің мол таңдауын ұсынады, олардың ішінде сейф және сұлулық салоны бар, оның нөмірлерінен Алматы көрініп тұрады.  

Бұл әдемі қонақүй өзінің тұрғындарына валюта ауыстыру, массаж және жүк сақтау камералары сияқты қызметтер ұсынуға дайын. Іскер адамдар үшін семинарлар өткізетін залдар және 24-сағаттық бизнес-орталық  қызмет көрсетеді.   

  «Алматы» қонақүйі 

«Алматы» қонақүйі Алматы қаласының ортасында орналасқан. Қонақтарға мейрамхана, сауна және массаж кабинеті қызмет көрсетеді. Тіркеу үстелшесі тәулік бойы жұмыс істейді.  Тегін Wi-Fi беріледі.

  «Достық» қонақүйі

  «Достық» қонақүйі 5 жұлдызды санаттағы ең алғашқы ұлттық брендтегі қонақүй болып табылады. Қаланың жүрегінде орналасқан атақты қонақүй ескі Алматының рухын өзіне сақтап тұрады. Заңмен күзетілетін сәулет ескерткіші бола тұра, қонақүй жайлылықтың, тыныштықтың және қазіргі заманғы адам өмірінің ажырамас бөлігі болып кеткен ең жаңа тенденциялар мен технологиялары бар байсалды атмосфераның үйлесімін тапқан.  

Қонақүй Қазақстанның ең ірі мегаполисі – Алматының тарихи орталығында орналасқан, көп елдердің консулдығына, Опера және балет театрына, Драма театры мен Ғылым академиясына дейін бірнеше минут жаяу сергуге мүмкіндік береді, жанында ірі сауда-сауық орталықтары, керемет мейрамханалар мен жайлы кафелер бар, «Абай» метросы қол созым жерде орналасқан. Алматының ең тамаша көрнекі жерлерінің бірі «Көктөбе» тауына апаратын станция да қонақүйден  бір-екі қадамдық жерде ғана.  

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.