II терапия бөлімшесі

Біз өзіміздің қартайған ата-анамызды жақсы көреміз және оларға жақсылық тілейміз. Мынадай жағдайларда олардың денсаулығын ерекше қадағалап, қамқорлық білдіруіміз қажет:

– қан қысымының ауытқуы;

– жүрек-қан тамыры жүйесінің патологиясы;

– артериялық гипертензия;

– бронх-өкпе аурулары

Аға буынға махаббат пен қамқорлық көрсете отырып, белсенді ұзақ өмір сүруін ұзартуда СовМин ауруханасы 2-терапия бөлімшесінің дәрігерлері пациенттерінің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді.

Сіздерге Еуропа профессорларымен телеконсультация мүмкіндігі ұсынылады.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай Ресей) үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.

2-терапия бөлімшесінің меңгерушісі – Мартынова Алена Викторовна. 

«Ата-аналарыңызға қамқор болыңыздар – өмірлері ұзақ болсын! Себебі ата-анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды!».

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.