ЛОР бөлімшесі

лор
Аманғалиев Алмас Бисұлтанұлы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-оториноларинголог
м.ғ.к

  ЛОР бөлімшесі

Ангина, тұмау, синусит, құлақтың қабынуы және тыныс алу жүйелерінің көптеген аурулары суық тиюге ұқсас болып келеді. Сол үшін көптеген пациенттер ауруының мәнін түсінбейді. Алайда бұл симптомдардың артында күрделі аурулар тұруы мүмкін. Егер бұл  аурулар Сізді мазаласа не істейсіз?

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның отоларингология бөлімшесі мұрынға, құлаққа, тамаққа функционалдық хирургия қызметін көрсетеді, JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес өз пациенттерінң қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Бөлімше дәрігерлері  – бұл тұрақты негізде кәсіби білімдерін арттырып отыратын отоларингологиялық ауруларды емдеуде әлемдік жаңа емдеу әдістерін қолданатын жоғары білікті  және сертификатталған мамандар. Ал ұқыпты және қамқор бөлімше қызметкерлері жылдам жазылуға жағымды жағдай жасайды.

Назальды патологиясы бар пациенттерді емдеуде дәке тампондар қолданылмайды. Операция емдеуге жатқызылған күні жүргізіледі, тыныс алуды қалпына келтіру бірден операциядан кейін жүргізіледі, бұл стационарда болу уақытын 2 тәулікке дейін қысқартады.

Стационарға емдеуге жатқызу екі түрлі жолмен: ақылы және портал бойынша жүргізіледі ( «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде).

Операциялар тізбесі:

  • мұрын далдасына, мұрын қалқаны мен мұрын қуысына (F.E.S.S.) барлық операциялар эндоскопиялық аз инвазивті қолжетімділіпен жүргізіледі.
  • мұрын жылауығын, полиптерді, қатерсіз өскіндерді алып тастау операциялары
  • көмей жұтқыншаққа операциялар: тонзиллэктомия, көмей-жұтқыншақтағы қатерсіз өскіндер (эндоскопиялық тәсілмен).
  • естуді жақсартатыноперациялар (тимпанопластика).

«Біз әдемі де шулы әлемді сезінуге және естуге көмектесеміз»

Бөлімше меңгерушісі:

Амангалиев Алмас Бисултанович – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-оториноларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.