Гинекология бөлімшесі

Гинекология

Статистикаға сәйкес, әрбір екінші әйелдің гинекологиялық аурулары бар, әрбір бесінші әйелге онкологиялық патологияға диагностика жасалынады.

Әйел денсаулығы — ерекше тақырып: тіпті жеңіл желпі сырқаттың өзі нәзік жандылардың мазасын қашырады. Әйелдер гинекологиялық аурулары туралы өзінің жақын адамдарына да жиі айтпайды, өкінішке қарай осындай немесе басқа да қорқынышты симптомдар байқалған кезде  дәрігерге баруды да кейінге қалдырады: ыңғайсыздық және  қорқынышты диагнозды естігісі келмейді. Қалай болғанда да таралған жыныстық аурулар алғашқы сатысында оңай емделеді.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ гинекология бөлімшесі JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес өз пациенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Диагностика және емдеу әдістері жапондар мен  немістердің  алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Гинекология бөлімшесі халыққа гинекологиялық ауруларды хирургиялық емдеуді, яғни дәстүрлі (қынап арқылы немесе лапаротомия жолымен), сондай-ақ эндовидиохирургиялық жолды ұсынады :

  • гистерэктомия;
  • бедеулікті емдеу;
  • жүктілікті сақтау;
  • әйелдердің жыныс органдары ақауының дамуы кезіндегі түзету операциялары;
  • аналық без қосалқысына операция (кистэктомия, туботомия, тубэктомия, аналық безді кесу);
  • органды сақтай отырып, жатыр миомасын емдеу– миомэктомия;
  • жатыр мойыны бөлігін сылып тастау;
  • жыныс органдарының төмен түсуі кезіндегі несепті ұстай алмауды хирургиялық түзету;
  • түрлі оқшаулау эндометриозы кезіндегі операцияның барлық түрлері;
  • диагностикалау және емдеу мақсатындағы гистероскопиялық араласушылық(субмукозды миоматозды түйіндерді алып тастау, жатырішілік аралықтарды кесу, синехияны бұзу, бөтен денені және полиптерді алып тастау, эндометрия).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Бөлімшеде барлық қажеттіліктермен жабдықталған 5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.). Қамқор және кішіпейіл қызметкерлер тез сауығып кетуге ықпал ететін жайлы жағдай жасайды.

Бөлімшенің жоғары білікті дәрігерлері әйелдердің жыныс органдарына жүргізілетін барлық операция түрлері, соның ішінде  аз жарақаттайтын және аз инвазивті операциялар тәсілін  меңгерген. Біздің дәрігерлер гинекологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістемесін үйрене және практикада қолдана отырып, кәсіби тәжірибесін тұрақты негізде арттырып отырады.

Стационарға емдеуге жатқызу екі түрлі жолмен: ақылы және портал бойынша жүргізіледі («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде).

Алиева Шолпан Уркендовна –гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-акушер-жоғары санатты гинеколог, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті. Отандық және шетелдік ғылыми практикалық медициналық журналдардағы бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.

«Әйелдердің күрделі мәселелерінің кәсіби, қарпайым шешімі»

Бөлімше меңгерушісі:

Алиева Шолпан Уркендовна — жоғары санатты дәрігер.

Бөлімше қызметкерлері:

Ибраев-Рысбеков Аскар Галымжанович — жоғары санатты дәрігер- акушер-гинеколог

Бексултанова Алма Кашиноровна — жоғары санатты дәрігер- акушер-гинеколог.

Кучкарова Феруза Ибрагимовна – жоғары санатты дәрігер- акушер-гинеколог.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.