Интервенциялық кардиология бөлімшесі

кардиология
Маханов Данияр Үндемесұлы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер

Жүрек-қан тамырларының аурулары (ЖҚА) дүниежүзіндегі өлім-жітім жағдайының басты себебі болып табылады, жыл сайын басқа ауруларға қарағанда, бұл аурудан көп адам қайтыс болады. Бағалау бойынша барлық өлім-жітім жағдайына қарағанда ЖҚА-дан қайтыс болу 31%-ды құрайды. Бұл өлім-жітім жағдайының 85%-ы жүрек ұстамасы мен инсульттің салдарынан болады.

Мүлдем білінбей өтетін көптеген жүрек-қан тамырлары аурулары бар.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының орташа және жоғары қаупі бар немесе жекелеген қауіп-қатер факторлары: диабет, гипертония және гиперхолестеринемия сияқты аурулары бар тұлғаларда алғашқы миокард инфаркті және инсульттің болуының алдын алу үшін біздің мамандарға жүгінуді ұсынамыз.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның интервенциялық кардиология бөлімшесі JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, жыбырлақ аритмияны, пароксизмальды тахикардияны және экстрасистолияны емдеуге көмектеседі.

Түрлі КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Пациенттер бес жұлдызды қонақүй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады.

Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.

Стационарға емдеуге жатқызу екі ағым бойынша: ақылы негізде және портал бойынша (хирургиялық емдеуге арналған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) іске асырылады.

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

Интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі –  Маханов Данияр Индемесович, біліктілігі жоғары санатты дәрігер-кардиолог. Дәрігерлік жұмыс тәжірибесі 16 жыл, 1999 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірді.

Бөлімше жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жоспарлы және шұғыл көмек көрсетеді. Коронарлық патология, аритмология, эндоваскулярлық хирургия, тамырлы хирургиядағы операциялық араласулардың көптеген бейіндері бар.

Серіктестік келісімдердің нәтижесінде біз әрқашан шетелдік әріптестерден, әлемдік клиникалардың кардиология мамандарынан консультация ала аламыз.

Біз диагностика мен емдеудің заманауи және аз инвазивті әдістерін көрсетеміз:

  • Селективті коронароангиография;
  • Коронарлық аретрияларды стенттеу;
  • Вентрикулография;
  • Шунтография;
  • Аортография;
  • Жүрек қуысын катетерлеу;
  • 1 камералы электрокардиостимуляторды импланттау;
  • 2 камералы электрокардиостимуляторды импланттау;
  • 3 камералы электрокардиостимуляторды импланттау (қайта синхрондалатын);
  • Кардиовертер-дефибрилляторларды импланттау (КДИ);
  • Уақытша кардиостимулятор орнату;
  • Бүйрек тамырларының ангиографиясы және оларды стенттеу (тамырлық-бүйректік гипертензия);
  • Ангиография, баллонды ангиопластика, аяқ тамырларын стенттеу;
  • Стенттеуі бар мойын тамырларының ангиографиясы;
  • Жатыр артерияларын эмболиялау;
  • Простата артериясын эмболиялау;
  • Ұзақ қолданылатын көктамыр катетерлерін орнату (гемодиализ, химиотерапия, ұзақ уақыт бойғы антибактериальды терапияға арналған);
  • Кеуде және құрсақ аортасының аневризмаларын эндоваскулярлық емдеу (стент-графт орнату).

«Тамырдың сау болуы – ұзақ өмір сүру кепілі»

Бөлімше меңгерушісі:

Маханов Данияр Индемесович – бірінші біліктілік санаты бар дәрігер-кардиолог.

Бөлімше қызметкерлері:

Ержанов Самат Толеуханович – ангиохирург, екінші санатты дәрігер.

Майдыров Ердан Салаватович – екінші санатты дәрігер-кардиолог.

Толемисов Ануар Жапарович – екінші санатты дәрігер-рентгенхирург.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.