Нейрохирургия бөлімшесі

 

Нейрохирургия
Бердіходжаев Мынжылқы Сайлауұлы – жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.

   Нейрохирургия 

Ми және омыртқа жарақаттары, ісіктері анатомиялық жағынан алғанда күрделі жерде орналасқан зақымданулар тобына жатады. Ондай зақымдануларды емдеу дәрігерлер үшін аса қиын және олар мәселені шешіп қана қоймай, ағзамыздың анатомиясы мен функциялық бөліктерін сақтап қалуды талап етеді. Осыған орай, хирургиялық дағдылар мен озық технологиялар емдеудегі оңды нәтиженің кепілі болып табылады.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-да миға және жұлынға нейроэндоваскулярлық араласулар, жіті инсультке эндоваскулярлық нейрохирургия жасалады, ауырсыну синдромына интервенциялық ем жүргізіледі – үш тармақты невралгия және арқаның ауруы кезінде радиожиілікті абляция, миға және жұлынға микрохирургиялық араласулар, мидың созылмалы ишемиясы кезінде операциялар, омыртқа дискілерінің жарықтары кезінде эндоскопиялық хирургиясы жасалады.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның нейрохирургия орталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әртүрлі нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің әдістері жетекші жапон, неміс, америкалық және корей өндірушілерінің PREMIUM классты жабдықтарында жасалады.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.

Көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігерлер кәсіби деңгейде барлық қажетті медициналық емшараларды жасайды.

Бөлімше қызметкерлері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Нейрохирургия бөлімшесі оқыту шеберлік-сыныптары мен халықаралық конференцияларды үздіксіз өткізіп тұрады.

Бөлімше жақын және алыс шетелдегі клиникалардың жетекші нейрохирургтарымен ынтымақтастық жасап тұрады, бірлескен консилиумдар, қажет болған жағдайда клиникамызда бірлескен емдеу жүргізіп тұрады.

Пациенттер бес жұлдызды қонақүй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы палаталарға орналастырылады.

Стационарға емдеуге жатқызу екі ағым бойынша: ақылы негізде және портал бойынша (хирургиялық емдеуге арналған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) іске асырылады.

Жасалатын операциялар тізімі:

 Нейроэндоваскулярлық операциялар:

Эндоваскулярлық эмболизация – ми тамырларының аневризмасы; Ми тамырларының артериовенозды мальформациясы; ми тамырларының артериовенозды фистуласы; күретамыр-каверналы сағалар қосылысы.

Торлы тамырлардың эндоваскулярлық эмболизациясы – мұрыннан қан ағу (мұрынды тампондаудың тиімсіздігі кезінде).

Эндоваскулярлық стенттеу – мойын және ми тамырларының стенозы және окклюзиясы.

Эндоваскулярлық механикалық тромбоэкстракция, тромбэктомия -ишемиялық инсульт (белгілердің басталуынан бастап 0-6 сағат).

Диагностикалық селективті церебральды ангиография

Микронейрохирургиялық операциялар:

Экстра-интракраниальды ұсақ тамырлы анастомоз – ми тамырларының окклюзиясы (бітелуі); Моя-моя ауруы; Мидың созылмалы ишемиясы.

Ісікті микрохирургиялық алып тастау – жұлын және ми ісіктері.

Микроваскулярлық декомпрессия – нейроваскулярлы қақтығыстар: Гемифасциальды түйілу (бет және мойын бұлшықеттерінің тартуы, құрысуы); Үш тармақты жүйке невралгиясы (беттің айқындалған ауырсынуы); Тіл-жұтқыншақ невралгиясы.

Омыртқаның дегенеративті аурулары кезінде жасалатын операциялар (остеохондроз):

Омыртқааралық дискілердегі жарықтарды микроскопиялық және эндоскопиялық алып тастау.

Вертебропластика – омыртқаның жаншылып сынуы; остеопорозды сынық; омыртқа гемангиомасы.

Омыртқа өзегінің декомпрессиясы; Металлоконструкцияларды тұрақтандыру –  омыртқа өзегінің тарылуы; омыртқа жотасының тұрақсыздығы; омыртқаның жылжуы және листезі.

Селективті блокадалар – созылмалы және жіті ауырсыну кезінде: Созылмалы арқа ауруы; Сегізкөз-мықын жүйесінің, күрделі буындардың (күрделі синдром, күрделі буындар синдромы) ауырсыну синдромы; желке невралгиясы (желке жүйкесінің невралгиясы).

Радиожиілікті абляция, Радиожиілікті термокоагуляция, Радиожиілікті денервация  Үш тармақты невралгия; Созылмалы арқа ауруы; Сегізкөз-мықын жүйесінің, күрделі буындардың (күрделі синдром, күрделі буындар синдромы) ауырсыну синдромы; желке невралгиясы (желке жүйкесінің невралгиясы).

Бас сүйегінің декомпрессивті трепанациясы; Бас сүйек ішіндегі гематомаларды алып тастау (эпидуральды гематома; субдуральды гематома; миішілік гематома) – бас сүйек-ми жарақаты, орталық ми құрлымының дислокациясы және қозғалуы.

Бас сүйегінің кемістігіне сүйек цементпен немесе титан пластинамен пластика жасау – бас сүйек-ми жарақатының салдары, бас сүйегінің операциядан кейінгі ақауы.

Вентрикулоперитонеальды шунттау, бағдарламаланған шунттарды орнату – ми шемені, гидроцефалия.

Шеткі жүйкелердің микрохирургиялық операциялары:

Невролиз; шеткі жүйкелерді тігу – туннельдік синдром; жарақаттар мен шеткі жүйкелердің зақымдану салдары.

Бөлімше басшысы:

Бердиходжаев Мынжылкы Сайлауович – денсаулық сақтау магистрі, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург, «Қазақстан интервенциялық кардиологтар мен рентгенхирургтар қоғамының» вице-президенті.

Бөлімше меңгерушісі:

Саршаев Марат Амангалиевич — нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.

Бөлімше қызметкерлері:

Мусабеков Максат Габитович – жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.

Сулейманкулов Нуржан Абылович – бірінші санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.

Айнекова Саида Абдугаппарбековна – бірінші санатты дәрігер-невропатолог.

Суйембетов Даулет Шайкибекович – бірінші санатты дәрігер-нейрохирург, дәрігер-рентгенхирург.

Маханбетхан Шаяхмет Шореханұлы — дәрігер-нейрохирург.
Мирзахметов Махмут Муратович – дәрігер-невропатолог.

 

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.