Травматология және ортопедия бөлімшесі

 

Қаңқа-бұлшықеті жүйесінің аурулары (ірі және ұсақ буындар артрозы (коксартроз, гонартроз), асептикалық некроз, жамбас буындарының дисплазиясы, жарақаттар салдары, табанның деформациясы, «Hallux valgus») егде жастағы адамдарда да, жастарда да жиі кездеседі. ДДСҰ статистикасы: халықтың 80% тірек-қимыл аппараты ауруларымен, соның ішінде  көпшілігі: 30-50 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағылар екенін көрсетті.

Жарақаттар мен ортопедиялық аурулар 25% жағдайда мүгедектікке алып келеді.

Дер кезінде басталған қалпына келтіру емі бұзылған функцияларды  қалпына келтіруге және еңбекке қабілеттілікті қайтара алады. Тірек-қимыл аппаратын оңалту кешенді түрде жүргізілуі өте маңызды.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ травматология және ортопедия бөлімшесі жарақаттарды, сондай-ақ  тірек-қимыл аппараты ауруларын: ірі және ұсақ буындар артрозы (коксартроз, гонартроз), асептикалық некроз, жамбас буындарының дисплазиясы, жарақаттар салдары, табанның деформациясы, «Hallux valgus» және басқа да ауруларды емдеуге көмектеседі, өз пациенттерінің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.

Операциялар айналасындағы тіндерді аз жарақаттай отырып, асқынусыз жүргізіледі, операциядан кейінгі кезеңде алыс шетелден келген оңалту мамандарымен бірге қалпына келтіру емінің тиімді әдістері пайдаланылады.

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар  қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға  жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Стационарға емдеуге жатқызу ақылы негізде және  портал бойынша («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) жүзеге асырылады.

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай Ресей) үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.

Бөлімше меңгерушісі Мулдагалиев Сакен Жумаситович, біліктілігі жоғары санатты дәрігер-травматолог.

Бөлімшеде жарақат және тірек-қимыл  аппараты аурулары кезінде медициналық көмек көрсетіледі:

  • тексеру — клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық, компьютерлік томография, МРТ, цитологиялық, гистологиялық
  • сүйектердің сынуы мен буынішілік сынықтарды хирургиялық сапалы емдеу
  • тізе және жамбас буындарын эндопротездеу
  • менискілердің, крест тәрізді және бүйір сіңірлерінің зақымдалуы кезінде тізе буындарына артроскопиялық операциялар, абразивті хондропластика
  • аяқ-қол сынығын хирургиялық емдеу
  • табан Hallux valgus, табан деформациясы кезіндегі хирургиялық ем
  • буын артроздарының бастапқы сатысындағы консервативтік ем
  • созылмалы остеомиелитті хирургиялық емдеу
  • қол мен табанның ұсақ буындарын эндопротездеу.

 «Сіздің әдемі жүрісіңізбіздің еңбегіміз»

Бөлімше меңгерушісі:

Мулдагалиев Сакен Жумаситович — жоғары санатты дәрігер-травматолог-ортопед.

Травматология бөлімшесінің қызметкерлері:

Насибуллин Марат Анварович  –  м.ғ.к.  жоғары санатты дәрігер-травматолог-ортопед.

Шарипова Бахыт Халиловна —  жоғары санатты дәрігер-травматолог-ортопед.

Дауржан Айбек Дауржанович —  екінші санатты дәрігер-травматолог-ортопед.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.