Онкохирургия бөлімшесі

Эзофагэктомия, СОВМИН ауруханасы онкохирургия бөлімшесінде жасалатын өңештің бір бөлігін алып тастайтын өте күрделі операция. Ісікті күрделі кесу және өңештің қалдығын асқазанмен тігу аз инвазивті әдіспен эндоскоптың көмегі арқылы жүргізіледі. Қазақстанда осындай операцияны алғашқылардың бірі болып 2014 жылы «ОКА» АҚ онкохирургі жасады, бұдан бұрын 2013 жылы ол алғаш рет гастрэктомия жасаған, лапароскопиялық әдіспен асқазанның ісігін (обырын) алып тастады. Ғасырлар тоғысында дәрігерлер мұндай операциялар жасай алатын болса да , пациенттердің өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болды. Бүгінгі күні бұл пациенттің қысқа мерзімде қалпына келуіне мүмкіндік беретін әдеттегі операция. Айтпақшы, Қазақстан өңеш онкологиясының эндемиялық аймағы болып табылады. Естай Абзалбек бұл аурудың өте қызықты себептерін атады.
– Қазақстанда кептірілген және тұздалған ет көп тұтынылады, ал ДДҰ
мәліметтері бойынша мұндай өнімдер обырдың (соның ішінде өңеш обыры) қаупін арттыруы мүмкін, ыстық сұйықтықтар да өте қауіпті, ал біз шай, сорпа ішкенді ұнатамыз. Дәрігер ретінде Қазақстанда өте жиі кездесетін жатып тамақ ішуге болмайтынын айтамын, бұл дәстүр сфинктердің әлсіреуіне байланысты асқазанның ішіндегісі өңешке қайта келіп түскен кезде гастроэзофагельді рефлюкс ауруының даму қаупіне әкеледі. Әрине, экологияның да әсері бар.
Алдын алу шарасы ретінде дәрігер емханада жиі скринингтен өтуге кеңес береді, ал алғашқы белгілерде бұл көбінесе өңештен тамақтың өтпеуі, дәрігерлермен кеңесу керек.
Возможно, это изображение 1 человек, сидит, стоит, в помещении и текст
Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.