Күндізгі стационары бөлімшесі

2-3 аптаның орнына 1-2 күн. Күндізгі стационар басқа емханалар ұсынатын денсаулық сақтау бойынша көрсетілетін көптеген қызметтерді барынша жылдам алуға мүмкіндік береді. Күндізгі стационар тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін адамдарды емдеуге арналған.

Біз JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттеріміздің қауіпсіздігіне кепілдік береміз, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы – EQAS (АҚШ)
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015

Күндізгі стационар 3 ауысымда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Осыған байланысты пациенттер жұмыс күндері сағат: 08:00-ден 11:00-ге дейін; 12:00-ден 15:00-ге дейін; 16:00-ден 19:00-ге дейін өздеріне ыңғайлы уақытта емделуге келе алады. Бұл, әсіресе,  жұмыстан қол үзбей емделуді қажет ететін пациенттер үшін өте ыңғайлы.

Бөлімшеде мол жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігер-терапевтер жұмыс істейді. Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес ішкі органдарының аурулары бар пациенттерді диагностикалаймыз және емдейміз. Пациенттерді тиісті бейінді мамандардың тағайындаулары бойынша неврологиялық,  урологиялық, хирургиялық бейінде емдейміз.

Аурулар тізбесі:

  • жіті және созылмалы респираторлық аурулар: фарингит, синусит, тонзиллит, бронхит, пневмония, ӨСОА;
  • жүрек- қан тамыры жүйесінің аурулары: артериялық гипертензия; ЖИА, күштенудің тұрақты стенокардиясы; миокардит; ЦВА, ДЭП; аяқ артериясының атеросклерозы және т.б.;
  • сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары: омыртқа жотасының остеохондрозы; деформацияланған остеоартероз; реактивті артриттер; ревматологтың тағайындауы бойынша байланыстырушы тіннің жүйелік аурулары;
  • жүйке жүйесінің аурулары (неврологтың тағайындауы бойынша): невриттер, невралгия, энцефалопатия (резидуальды, жарақаттан кейінгі, тамырлы);
  • асқазан-ішек жолының аурулары: созылмалы панкреатиттің ұшығуы, созылмалы холецистит, созылмалы гастрит, асқазанның және аш ішектің ойық жарасы, стеатогепатит, энтероколит (ЖІИ басқа);
  • несеп-жыныс жүйесінің аурулары: урологтың тағайындауы бойынша – созылмалы пиелонефриттің ұшығуы; созылмалы циститтің ұшығуы; созылмалы простатиттің ұшығуы; гинекологтің тағайындауы бойынша – созылмалы аднекситтің ұшығуы;
  • аясы тар маманның тағайындауы бойынша эндокриндік аурулар: қант диабетінің асқынуын – диабеттік нейропатия, диабеттік ангиопатия, диабеттік нефропатияны емдеу және оның профилактикасы;

Сонымен қатар, тиісті мамандардың тағайындауы бойынша басқа да ауруларға: кохлеоневрит; глаукома; ретинопатия және т.б. консервативтік ем жүргізеді.

«Біз Сіздерге үйден және өндірістен қол үзбей, толық көлемде, жайлы ем қабылдауды ұсынмыз».

«Сіз ауруханада жатқыңыз келмей ме? Сідің жұмыстан немесе оқудан қолыңыз босамай ма? Сіз стационардан емделуге ұсыныстар алдыңыз ба? Енді қай жерде емделсем екен деп ойлайсыз ба? Бұл кедергі емес! Біз Сіздерге көмектесеміз».

+7 (727) 261 97 41 телефонына қоңырау шалыңыз, біз көмектесеміз!

Күндізгі стационар бөлімшесінің меңгерушісінің м.а.:

Лышавская Ольга Александровна – терапевт – дәрігері

 

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.