26 маусым – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні

26 маусым – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні

1987 жылы 26 маусымда Нашақорлық және есірткі бизесіне қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр баяндама жасады, ал БҰҰ Бас Ассамблеясы өз резолюциясында жыл сайын 26 маусымды есірткі құралдарын пайдалану және олардың заңсыз айналысына қарсы халықаралық күрес күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады (International Day Against Drug Abuse and Illicit Trafficking), Сонымен қатар, халықаралық қауымдастық нашақорлық жаһандық мәселе екенін және барлық әлем күшін біріктіруді қажет ететінін атап көрсетті.
Нашақорлық мәселесі – бұл қазіргі заманның аса күрделі де қиын мәселесі, бұл барлық әлем халқының денсаулығына қауіп туғызады, жаһандық қатер болып отыр. Әлемде есірткі құрбандары миллиондап саналады.
Галлюцинация әсері бар шөптерді пайдалану тарихы мыңдаған жылдардан бері бар. Алғашында олар діни және медициналық мақсатта пайдаланылған, одан кейін бизес құралына айналып, барлық контингенттегі барлық халыққа таралып кетті. Әлемде есірткінің таралуына қарсы күрес 100 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. ХVІІІ ғасырда Қытай мен Британия арасында Апиын соғысы деп аталып кеткен екі соғыс болды. 1909 жылы ақпанда Шанхайда апиын комиссиясы жұмыс жүргізді, оның отырысына 13 ел қатысты, мақсаты есірткі құралдарын әкелуді шектеу болды. Бірақ осы күнге дейін есірткінің таралауы және пайдалануы аса маңызды әрі көкейтесті мәселе болып отыр.

Есірткіні және психобелсенді заттарды теріс пайдалану адам ағзасына ауыр зардабын тигізеді. Бірде-бір зиянсыз немесе зияны аз есірткі құралдары жоқ. Олардың барлығы психикалық және табиғи тәуелділікке алып келеді, иммундық жүйені бұзады, агрессия тудырады, адамның барлық органдары мен жүйесін зақымдайды. Ең алдымен есірткінің зардабы жасөспірімдер мен жастарға тиеді.

Есіркіні пайдалану және оның заңсыз айналысына қарсы халықаралық күні қарсаңында әлемнің барлық елдерінде есірткінің зияны және оны пайдаланудың зардабы туралы халықты, әсіресе жастарды хабардар етуге және саламатты өмір салтын насихаттауға, адамзатқа нашақорлықтың қандай қауіп әкелетінін ескертуге бағытталған іс-шаралар мен акциялар жүргізіледі.

Құрметті оқырмандар, бүгін біз судың адам өміріндегі маңызы туралы айтқымыз келеді. ⠀

Құрметті оқырмандар, бүгін біз судың адам өміріндегі маңызы туралы айтқымыз келеді. ⠀

Су ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, себебі су ағзадағы жасушаларға оттегі мен қоректік заттарды жеткізеді; тамақты энергияға айналдыруға көмектеседі, ағзадағы шлактар мен қалдықтарды шығарады; дене температурасын реттеуге қатысады.

Су біз жейтін тамақтың жылдам қорытылуына және ағзаның сіңіруіне көмектеседі. Су тамырларды майлап, дене температурамызды реттейді және бір қалыпты ұстап тұрады⠀

Судың энергиялық құндылығы болмағанмен (онда ақуыз, майлар мен көмірсулар жоқ), ол адамның қалыпты тіршілігі үшін қажетті дәрумендерді еріту үшін қажет.

Сабырлық – адам өміріндегі маңызды күй, әсіресе, қажет жағдайларда: жұмыста, оқуда, жеке өмірді жоспарлауда және маңызды сөйлесуде. Бүгін біз сабыр сақтауға көмектесетін бірнеше кеңес бергіміз келеді.

Сабырлық – адам өміріндегі маңызды күй, әсіресе, қажет жағдайларда: жұмыста, оқуда, жеке өмірді жоспарлауда және маңызды сөйлесуде. Бүгін біз сабыр сақтауға көмектесетін бірнеше кеңес бергіміз келеді.

🧘 Сіз барынша сабырлы болған кездегі күйіңізді есте сақтап алыңыз. Қиналған кезде соны қайта-қайта ойлаңыз. Нені көрдіңіз, естідіңіз, қандай сезімде болғаныңызды есіңізге түсіріңіз. Бұл неткен тамаша сезім екенін ойлаңыз.

🧘 Өзіңізді қобалжытпаңыз, қандай қиын жағдай болмасын, дұрыс ойлауға тырысыңыз. Басқа нәрсені ойлаңыз.

🧘 Әрине, адам толығымен ешқандай эмоциясыз өмір сүре алмайды, алайда тек эмоциялармен ғана өмір сүруге болмайды. Эмоцияларды ақыл-ойыңыз басқарсын.

🧘 Жан-жақты тұлға болуға тырысыңыз. Бұл өміріңізді тек бір ғана қажеттіліктер мен құштарлықтарға бағынышты етпеуі қажет.

🧘 Физикалық белсенділікпен айналысыңыз. Артық энергияңызды шығаратын тәсіл болсын. Физикалық белсенділік психиканы нығайтып қана қоймайды, денеңізді де шынықтырады.

Құрметті оқырмандар, бүгін демалыс кезіндегі тағам жөніндегі кеңеспен жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог Казанбаева Лазат Омаровна бөліседі

Құрметті оқырмандар, бүгін демалыс кезіндегі тағам жөніндегі кеңеспен жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог Казанбаева Лазат Омаровна бөліседі.
Жаз да келіп жетті, ауру туралы мүлдем ойланғымыз келмейді, бар ойымыз жазғы демалыс жайында. Демалысқа шығу – демалу мен қыдыруға тамаша мүмкіндік, алайда асқазан-ішек жолдарының аурулары туралы ұмытпағаныңыз жөн.⠀
Дәрігердің ұсынымдарын сақтау жағымсыз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді!

🏖️ Демалыс кезіндегі тамақтануды алдын ала жоспарлаңыздар
Демалысты жоспарлау кезінде өзіңіздің ас қорыту жүйесі ерекшеліктерін де ойлаңыз. Егер сіздің ас қорыту жүйеңіз тағамдағы өзгерістерді қабылдамаса немесе асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы бар болса, онда демалысқа баратын жердің тағамдарының мүмкін болатын жағымсыз әсерлері туралы және емдәм бойынша ұсыныстар мен өзіңізбен бірге алып жүретін дәрі-дәрмектер туралы гастроэнтерологпен кеңесіңіз. ⠀
🏖️ Гигиена ережелерін сақтаңыз.
Жеке гигиенаны және тағам гигиенасын сақтау саяхаттаушыларда кездесетін диареясы сияқты таралған құбылыстың профилактикасы болып табылады. Тамақ ішер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз, тек қайнаған және бөтелкедегі суды ішіңіз, жемістер мен көкөністерді жақсылап жуыңыз, сапасы күмән туғызатын тағамдарды жемеңіз.

🏖️ Таңғы асты міндетті түрде ішіңіз
Таңғы асты міндетті түрде ішуге тырысыңыз, себебі бұл – саламатты өмір салтының қарапайым тәсілі болып табылады.

🏖️

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз
Әсіресе ыстық күндері сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді естен шығармаңыз, бұл орташа есеппен 2 – 2,5 литр сұйықтық.

🏖️ Артық тамақ жемеңіз
Демалысқа келген алғашқы екі күн күнделікті өзіңізге таныс тағамдарды жегеніңіз жөн.

🏖️ Медициналық көмекке жүгініңіз
Нақты ұсынымдар: егер асқазан-ішек жолдары бұзылысы симптомдары бір тәуліктен аса созылса демалыс орнындағы мамандандырылған медициналық көмекке жүгіну қажет. Шетелге шығушылардың барлығында болуы тиіс туристік сақтандыруды ресімдеуді ұмытпаңыз.

Құрметті оқырмандар, бүгін көздің көруін қалай сақтауға болатыны жайында жоғары санатты дәрігер-офтальмолог – Усманова Алия Ганимуратовна айтып береді

 

Құрметті оқырмандар, бүгін көздің көруін қалай сақтауға болатыны жайында жоғары санатты дәрігер-офтальмолог – Усманова Алия Ганимуратовна айтып береді.
Компьютер алдында ұзақ уақыт отыру, көлікте оқу, сондай-ақ ұзақ уақыт телевизор көру– көздің құрғауына, тұмандануы әсер етеді. Бұл өз кезегінде көздің созылмалы шаршау белгісіне және көздің көруінің нашарлауына және бас ауруына алып алып келуі мүмкін.
Төмендегі кеңестерді орындай отырып, көздің көруін сақтай аласыз:
• Жұмыс уақытында көзден компьютер мониторына дейінгі ара қашықтық кем дегенде 60 см болуы тиіс. Мүмкіндігінше экран жалпақ болуы қажет, тым ашық түсті болмағаны дұрыс;
• Компьютермен жұмыс кезінде екі сағат сайын үзіліс жасаңыз. Көзіңізді монитордан басқа жаққа бұрыңыз, алысқа қараңыз;
• Көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз. Бұл қимыл көздің шаршағанын басып, ылғалдандырып отырады;
• Көлікте оқымаңыз. Көмескі жарық және үнемі селкілдеу көзді шаршатады және көздің көруін нашарлатады;
• Көзіңізді жұмыс арасында бір, екі минут жұмыңыз. Бұл көзіңіздің демалуына септігін тигізеді;
• Кешке телевизор көргенде барлық жарықты жақпаңыз және көзіңізден экранға дейінге ара қашықтық диагоналы бойынша алты есеге дейінгі мөлшерге тең келуі тиіс екенін есте сақтаңыз;
• Күн қатты түсіп тұрған кезде, міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін киіп жүріңіз.
Мекенжайымыз: Алматы қ., Панфилов к-сі, 139, Шевченко көшесінің қиылысы.
Дәрігер-офтальмологтің қабылдауына мына телефон бойынша жазыла аласыз:
+ 7 727 261 04 50
Орталық клиникалық аурухана @sovminka, әрқашан Сіздің денсаулығыңызға қамқор болады!

АЛЛЕРГИЯ. Сізді жөтел, тұмау және аллергиялық бөрту мазалай ма? Сіз бұның бәрінен шаршадыңыз ба? Сіз аллергияның неден пайда болғанын білмейсіз бе? Біз СІЗГЕ көмектесеміз

АЛЛЕРГИЯ. Сізді жөтел, тұмау және аллергиялық бөрту мазалай ма? Сіз бұның бәрінен шаршадыңыз ба? Сіз аллергияның неден пайда болғанын білмейсіз бе? Біз СІЗГЕ көмектесеміз.
Тек СОВМИНКАНЫҢ Аллергология бөлімшесінде ғана аллергиядан болатын барлық аурулар мен жағдайларда кәсіби көмек ала аласыз.
Біз аллергиямен күресудің жолын білеміз!

26 төсектен тұратын күндізгі стационар түрлі соматикалық, аллергиялық ауруларды емдеуде жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді. Бізге келіңіз:
• Жекелеген ем және аурудың профилактикасы бойынша бағдарламаны әзірлей отырып, кәсіби деңгейі жоғары дәрігер-аллергологтардың, терапевтердің консультациясын аласыз.
• Біз заманауи аппараттық және зертханалық аллергодиагностиканы қолдана отырып, сіздегі аллергияның барлық себептерін анықтаймыз, тері скарификациялық сынама жасаймыз, сондай-ақ маусымдық аллергенспецификалық иммунотерапиию (АСИТ) жүргіземіз.
• Түрлі соматикалық ауруларға кешенді зерттеу жүргіземіз.
• Сізге СОВМИНКАНЫҢ үздік медициналық дәстүрлерін ескерумен Күндізгі стационарда емделуге жақсы жағдай жасаймыз.
Тиімді емдеу жүргізу үшін төмендегі аурулар бойынша ең озық инновациялық технологиялар пайдаланылады:
• Аллергиялық ринит және коньюктивит (маусымдық және жыл бойы).
• Бронх демікпесі.
• Тамақтан болатын аллергия.
• Дәріден болатын аллергия.
• Аллергиялық есекжем және дерматит.
• Инсектілі аллергия.
• Бронхит, пневмония, СОӨА.
• Қант диабеті.
• Бронхөкпе аурулары.

Қоңырау шалыңыз, бөлімшеге келіңіз
Біз денсаулығыңызға қамқор боламыз!

«Совминкадағы» стоматологтерге қорықпай келіп тісіңізді емдете аласыз

«Совминкадағы» стоматологтерге қорықпай келіп тісіңізді емдете аласыз. Әлемдік өндірушілер шығарған жабдықтар мен білікті дәрігерлердің арқасында емшаралар барынша ауыртпай жүргізіледі. Арнайы экрандармен жабдықталған жайлы эргономикалық креслода пациент өзін жайлы сезінеді. Оталықтың барлық дәрігерлерінің жоғары санаты бар және Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өткен.

Бөлімше қызметкерлері:

🦷Сіздің тістеріңіз бен қызыл иегіңізге сапалы, ауырсындымайтын диагностика жүргізеді;

🦷Шыңдалған шеберліктен өткен және ауыз қуысын емдеудің барлық жаңа әдістерін меңгерген;

🦷Сізді өте жайлы стоматологиялық кабинеттерде қабылдайды;

🦷Заманауи жабдықтармен жабдықталған;

Сіздерге емдеу әдісін таңдауда жеке тәсіл ұсынамыз. Біздің мамандар сізбен емдеудің барлық егжей-тегжейін, нұсқаларын және перспективасын талқылайды.

Дүниежүзілік Донор күні

14 маусым-Дүниежүзілік Донор күні.  Жыл сайын 14 маусым барлық елдер World Blood Donor Day– Дүниежүзілік Донор күнін атап өтеді. Донорлық мыңдаған адамның өмірін кұтқарады, сонда да еркін қан көп қажет. Адам өмірін емдеу ұшін де, шұғыл медициналық көмек үшін де қажеттілік болып табылады. Жаңа туылған нәрестелер мен аналар өмірін сақтауға, көптеген хирургиялық  емшаралар  кезінде,  түрлі табиғи және басқа да апаттар кезінде қан адамдарды кұтқаруға көмектеседі. 

МЕРЕКЕ ТАРИХЫ

Алғаш рет донор күні  2004 жылдың 14 маусым күні өтті, ал бір жылдан кейін Женевада Дуниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 58 – ші сессиясында мереке болып бекітілді.  14 маусым кездейсоқ таңдалмаған күн емес, бұл күні австриялық дәрігер, иммунолог Карл Ландштейнер (1868-1943) дүниеге келген. Ол 1930 жылы адам қанының топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған. Дүниежүзілік Донор күніне бастамашылар ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйым), Халықаралық федерациясы мен  Қызыл крест және Қызыл жартыай (гуманитарлық қозғалыс, бүкіл әлем бойынша еріктілерді біріктіреді), Қан донорлары ұйымдарының халықаралық федерациясы мен қан кұю жөніндегі Халықаралық қоғам болды. Олардың барлығы адамдарды ерікті және тегін қан тапсыруға  шақырады. Донор күні қоғамның назарын қан жетіспеушілігі мәселелеріне  және қанның өзінің басқа да ауруларына мән беруге бағытталған.

МЕРЕКЕ ДӘСТҮРІ

Бұл күн қанды өз еркімен және тегін тапсыратын адамдарға құрмет көрсету үшін, сондай ақ жаңа донорларды тарту үшін арнайы құрылған болатын.  Салтанатты іс-шаралар барысында Құрметті донорларды (бұл 40 одан да көп  рет қан немесе 60 және одан да көп рет плазма тапсырған адамдар) құрметтейді. Қазақстан Республикасында  «Құрметі донор» атағы жойылды. Бізде қанды 40 немесе қан плазмасын 70 реттен артық өтеусіз тапсырған донорлар  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ұсынылады.  Донорлардың денсаулығын қорғауға және оларды одан әрі қолдауға  ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бұл олардың қан тапсыруға дайындығын тұрақты негізде нығайту үшін маңызды фактор болып табылады.

МЕРЕКЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Жыл сайын Донор күні жекелеген тақырыптарды таңдайды, оның аясында мерекелік және білім беру іс-шаралары жүргізіледі. Мысалы, 2012 жылы Донор күнін мерекелеу үшін «Әрбір қан доноры – батыр» тақырыбы таңдап алынды, мағынасына қарай әрбір қан тапсырушы адам батыр бола алады деген идея жатыр.  Әрбір науқанның тақырыбы  әлемдегі барлық адамдарды донор болуға шақыру, тек осындай іс-шаралар жүргізу арқылы қан қорын және барлық қажет ететіндер үшін қанның қолжетімді болуын  қамтамасыз етуге болып табылады.

2020 жылғы науқан тақырыбы «Қауіпсіз қан өмірді құтқарады» және «Бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы үшін қан тапсыру» ұранымен өтуде.

Алайда COVID-19 пандемияның созылуына байланысты ДДҰ ғаламдық науқанды  виртуалды форматта өткізуде.

 

ҚАН ДОНАЦИЯСЫНЫҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

Донор — бұл өз қанын сыйлайтын адам, яғни науқас адамға – денсаулық, ауыр халдегі адамға – өмір сыйлайды. Бүгінгі күні қан донорлығы мүлдем қауіпсіз және зияны жоқ процедура.  Дені сау адам үшін бұл процедура пайдалы болмақ. Донор ағзасында бейімделгіш реакция деңгейі артады, қантүзілім және иммунитетті ширықтырады, қан жасушаларының утилизациясына қатысатын органдардың жеңілдеуі байқалады.

Дені сау адам үшін 500 мл дозада қан тапсыру мүлдем зиянсыз әрі қауіпсіз екені дәлелденген. Сондықтан 400 мл доза физиологиялық қан тапсыру деп аталады. Адам ағзасында шамамен 5 литрге жуық қан бар, яғни дене салмағынан  6-7% құрайды. Донордың денсаулығына зиянсыз және қауіпсіз қан тапсыру дозасы 450 мл болып табылады. Бұл ретте ол 18-20 сағат ішінде қалпына келетін қанның сұйық бөлігі – плазманы көп жоғалтады. Қан қызметі мамандарының бақылауымен жүзеге асырылатын донорлық зиянсыз болып табылады. Қан тапсырғаннан кейін донор өзін жақсы көңіл күйде сезінетін болады.

ҚАН ДОНОРЫ БОЛУ ҮШІН

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 165-бабына сәйкес  18  жасқа толған, тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттарда қан мен оның компоненттерін тапсыруға (донациялауды жүзеге асыруға) ерікті түрде ниет білдірген кез келген тұлға донор бола алады.

ҚАН ДОНОРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  1. Тегін медициналық қарап тексеру және денсаулығы туралы анықтама беру (АИТВ, В және С гепатиттері, сифилис, АлАТ-аланинаминотрансфераздар мен гемоглобин деңгейі, қан тобы мен резус-факторға талдау).
  2. Донация алдында ыстық шай.
  3. Донациядан кейін 0,25 АЕК сомаға ыстық тамақ ішу.
  4. Қан мен оның компоненттерін тапсырған күні орташа жалақының сақталуымен жұмыстан босату немесе орташа айлық жалақының сақталуымен басқа күні демалыс беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосып беріледі.
  5. Донор болған әскері қызметші қан тапсыру күндері вахта, наряд және әскері қызметтің басқа түрлеріннен босатылады.
  6. Қан тапсыру күндері донор болған студенттер мен оқушылар оқу-тәрбие жұмыстардан босатылады.

Егер сіз донор боламын десеңіз және жоғарыда көрсетілген категория тобына кіретін болсаңыз,  сіздің әрекеттеріңіз келесі:

  • Қан тапсыру медициналық орталықты таңдаңыз
  • Сол орталықта зерттеуден өтіп, нәтижелеріне қарай сізге кеңес беретін дәрігер-трансфузиолог тексерісіннен өтіңіз
  • Қан тапсыруға жазылыңыз

ҚАН ТАПСЫРУҒА (ДОНАЦИЯҒА) ДАЙЫНДЫҚ. ДОНОР ҮШІН ҰСЫНЫСТАР

  • Қан тапсыру алдында кешке және таңертең майлы, етті, өткір және сүтті өнімдерден бас тартыңыз;
  • Қан тапсыру алдында үш күн бұрын аспирин, анальгин және құрамында анальгетиктер бар дәрілерді қолданбаңыз;
  • Қанды түнгі кезекшілік, түнгі жұмыстардан кейін тапсырмағаны дұрыс;
  • Қан тапсыру күні алдында ауыр физикалық жұмыстармен, жаттығулармен айналыспаңыз;
  • Қан донацияға дейін 3 сағат бұрын темекі шекпеңіз және 48 сағат алдын ішімдіктен бас тартыңыз;
  • Тәңертең жеңіл тамақ, тәтті шәй, жеміс шырынды ішуге, нан және тоқаштарды тұтынғаны жөн;

Бір жылдың ішінде қан тапсырудың барынша көп саны:

  • ер адамдарға – 5 рет
  • әйелдерге – 4 рет
  • арасы – 60 күн;

Ескерту! Әйелдерге етек кір күндері, жүктілік және баланы емізу кезінде қанды тапсыруға  рұқсат етілмейді. Етек кір біткеннен 5 күн өткеннен соң, босанғаннан кейін 1 жыл, емізу тоқтатқаннан  3 ай өткеннен кейін тапсыруға болады.

Және де, егер  өзіңізді жайсыз сезінсеңіз қанды тапсырмай ақ қойыңыз!

Донор болу – қайырымды және пайдалы!

Біздің қымбатты донорларға мықты денсаулық, амандық,

жетістік және саттілік тілейміз!!!

Құрметті оқырмандар, сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

4 маусымда атап өтілетін Қазақстан Республикасының рәміздері күні – бұл ұлт бірлігі, тәуелсіз еліміздің құндылығы мен жетістіктерін насихаттайтын мереке.
Бүгінде Қазақстан Республикасының рәміздері дүние жүзіне белгілі, бұл әрбір азаматты патриоттық сезімге тәрбиелейді және әрбір азамат елін мақтан тұтады.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.