Құрметті оқырмандар, бүгін демалыс кезіндегі тағам жөніндегі кеңеспен жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог Казанбаева Лазат Омаровна бөліседі

Құрметті оқырмандар, бүгін демалыс кезіндегі тағам жөніндегі кеңеспен жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог Казанбаева Лазат Омаровна бөліседі.
Жаз да келіп жетті, ауру туралы мүлдем ойланғымыз келмейді, бар ойымыз жазғы демалыс жайында. Демалысқа шығу – демалу мен қыдыруға тамаша мүмкіндік, алайда асқазан-ішек жолдарының аурулары туралы ұмытпағаныңыз жөн.⠀
Дәрігердің ұсынымдарын сақтау жағымсыз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді!

🏖️ Демалыс кезіндегі тамақтануды алдын ала жоспарлаңыздар
Демалысты жоспарлау кезінде өзіңіздің ас қорыту жүйесі ерекшеліктерін де ойлаңыз. Егер сіздің ас қорыту жүйеңіз тағамдағы өзгерістерді қабылдамаса немесе асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы бар болса, онда демалысқа баратын жердің тағамдарының мүмкін болатын жағымсыз әсерлері туралы және емдәм бойынша ұсыныстар мен өзіңізбен бірге алып жүретін дәрі-дәрмектер туралы гастроэнтерологпен кеңесіңіз. ⠀
🏖️ Гигиена ережелерін сақтаңыз.
Жеке гигиенаны және тағам гигиенасын сақтау саяхаттаушыларда кездесетін диареясы сияқты таралған құбылыстың профилактикасы болып табылады. Тамақ ішер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз, тек қайнаған және бөтелкедегі суды ішіңіз, жемістер мен көкөністерді жақсылап жуыңыз, сапасы күмән туғызатын тағамдарды жемеңіз.

🏖️ Таңғы асты міндетті түрде ішіңіз
Таңғы асты міндетті түрде ішуге тырысыңыз, себебі бұл – саламатты өмір салтының қарапайым тәсілі болып табылады.

🏖️

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз
Әсіресе ыстық күндері сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді естен шығармаңыз, бұл орташа есеппен 2 – 2,5 литр сұйықтық.

🏖️ Артық тамақ жемеңіз
Демалысқа келген алғашқы екі күн күнделікті өзіңізге таныс тағамдарды жегеніңіз жөн.

🏖️ Медициналық көмекке жүгініңіз
Нақты ұсынымдар: егер асқазан-ішек жолдары бұзылысы симптомдары бір тәуліктен аса созылса демалыс орнындағы мамандандырылған медициналық көмекке жүгіну қажет. Шетелге шығушылардың барлығында болуы тиіс туристік сақтандыруды ресімдеуді ұмытпаңыз.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.