Құрметті оқырмандар, бүгін көздің көруін қалай сақтауға болатыны жайында жоғары санатты дәрігер-офтальмолог – Усманова Алия Ганимуратовна айтып береді

 

Құрметті оқырмандар, бүгін көздің көруін қалай сақтауға болатыны жайында жоғары санатты дәрігер-офтальмолог – Усманова Алия Ганимуратовна айтып береді.
Компьютер алдында ұзақ уақыт отыру, көлікте оқу, сондай-ақ ұзақ уақыт телевизор көру– көздің құрғауына, тұмандануы әсер етеді. Бұл өз кезегінде көздің созылмалы шаршау белгісіне және көздің көруінің нашарлауына және бас ауруына алып алып келуі мүмкін.
Төмендегі кеңестерді орындай отырып, көздің көруін сақтай аласыз:
• Жұмыс уақытында көзден компьютер мониторына дейінгі ара қашықтық кем дегенде 60 см болуы тиіс. Мүмкіндігінше экран жалпақ болуы қажет, тым ашық түсті болмағаны дұрыс;
• Компьютермен жұмыс кезінде екі сағат сайын үзіліс жасаңыз. Көзіңізді монитордан басқа жаққа бұрыңыз, алысқа қараңыз;
• Көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз. Бұл қимыл көздің шаршағанын басып, ылғалдандырып отырады;
• Көлікте оқымаңыз. Көмескі жарық және үнемі селкілдеу көзді шаршатады және көздің көруін нашарлатады;
• Көзіңізді жұмыс арасында бір, екі минут жұмыңыз. Бұл көзіңіздің демалуына септігін тигізеді;
• Кешке телевизор көргенде барлық жарықты жақпаңыз және көзіңізден экранға дейінге ара қашықтық диагоналы бойынша алты есеге дейінгі мөлшерге тең келуі тиіс екенін есте сақтаңыз;
• Күн қатты түсіп тұрған кезде, міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін киіп жүріңіз.
Мекенжайымыз: Алматы қ., Панфилов к-сі, 139, Шевченко көшесінің қиылысы.
Дәрігер-офтальмологтің қабылдауына мына телефон бойынша жазыла аласыз:
+ 7 727 261 04 50
Орталық клиникалық аурухана @sovminka, әрқашан Сіздің денсаулығыңызға қамқор болады!

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.