Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Президент Іс Басқарамасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы ведомстволық қарасты мекемелеріне жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Президент Іс Басқарамасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы ведомстволық қарасты мекемелеріне жұмыс сапарымен барды.
Алексей Цой 93 жылдық тарихы бар Орталық клиникалық аурухана базасын аралап, медициналық қызметтің жаңа бағыттарымен танысты. Емхананың жаңа корпусында болып, бөлімшелерді аралады.
Медициналық орталықтың басшысы халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.

“Орталық клиникалық аурухана” АҚ СОВМИН «ОҚ-ЖЕТПЕС» емдеу-сауықтыру орталығының президенті Қайрат Беркінбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады

“Орталық клиникалық аурухана” АҚ СОВМИН «ОҚ-ЖЕТПЕС» емдеу-сауықтыру орталығының президенті Қайрат Беркінбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Тістің компьютерлік томографиясы: жақ сүйегінің 3D диагностикасы

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің компьютерлік томографиясы (КТ)  – бүгінгі таңда әр түрлі проекциялардағы және кез келген бұрыштық тістердің үш өлшемді кескіндемесінің және тістің бүкіл жақ сүйегі жүйесінің толық картинасын алуға мүмкіндік беретін стоматологиядағы диагностиканың ең ақпаратқа толы түрі болып табылады. Бұл дәл диагноз қою үшін және емдеудің егжей-тегжейлі тиімді схемасын құру үшін аса маңызды.  

  КТ жүргізуге қарсы көрсетілімдер 

  • Аз ғана жарақаттан кейінгі жақ сүйектерінің бүлінуі. Дәл КТ көмегімен сүйектің шыққаны мен сынғанын анықтауға болады.   
  • Тіс қатарының құрылымындағы патологияларды анықтау. Бұл процедура   ортодонттық түзетудің кез келген түрінің алдында қолданылады.  
  •   Жеке брекет-жүйе даярлау үшін жақ сүйектерінің компьютерлік моделін құру.
  • Жақ сүйектерінің алда тұрған операцияларының алдындағы даярлық процедурасы ретінде.   
  • Жақ сүйектерінде жаңа өскіндердің болуы.  
  • Жасырын тісжегіні диагностикалау. Терапиялық  стоматологияда КТ тістің жағдайына, периодонтит және пульпитті емдеу кезінде тіс түбірі каналдарының санына, тіс каналдарындағы асқынуларға бағалау жүргізу үшін қолданылады.  
  • Парадонтологияда тістің жанындағы тіндердің және пародонталдық қалталардың қандай жағдайда екенін анықтау үшін қолданылады.   
  • Бұрын жүргізілген емнің тиімділігін бақылау.  
  • КТ тіс имплантациясының алдында жүргізіледі     3D-түсірілім негізінде сәйкес келетін имплант таңдап алынады, оның орнатылатын орны нақтыланады,   имплантаттардың төселетін орнында сүйек тіндерінің жуандығы өлшеніп алынады, жүргізілген  процедура сапасына тексеру жүргізіледі. 
  • Ортодонтияда аяғына дейін жарып шықпаған тісті шығарып алу үшін және тіс қатарын түзету үшін томография ең жақсы әдіс болып табылады.  
  • Эндодонтиялық  терапияда КТ тіс каналдарының қиғаштығын және ұзындығын бағалауға мүмкіндік береді.  

Негізгі қарсы көрсетілімдер

  • жүктілік. 
  • мектеп жасына дейінгі балалар.  

  «Совмин» ОКА АҚ сәулелік диагностика  бөлімшесінде заманауи  128-кесінділі   Revolution Evo фирмы GE компьютерлік  томографында тіс-жақ сүйегі жүйесінің КТ жүргізіледі.

14 қазанда Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелеріне арналған «Profit healthcare day» халықаралық конференция өтті

14 қазанда Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелеріне арналған «Profit healthcare day» халықаралық конференция өтті. Конференцияға 100-ден аса адам қатысты. Конференция барысында біздің қызметкеріміз Әлібек Полатбеков баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы – ҚР ПІБ МТҚБ АО әзірлеушісінің – «Тәжірибеден өтетін резиденттерге арналған StudentsBook сервисін енгізу». Бұл сервис интерн дәрігерлер мен резиденттерге ҚР ПІБ МО ауруханалары жүйесінде тәжірибеден өтуге онлайн режимде өтінім беруге мүмкіндік береді.

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 221 ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 221 ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Медициналық орталығы Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммитін өткізуді ұйымдастыруға белсенді қатысуда.
Маңызды іс-шараға Медициналық орталықтың 21 қызметкері, Медициналық орталық ауруханасынан 179, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығынан 21 қызметкер жұмылдырылған.
Қызметкерлерге қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді.

АБАЙЛАҢЫЗ! ЖРВИ мен ТҰМАУ

КОВИДПЕН сырқаттанушылықтың азаюына қарамастан ЖРВИ мен ТҰМАУДЫҢ эпидемиялық маусымы жақындады. Әдетте тұмау қазан айының аяғында, қараша айының басында басталады, алайда ең сенімді қорғаныш вакциналау болғандықтан екпені екі ай бұрын салдыған жөн. Вирусологтардың айтуынша КОВИД пен ТҰМАУҒА қарсы екпелер бір-біріне кедергі келтірмейді.

КОВИД пен ЖРВИ белгілері ұқсас келеді, ал Тұмау тез жұғумен ерекшеленеді, бір тәулік ішінде дене қызуының 38-39 C° көтерілуі, дененің сырқырауы, тахикардия, тоңып қалтыру басталады.  Суық тиюден айырмашылығы мұрынның бітелуі аса байқалмайды,  тек тамақ аздап жыбырлайды. Әдетте қақырық аралас жөтел, кеудеденің ауырсынуы пайда болады.

Кез-келген вирустық респираторлық аурулары бар пациенттерге төсекте жату, сұйықтықты көбірек ішу және дене қызуы жоғарылаған кезде қызуды түсіретін дәрі-дәрмек ішу ұсынылады. Тамақ ауырса, ылғалдандырушы антисептикалық бүркігішті сеуіп, тамақты фурацилинмен немесе содамен және тұзбен шаю қажет.

– Барлық респираторлық аурулардың алдын алу ретінде иммунитетті күшейтетін препараттар ішуге, бетперде режимін сақтауға, қолды жиі жууға, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, шынығуға және екпе салуға кеңес беремін, – деді инфекциялық бақылау бөлімшесінің меңгерушісі Сабира Сүйенбаева.

– КОВИД маусымдылығы әзірге белгіленген жоқ, ал ЖРВИ мен ТҰМАУ әрдайым күз-қыс кезеңінде пайда болады және ауруды болдырмау үшін оған алдын ала дайындалу қажет.

Айтпақшы, ұжымда 70-80% вакцина салдырған қызметкерлер тұмаудан сенімді қорғайтын иммундық қорғаныш тудырады. Уақытылы вакциналау тұмаумен сырқаттануды бірнеше рет азайтады, аурудың барысын жеңілдетеді, ұзақтығын қысқартады, асқынуды болдырмайды.

Тұмау эпидемиясы кезеңінде профилактикалық мақсатта таза ауада жиі серуендеу, тағам рационына ашытылған қырыққабат, мүкжидек, лимон,  киви, мандарин, апельсин, грейпфрут сияқты құрамында С дәрумені көп тағамдарды және табиғи фитонцидтер — сарымсақ пен жуаны қосу ұсынылады. Профилактика үшін эпидемия кезеңінде күн сайын 2-3 сарымсақ тісшесін жеу қажет. Ауыз қуысын бактериялардан толық тазалау үшін сарымсақты бірнеше минут шайнау жеткілікті. Ауырмаңыздар!

 

Бірнеше тілді білу Альцгеймер және деменция ауруларынан құтқарады

Бір және бірнеше тілді білу адамдардың қартайған шағында ақыл есінің дұрыс болуына ықпал етеді. СОВМИН Паркинсон ауруын хирургиялық емдеу орталығының функционалдық нейрохирургі Чингиз Шашкин миды жаттықтыру үшін үш және төрт тілді үйренуге кеңес береді. Өзі үш тіл біледі, төртінші тілді үйрену жоспарында бар.
– Яғни, бұл творчестволық үдеріс емес, спорттық жаттығу сияқты ма?
– Тіл үйрену үдерісі жаттығу залында бұлшық етті жаттықтырғандай әсер етеді. Бұлшық ет жиырылғанда, көлемі жағынан ұлғайып, мықты болады. Мида да солай, белсенді жұмыс істегенде құрылымы өзгереді, кейбір функциялары жақсарады. Сондықтан біз тіл үйренген кезде мидың тиісті аймағы дамиды. Әсіресе, көптеген нейрондық байланыстардан тұратын ақ және сұр заттың саны көбейеді.
Әдетте біз көңіл аудармайтын заттар да миға әсер етеді.
Мысалы, бір тілден екінші тілге «ауысу». Екі тілде сөйлейтін адамдар үшін бұл аса байқалмайды. Алайда миға бұл кәдімгідей күрделі жаттығу, мидың әр түрлі аймағындағы, әсіресе алдыңғы белдеудегі сұр заттардың өсуіне ықпал етеді.
Жуырда болған зерттеулер, тіл үйрену мидың аса күрделі «орындау» қызметіне жауап беретін аймағын дамытатынын растады.
Ең басты артықшылығы, ми жаңа байланыстар жасай отырып, мәселелерді шешу үшін «үйренбеген» бөліктерге әсер етіп, деменция және Альцгеймер аурулары сияқты дегенеративтік ауруларды жеңуге тырысады. Әрине, екі тілде сөйлейтін адамдарда да мұндай аурулар кездеседі, алайда теңгеруші механизмнің арқасында олардың миы ауруды жылдам жеңіп шығады. Сондықтан шетел тілін білу – түйіндемедегі қосымша жол ғана емес, сонымен қатар өзіңнің ментальдық денсаулығыңа қосқан үлесің болады.

МЕДИЦИНАНЫҢ ӘЛЕМДІК  ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ СОВМИНГЕ КЕЛМЕК

Тромбозды емдеудегі соңғы жаңалықтар «Ішкі аурулар клиникасындағы тромбоздар» бірінші ұлттық конференциясында талқыланады. Жетекші кардиологтар Орталық клиникалық ауруханада (СОВМИНДЕ) бүкіл әлемдік тромбозбен күрес күні – 13-қазанда кездеспек. Конференция жұмысына медицинаның әлемдік қайраткерлері  – Сорбон (Париж) клиникасы кардиологтарының Еуропалық қоғамы ұсыныстарын үйлестіруші Jean-Philippe Collet, Шарите (Берлин) клиникасының «Инсульт және жүрек» қоғамының президенті Wolfram Doehner , Фредерика (Неаполь) университетінің профессоры Рlinio Cirillio, (Токио) университетінің профессоры Tatsuo Shimasawa қатысады. Докторлар тромбозды диагностикалау мен емдеу бойынша жаңа халықаралық ұсыныстар туралы, қауіп факторлары, қолданыстағы хаттамаларды ішінара ауыстыратын алдын алу мен емдеудің жаңа тәсілдері туралы айтпақ.

Қазақстан үшін мұндай деңгейдегі конференция өткізу таңбалық оқиға болып табылады, бұл дегеніміз біздің кардиологтарымыздың деңгейі жоғары, бізді тыңдайды, ескереді, біздің ұсыныстарымызды пайдаланады дегенді білдіреді.  Конференцияның  тромбозбен күрес бойынша халықаралық ұйымның мүшесі – СОВМИНДЕ өтуі символдық болып табылады, – деп атап көрсетті тромбоз бен гемостаз бойынша қазақ қоғамының төрағасы Ахмеджан Сүгіралиев.

Әсіресе, тромбоз тақырыбы   КОВИДТАН кейін өзекті болып кетті, вирустың өзі қантамырлары мәселелерін  ушықтырып жіберді, сонымен бірге дұрыс емес емдеу асқынуларға әкелді.  Барлық мүдделі мамандарды конференцияда күтеміз.

МСКТ – коронарография – мультиспиральды компьютерлік- томографикалық

МСКТ – коронарография – мультиспиральды компьютерлік- томографикалық коронарография.

Жүректі және жүрекке қан апаратын күретамырларды зерттеуді ең аз дайындықты қажет ететін амбулаторлық жағдайларда  жүргізуге болады. Совминде GE фирмасының заманауи 128 кесінділі Revolution Evo томографымен жүргізіледі.  

 Бір зерттеу барысында біз мыналарды бағалай аламыз:   

– кальций   индексін –сандық көрсеткіштерді анықтаумен және жүректің жіті жағдайларының қаупін бағалаумен кальцийленген атеросклеротикалық айылбастармен қан тамырының зақымдалуын,   

– қан тамырларының жағдайын   – тарылу аймақтарын, олардың көлемі мен деңгейін (%-бен) анықтауды. Тарылудың және зақымдалу шегінің %-мен    емдеу тактикасы тікелей байланысты   – консервативтік  немесе  шұғыл болуы   (стенттер немесе АКШ).

– жүрекке қан апаратын күретамыр стенттерінің стенттеуден кейінгі өткізушілігін,  

  АКШ (шунтография) кейін шунттардың өткізушілігін,

  миокард пен жүректің сол бөліктерінің жолақтарын, қолқаның өрлеме сегментін  бағалау.

  Коронарография МСКТ өткізгеннен кейін ишемиялық ауруға қатысты сіздің жүрегіңіздің жағдайы бойынша толық ақпарат шығады, және клиницистер емдеу жоспары мен одан әрі бақылауды дұрыс тағайындай алады!   

Зерттеуді кардиолог пен кардиохирург тағайындайды. Дәрігерге жазылу мен зерттеуге дайындық мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады:    8 (727)269-36-48,   Алматы қаласы,   Т.Шевченко көшесі, 59 үй мекенжайы бойынша емхана ғимаратындағы КТ кабинеті. Сағат 08.00-ден 19.00 дейін жұмыс істейміз.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.