СОВМИН АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ЭПИЛЕПСИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ХИРУРГИЯСЫ

Біздің ауруханамызда фармакорезистентті эпилепсия кезіндегі кезбе жүйкені стимуляциялау жүйесін орнату процедурасы жүргізілді. Пациенттің мойын аймағындағы кезбе жүйкеге титтей электрод орнатылды, стимулятордың көмегімен жүйкеге әсер ететін және ұстамаларды азайтатын зарядтар әрекет етіп жатты.
-Біз операция жасаған пациент 20 жыл бойы фармакорезистентті эпилепсиямен ауырған, соңғы кездері айына онға дейін ұстамасы ұстап отырған. Ол әр түрлі препараттарды, оның ішінде аралас түрде, пайдаланып көрген, алайда дәрі-дәрмектік терапия тиімділігі барған сайын азая берді, тіпті мүлдем көмектеспейтін болды, дәл осы жағдай кезбе жүйкеге стимулятор орнатуға көрсеткіш болды,- деп атап көрсетті нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев.
Дәрігер операциялық блокта бригаданы басқарумен айналысты, оның құрамында барлығы 10 маман болды. Олардың жұдырықтай жұмылған мұқият жұмысының арқасында күрделі әрі сирек кездесетін операция сәтті өтті.
Кезбе жүйкені электрмен стимуляциялау, VNS-терапия (ағылш. Vagus nerve stimulation) – бұл, дәрі-дәрмектік терапиядан күткен нәтиже болмаған жағдайда қолданылатын, эпилепсияны емдеудің қосымша әдісі екенін атап өту керек. VNS-терапия көптеген елдерде қосалқы терапия ретінде көрсетілген және мақұлданған, яғни әдісті басқалармен, оның ішінде дәрі-дәрмектік әдіспен, үйлесімдікте қолданады.
Қазақстанда эпилепсиямен ауыратын адамдар ресми түрде 76 мыңды құрайды, алайда бұл сан дұрыс болмауы мүмкін, өйткені көбісі есепке тұрмайды. Сондықтан отандық дәрігерлердің бұл ескі ауруды емдеудегі жетістіктері өте өзекті болып табылады.

Сабырлық сақтаңыз

26-27 қаңтарда метеорологтар магнитттік толқу болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл Күндегі жарқылдың әсерінен Жердегі магниттік өрістің ауытқуы. Мұндай ауытқулар байланыс жүйесі жұмысына және адамның денсаулығына, әсіресе ауа райына тәуелді және жүрек-қан тамыры ауруларымен, вегетотамырлық дистониямен ауыратын, артық салмағы бар, егде жастағы адамдарға жағымсыз әсер етуі мүмкін екені белгілі. Мұндай адамдар бас немесе жүрек ауруын, қан қысымының төмендеуі немесе жоғарылауын, бас айналуды, әлсіздікті, ұйқысыздықты, созылмалы ауруларының ушығуын сезінуі мүмкін. СОВМИН ауруханасы саламатты өмір салты кабинетінің дәрігері Флюра Смайылова магниттік толқу әсерінен қалай қорғану керектігін айтып берді.
– Адам табиғатбен бірге дамиды және табиғатта болып жатқан құбылыстардың бәрі, әсіресе адам ағзасы созылмалы аурулардың әсерінен әлсіреген болса өз әсерін тигізеді. Мұндай адамдарды ауа райына тәуелді адамдар деп атайды. Мұндай диагноз жоқ, алайда дәрігерлер мұны мойындайды, тіпті әсер ету дәрежесін де бағалайды, себебі біреулерінің көңіл күйі өзгерсе, енді біреулерінің буындары, басы ауырады, қан қысымы көтеріледі. Ауа райы өзгерген, магниттік толқулар басталған күндері немесе ай толған кезде біз күн режимін сақтауды, күйгелектенбеуді, ішіп жүрген дәрі-дәрмектерді тоқтатпауды ұсынамыз. Осындай «күрт асқынуларды» сезінбеу үшін саламатты өмір салтын ұстану, ұйқыны қандыру, көңілді жүру, еңбек пен демалысты кезектестіру, спортпен айналысу, көбірек жаяу жүру, ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, зиянды тамақ жемеу керек, себебі бұлардың бәрі ағзамызды зақымдап, әлсіретеді. Қазір көңіл күйге және өзімізді ширақ ұстауға жақсы әсер беретін – спорт, жүзу, коньки, шаңғы, жаяу жүру, жүгіру сияқты мүмкіндіктер өте көп. Ал созылмалы аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді алып қойғаны жөн.

АІЖ ауруларын болдырмау үшін не істеу керек?

АІЖ ауруларын болдырмау үшін не істеу керек?
1. Тамақтану режимі: тәулігіне 3-4 рет тамақ ішіңіз және 1-2 рет аздаған мөлшерде
жеңіл-желпі тамақтаныңыз. Кешкі асты ұйықтардан 2-3 сағат бұрын ішіңіз.
2. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғау үшін тамақтанар алдында қолыңызды және жылумен өңделмейтін барлық тағамдарды мұқият жуыңыз.
3. Майлы, кептірілген, қуырылған, тұзы көп тағамдарды жемеуге, газдалған сусындарды ішпеуге тырысыңыз.
4. Рационға жасұнық (ботқа, кебек нан, көкөністер, жемістер) мөлшерін көбейтуге тырысыңыз, балғын салаттарды көбірек жеңіз.
5. Артық тамақ жемеңіз. Шамаңызға қарай тамақтаныңыз; стандартты өлшем 200 мл аспайтынын есте сақтаңыз.
6. Салмағыңызды қадағалаңыз. Артық салмағыңыз болса, арықтауға тырысыңыз, бірақ дұрыс жолмен арықтаңыз (салмақты азайту аптасына 0,5 (әйелдерде) және 1 кг (ерлерде) аспауы тиіс).
7. Күйзеліске түспеңіз. Көбірек қимылдаңыз, ашуланбауға тырысыңыз, күйзелісті басқаруды үйреніңіз, серуендеңіз, ұйқыңызды қандырыңыз, демалыңыз.
8. Физикалық жүктемені көбейтіңіз (кем дегенде 30 минут қалыпты қарқынмен жаяу жүру, жүзу, аэробика).
9. Темекі шегуден және мөлшерден тыс ішімдік ішуден бас тартыңыз.
Өзіңізге қамқор болыңыз, аман болыңыз!
Біздің колл-орталық: +7 727 261 04 50.
Мекенжайымыз: Алматы қ. Шевченко к-сі, 59.

«АЛМАТЫДАН КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕР» бренді туралы

СОВМИН ауруханасының дәрігерлері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының өңірлердегі күндері аясында Ақтөбеде пациенттерді емдеуді жалғастыруда. Олар барлығы алты операция жасады, қырықтан аса пациентке консультация жүргізді, «ОКА» АҚ-да табысты қолданылатын емдеу әдістері туралы таныстырылымдар мен тақырыптық баяндамалар жасады, әріптестеріне арнап бірнеше шеберлік сабақтарын өткізді.
– Адамдардың «Алматыдан келген дәрігерлерге» келдік дегенін естудің өзі қуанарлық жағдай болды. Бұл бренд жылдар бойы, ондаған жылдар бойы қалыптасты, біз оны ұстап тұру үшін күнделікті еңбек етеміз,- деп өз ойымен бөлісті ОКА кардиологы Ердан Майдыров, – Ақтөбенің медицинасы да әжептәуір мықты, дәрігерлердің деңгейі, ауруханалардың жағдайлары күшті деп айтуға жеткілікті, сондықтан біз тек өз тәжірибемізбен бөлістік.
-Өңірде Паркинсон ауруын емдеуде аздаған қиындық бар екенін байқадым, бірақ мұнда қозғалыстағы бұзылыстар кабинеті жұмыс істейді және тәжірибелі дәрігер қабылдайды екен. Маған жай ғана дәрі-дәрмек жағынан түзету енгізуге тура келді, өйткені біз өз Орталығымызда өте заманауи препараттармен жұмыс істейміз және оларды онша көп тағайындамауға тырысамыз. Көбінесе пациенттер диагноздарын растау үшін жүгінді және қосымша ұсыныстар естігісі келді, – деп атап көрсетті ОКА дәрігер-неврологы, қозғалыстағы бұзылыстар жөніндегі маманы Жаныбек Мырзаев.
-Мен 11 пациент қабылдадым және олар Ақтөбе өңірінде білікті көмек алатыны туралы айтқым келеді, мұнда да Алматыдағы сияқты аллергия, демікпе проблемалары өршіп тұр, – деп әңгімеледі аллерголог Зарина Джакибаева, – Мен әріптестеріммен қазіргі кезде жақсы әсер ететін аллергияға қарсы вакцинация әдісімен бөлістім. Бұл терапияның пайда болғанына жүз жыл өтсе де, ол үнемі түзетіп отыруды, аллергендермен немесе олардың құрамаларымен толықтыруды қажет етеді. Кез келген жағдайда пациенттерге әр түрлі көздерден көмек алу, ал дәрігерлерге тәжірибесімен бөлісу әрдайым маңызды, біз Ақтөбеде соны жасадық.
СОВМИН ауруханасы дәрігерлерінің батыс өңірдегі жұмысы ертеңге дейін жалғасады.

СОВМИН АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ

Орталық клиникалық аурухана командасының құрамында әр түрлі мамандықтағы алты дәрігер жұмыс істейді, олардың ішінде жетекші нейрохирург, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев бар.
Ол 23 жыл бұрын Бішкек мемлекеттік медициналық академиясын бітірген, одан кейін Астана Медициналық университетінде оқыған, «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Академик Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМАМ-да «Нейрохирургия» мамандығы бойынша оқудан өтіп, болашағынан зор үміт артатын жас маман ретінде жақсы әсер қалдырды. Клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін Тараз қаласының №1 ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде жұмыс істеді, ол жерде «Қаланың ең үздік жас дәрігері» конкурсына қатысып, гран-приді жеңіп алды.
2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық конкурстың жеңімпазы атанды. ОКА-да Марат Аманғалиұлы Саршаев 7 жылдан бері жұмыс істейд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркия, БАӘ, Хорватия, Франция, Ресейдегі түрлі халықаралық семинарлар мен курстарда білімін жетілдіріп отырады.
Дәрігер ми мен жұлындағы ісіктерді алып тастау, омыртқа патологиялары бойынша ми тамырларына эндоскопиялық, эндоваскулярлық және микронейрохирургиялық операциялар жасауға мамандаған, жұлындық және тригеминальды ауруды хирургиялық емдеумен айналысады.
– Қазақстан, оның ішінде біздің аурухана әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан кейін қалмайды. Бізде жақсы тәжірибе, жабдық, білім бар. Бәрінен бұрын біздің бұл операциялар барлық мұқтаж адамдарға қолжетімді болуы керек деп ойлаймын, деп атап көрсетті нейрохирург.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, біз сыртқы ортамен әрдайым тығыз байланыста боламы

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, біз сыртқы ортамен әрдайым тығыз байланыста боламыз. Бізге атмосфералық қысым, ылғалдылық және басқа да көптеген жағдайлар әсер етеді. Егер адамның қандайда да бір ауруы, органдар жұмысындағы үйлесімсіздік болса, онда ауа райына тәуелділік белгілері пайда болады.
Бұл жағдай әр адамда әр-түрлі байқалады. Ауа райына тәуелділіктің ең көп таралған белгілері:
 Жеңіл сырқат, шаршау;
 Тәбеттің жоғалуы, буынның ауруы;
 Бас айналу, бас сақинасы, құлақтың шуылдауы;
 Қан қысымының түсіп кетуі, жүрек қағу;
 Созылмалы аурулардың асқынуы;
Ауа-райының күрт ауысуынан жүрек және қан тамырларының аурулары бар адамдарда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін және микард инфарктінің даму ықтималдылығы артады. Артериялық қысымның кенеттен көтерілуі гипертониялық аурудың күрт асқынуына алып келуі мүмкін. Тыныс алу демікпесі бар адамдарда тұншығу ұстамасы жиілейді.
Ауа райына сезімталдылықты емдеу және алдын алу әдістері.
Ауа райына сезімталдылықтан арылудың бірден бір жолы салауатты өмір салтын ұстану. Иммунитетті және ағзаның қорғаныш функцияларын нығайту қажет. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтану, таза ауада табиғи белсенділік, ұйқының қануы аса маңызды. Ауа райына сезімталдылық кезінде жаяу жүру, жүгіру, контрасты душ қабылдау, тыныс алу жаттығуларын жасау көмектеседі. Күн сәулесі және ауа ваннасын қабылдау ұсынылады. Зиянды әдеттерден – темекі шегу, ішімдік ішу, психикалық белсенді заттарды қолданудан бас тарту аса маңызды, себебі олар иммунитетті бірден төмендетіп жібереді.
Егер қан қысымының төмендегені байқалса, онда дәрігерден кеңес алып, дәрумендер ішіп, шөптер тұнбасын (сермене, элеутерококка және т.б.) немесе қою шай дайындау қажет.
Қолайсыз ауа райында құрамында темір, кальций және аскорбин қышқылы бар тағамдар жеуге тырысыңыз. Тұзды пайдалануды шектеңіз.
Аман болыңыз және әрқашан денсаулығыңыз мықты болсын!

ЖРВИ, КОВИД ЖӘНЕ ТҰМАУДЫҢ КӨБЕЮ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ

Маусымдық инфекциялық аурулардың көбеюі кезеңінде «Орталық клиникалық аурухана» АҚ жоғары санатты дәрігер-инфекционисі «Халық алғысы» медалінің иегері Сәуле Шагманова «Караван» газетіне қызықты және маңызды сұхбат берді.
– Міне, үш жыл бойы біз коронавирустық инфекция бойынша
пандемия жағдайында өмір сүріп жатырмыз, бұл ауру иммунитетті қатты әлсіретеді. Ковидпен ауырғаннан кейін ковидтен кейінгі синдром пайда болады: ауырып жазылған адам ұзақ уақыт қалпына келеді, түрлі ауруларға сезімталдығы артады. Яғни халықтың иммундық жүйесі әлсіреген. Сонымен қатар әлемде COVID-19-дың әр түрлі штаммдары айналып жүр. Қазіргі уақытта Алматыда «омикрон» деп аталатын бір түрі бар, әрі вирус үнемі мутацияланады, 30-дан астам түрі белгілі. Мутацияланған жаңа штамм адамдарға жұққан кезде олардың иммунитеттері тітіркенеді.
Сонымен қатар иммунитетке экология, әсіресе Алматының басты соры – лас ауа әсерін тигізеді. Әсіресе жастар арасында үйлесімсіз тағам, уақытымен тамақ ішпеу, жүріп ішу, компьютердің алдында отырып тамақтану, жиі фастфуд жеу жатады. Тұтас ұрпақ зиянды сусындар – тәтті газдалған, күш-қуат беретін сусындар ішеді. Зиянды дағдылар – есірткі заттарын пайдалану, алкоголь, әсіресе сыраны көп мөлшерде ішу әдетке айналған.
Сонымен қатар темекі шегу, әрі темекі шегушілер арасында қыздар көбейген. Жастардың бәрі дерлік темекі шегеді. Тыныс алған ауа бойынша бір қорқор шегу 100 темекі шеккенмен бірдей болады.
Біздің иммунитетімізді іштей жейтін тағы бір фактор – күйзеліс.

Суықтан болатын аллергия

Суыққа аллергия дегеніміз не?
Суыққа аллергия — бұл ағзаның төменгі температураның әсеріне реакциясы, бұл әдетте есекжем: қышыма бөртпе, терінің күлдіреуі түрінде байқалады.
Суықтық аллергия мынадай түрде байқалуы мүмкін:
• бөртпелер (қолға және аяққа жиі шығады): іріңсіз бөртпелер, бөртпелер, күлдіреу;
• бөртпе шыққан жердің қышуы;
• мұрынның бітуі, жөтел, түшкіру;
• қалтырау, талып қалу алдындағы жағдай;
• тіл мен еріннің ісуі;
• ауаның жетіспеуін сезіну, тыныс алудың қиындауы, кенеттен ентігу;
• көздің жасаурауы, көздің шаншуын сезіну.

Ұқсас симптомдардың байқалуы— нақты диагноз қою үшін аллергологтан кідірмей кеңес алуға себеп болады.
Суыққа аллергияның дамуына қауіп факторлары:
• Әлсіреген иммунитет.
• Күйзеліс.
• Тұқымқуалаушылық.
Суыққа аллергия сыртқы факторға реакция болып табылады, сондықтан терінің қоздырғышпен – суықпен байланысын азайту немесе болдырмау қажет. Аллергияның алдын алу осы жағдайды туындататын факторларды болдырмау болып табылады.
Совминнің аллергология бөлімшесі +7 727 261-97-31; + 7 727 261-04-50.

Егде жаста құлау және жарақат алудың алдын алу

Құлау қаупі туралы нені білу маңызды?
Егде жастағы адамдар психологиялық тұрғыдан да әлсіз келеді. Құлағаннан
кейін оларда үрей, мазасыздық пайда болады. Қайтадан құлаудан қорқу адамды аз қимылдауға мәжбүрлейді, яғни құлау және жарақат алу қаупі одан сайын артады.
Аулада және көшеде серуендеген кезде қасында бірге жүретін адамның болуы аса маңызды – егде жастағы адамдарда көбіне ми тамырларының аурулары болады, бұл бастың айналуына немесе бағдардан ажырауға алып келуі мүмкін.
Егер сіздің жақын адамыңыз:
 егде жастағы және/немесе аз қимылдайтын адам болса;
 тыныштандыратын, мысалы- ұйықтататын препараттар қабылдайтын болса;
 онкологиялық аурулармен ауырса;
 жүрек-қан тамыры және неврологиялық аурулармен ауырса;
 көзі дұрыс көрмесе;
 деменциямен ауырса;
 инсультті басынан өткерсе аса мұқият болыңыз;
Қауіптерді азайту үшін бөлме кеңістігін дұрыс жабдықтау, киімді және аяқ киімді ұқыпты таңдау қажет, сондай-ақ тағам рационы мен тағайындалған дәрі-дәрмектерді қадағалаған жөн. Әлсіреген адамды ұзақ уақыт жалғыз қалдырмаңыз.
Тағы не маңызды:
• Қарт адамға кальций (сүт өнімдері, брокколи, үрмебұршақ, жаңғақтар) және D дәрумені (балық, балық майы, сарыуыз, сиырдың бауыры) қажет;
• Таза ауда серуендеу керек. Құлау қаупі белсенді өмір сүрудің соңы емес;
• Бұлшықет тонусын көтеру үшін жеңіл жаттығулар жасау қажет;
• Егде жастағы адамның кез келген есту және көру қабілеті нашарлаған кезде дәрігерден кеңес алу қажет;
• Артериялық қысымды бақылап отыру қажет – қан қысымы бірден ауысқан кезде адамның басы айналуы мүмкін;
• Күнделік арнап, оған құлау туралы ақпараттарды жазып отырған жөн: қашан және қай жерде құлады, неге бұлай болды, құлауға не себеп болды;
• Егер науқас адам сізді шақырса, ести алатыныңызды және қаншалықты жылдам жететініңізді тексеріңіз. Көмекке келуге дайын болыңыз!
Егер адам құлап қалса, оған өз күшіне сенімділігін қайтару маңызды. Адамға қайтадан құлап қалу қорқынышынан құтылуға көмек беру аса маңызды.
Егде жастағы адамдарда жарақаттану қаупін азайту жақындары тарапынан
қамқорлық қана емес, сондай-ақ адамдардың өз денсаулығына және қауіпсіздігіне мұқият қарағанда мүмкін болады. Бұл адамның өзінің және оның айналасындағылардың өмір сапасын едәуір жақсартады.

Босану, жаралану, жарақат алу, қызықты оқиғалар – дәрігерлердің жаңа жылдық кезекшілігі қалай өтеді

Босану, жаралану, жарақат алу, қызықты оқиғалар – дәрігерлердің жаңа жылдық кезекшілігі қалай өтеді.
Бұл мақалада жазылған оқиғалар біздің қызметкерлердің өмірінде бұрынғы жылдары еліміздің әр түрлі ауруханаларында жұмыс істеген уақытта болған.
Біз жаңа жылды үйімізде және демалыста жақындарымызбен бірге тойлап жатқан кезде дәрігерлер мен кезек күттірмейтін кәсіп мамандары өз қызметтерін атқарады. Біз СОВМИН ауруханасының дәрігерлерінен жаңа жылдық кезекшіліктері қалай өткенін және қандай оқиғалар мәңгі есте қалғаны туралы сұрадық.
ПАЦИЕНТТЕН КҮТПЕГЕН ҚОЛДАУ
– Ең есте қалатын кезекшілік жас кезімде кезек күттірмейтін қызметте болды, бұл қиын тоқсаныншы жылдар болатын, – деп есіне түсірді хирургия жөніндегі вице-президент Данияр Аманғалиев, – Әдетте түнгі 12-де бәрі тыныш болатындықтан біз өз әріптестерімізбен мейрамды атап өтетінбіз, түнгі бірге қарай жараланған, жарақат алған пациенттерді әкеле байстайтын. 12-ден кейін кавказдық ер адамды тіккенім есімде. Мен оны тігіп жатып осындай кәсіпті таңдағаныма күрсіндім, ал ол болса кушеткада жатып, маған қолдау білдіруге шамасы келді:
– Інім, сен осы жұмысты өзің таңдадың, сенің хирург болғаның мен кінәлі емеспін ғой, шыда інім!
Әрине, бұл мандықты мен өзім таңдадым, мен сол кезде ойландым, содан кейін жаңа жылдық көңіл күйдің бұзылғанына өкінбейтін болдым. Себебі бұл күн де басқа күндер сияқты ғой.
ЖАҢА ЖЫЛ КҮНІ ТУҒАН ЕР БАЛА
– Жас кезімізде біз достарымызбен, отабасымызбен Жаңа жылды қала сыртында қарсы алатынбыз, сондағы бір әйелдің аяғы ауыр болатын, -деп айтып берді емдеу алдын алу жұмысы жөніндегі вице-президент Жанар Құсымжанова, – біз бәріміз оған сен жаңа жыл күні босанасың деп қалжыңдайтынбыз және дәл солай болды. Толғақ күтпеген жерден басталды, тезірек машинаға отырып төмен түсу керек болды, жедел жәрдем шақыру мүмкін болмады, себебі тауда байланыс жоқ. Әйел жолда босанып қалды, менің дәрігер күйеуім босандырып алды, мен оған көмектесіп тұрдым. Өзіміздің барлық киімдерімізді төсеп, қолда бар құралдармен кіндігін кестік. Бәрі жақсы аяқталып ер бала дүниеге келді, оны бірден курткаға орап, перзентханаға жеткіздік. Ата-анасы корей ұлтынан еді, алайда ер баланың атын менің күйеуімнің құрметіне орай -Бақытжан деп қойды. Айтпақшы Бықытжан Цой тынымсыз бала болып өсті, ата-аналары оны жедел жәрдеммен талай рет шұғыл түрде ауруханаға апарды.
– МЕН НЕГЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРДЫМ?
– Жаңа жылдық кезекшілік кезінде қабылдау бөлімінде бәрі әдеттегідей,
бірақ сағат он екіде көбінесе тыныш болады, содан біз мерекені тойлап үлгеретінбіз, – деп өз ойымен бөлісті қабылдау бөлімінің дәрігер-кардиологы Денис Пак, – Менің есімде тек бір пациент қалыпты. Оны он екіге бес минут қалғанда әкелді, ол барлық тексерулерден өтті, жаңа жыл басталды, ал ол болса, бұл кезде әлі кушеткада жатты. Ол ер адамның аздап қысымы көтерілген, емдеуге жатқызуға қажеттілік болмады, сосын ол «мұндай боларын білгенімде, үйде туыстарымның жанында қалуым керек еді, босқа уақытымды өткіздім» деп, келгеніне өкінген еді.
ТОНЫМДЫ КІМ ҰРЛАДЫ?
– Менің есімде ең қатты қалған кезекшілік, ол тоқсаныншы жылдардағы
еді, жаңа жылды қарсы алуға үйге барғаным сол еді, ауруханаға бір науқас түсіп, мені шұғыл операцияға шақырды, – деп есіне алды урология бөлімінің меңгерушісі Айдар Бегалин, – Мен жаңадан сатып алған тонымды кабинетке шешіп, халатымды ауыстырып кидім де, операцияға кеттім, қайтып келсем, тоным жоқ болып шықты. Мен сонда қатты ренжідім, ол кезде сапалы киім табу қиын еді, жұбайымнан маған бір машина жіберуін өтінуіме тура келді, өйткені сыртымнан киетін ештеңе болмады. Бірақ бұл қолайсыздықтың еш әсері тимей, ол жыл жақсы өтті. Сондықтан «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің» деген ырымға сене беруге де болмайды, бәрі өзімізге байланысты.
ЕҢ БАСТЫСЫ – ШАМАҢДЫ БІЛУ!
– Біздің нейрохирургияға жаңа жылғы түнде сағат он екіден кейін
пациенттер көбінесе ашық, жабық бас сүйек-ми жарақаттарымен түсетін, бұл жылдан жылға қайталанатын, сондықтан біз жаңа жылдық кезекшілік кезінде ешқашан босаңсыған емеспіз, – деп сырымен бөлісті нейрохирург Шаяхмет Маханбетхан, – Осыған байланысты жаңа жылда операция үстелінен бір-ақ шықпау үшін ішімдік, тамақ ішудің, көңіл көтерудің өлшемін білген дұрыс деп ойлаймын.
– Меніңше, біздің жұмысымызда мереке, жұмыс күндері деген жоқ, әр
кезекшілік – бұл, жауапкершілік. Жаңа жылдық түнде, әрине, шұғыл мерекелік үстелге отырамыз, бірақ ұзаққа емес, біз адам өміріне жауаптымыз, сондықтан қызметте босаңсуға болмайды, – деп қорытындылады өз сөзін СОВМИН ауруханасының реаниматологы Юрий Хайленко.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.