Құрметті пациенттер!

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты:
1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ға ТІРКЕЛГЕН дене қызуы бар пациенттерге тіркеу орнының телефон нөмірі бойынша үйге дәрігер шақыру:
– 261-28-69, 261-27-56;
– 103 телефон нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру ұсынылады.

2. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ға ТІРКЕЛМЕГЕН дене қызуы бар пациенттерге:
– тіркелген жері бойынша емдеу мекемесіне бару;
– 103 телефон нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру ұсынылады.

УӘКІЛЕТТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР КАРАНТИН ДЕП БЕЛГІЛЕГЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ж.Бекшиннің «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы» қаулысына және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №25-ПГВр Жарлығына сәйкес

УӘКІЛЕТТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР КАРАНТИН ДЕП БЕЛГІЛЕГЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА, ОРЫН-ЖАЙЛАРДА, СОНДАЙ-АҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ  АУДИО, ФОТО ЖӘНЕ ВИДЕО ТҮСІРІЛІМДЕР ЖАСАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

БАҚ үшін хабарлама

 

ҚР ПІБ МО мекемелерінде енгізілген карантинді бақылауға алу 

17.03.2020 ж.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының мекемелері 2020 жылдың 17 наурызынан бастап                      2020 жылдың 15 сәуіріне дейін карантинге жабылды.

«Бүгіннен бастап барлық медициналық мекемелерде                                 – ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернаттарда карантин енгізіледі. Бұл аталған объектілерге, ұйымдарға оларда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерден өзге адамдарға баруға тыйым салынады дегенді білдіреді. Бұл – аталған мекемелерде жатқан біздің пациенттерді қорғауға бағытталған. Бұдан бөлек, бұл медициналық ұйымдардағы санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді, оның ішінде фото және бейне түсірілімдерге тыйым салынды»,- деді денсаулық сақтау министрі  Елжан Біртанов.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханаларындағы барлық жоспарлы операциялар, зерттеулер, пациенттерді қабылдау төтенше жағдай режимінің әрекеті аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрды.

Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз-дағы 08.00 пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07.00 кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

 

Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз-дағы 08.00 пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07.00 кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

https://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/kazakstan-respublikasynda-totenshe-zhagdaidy-engizu-turaly

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер!

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты:

  1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ға ТІРКЕЛГЕН дене қызуы бар пациенттер тіркеу орнының телефон нөмірлері бойынша үйге дәрігер шақыру:

– 261-28-69, 261-27-56;

– 103 телефон нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру ұсынылады.

  1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ға ТІРКЕЛМЕГЕН дене қызуы бар пациенттерге:

– тіркелген жері бойынша емдеу мекемесіне бару;

– 103 телефон нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру ұсынылады.

Гипербаротерапия – жоғары атмосфералық қысымы бар оттегін емдеу-профилактикалық мақсатта қолдану.

Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында Гипербаротерапия – жоғары қысымы бар оттегін (гипербария) емдеу-профилактикалық мақсатта қолдану әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс негізделетін қағида физикалық механизмдер арқылы тіндерді газбен қанықтыруды және таратуды реттейтін физика заңдарымен шартталады. Адам бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін тамақсыз өмір сүре алады, ал оттегінсіз мүлдем өмір сүре алмайды. Оттегінің организм үшін рөлі өте зор. Тіпті, тіндер мен ағзаларға оттегі жетіспесе, организмге кері әсер етеді. Гипербаротерапияны емдеу-профилактика үшін пайдаланудың мынадай әсері бар: бронхолиялық, метаболизмдік, компрессиялық және рекомпрессиялық, ауырсынуды басатын.  Барлық аурулар кезінде оттегін тасымалдау бұзылған жағдайда сол ағзаның тінінде гипоксия пайда болады (оттегінің жетіспеушілігі), әсіресе, гипоксияға ми мен жүрек сезімтал болып келеді. Гипоксия түрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін: тамыр өткізгіштігінің, қанмен қамтитын ағзалар қызметінің бұзылуынан, гемоглобин деңгейінің төмендеуінен және басқа да себептерден болуы мүмкін. Науқастар барокамерада жатады немесе отырады. Барокамераны герметизациялағаннан кейін онда сығылған ауа жүйесі арқылы қысымды арттырады. Барокамераны желдету уақытын желдетілетін бөліктің көлемі мен науқастар санына байланысты белгілейді. Әрбір келесі желдету бірінші желдету ұзақтығының тура жартысына тең аралық уақытта жүргізіледі. Күн сайын жүргізілетін процедуралардың жалпы ұзақтығы 60 минутты құрайды.

Гипербариялық оксигенация әдісі кез келген гипоксияны жоғары қысым арқылы емдеуге мүмкіндік береді. Ал, гипобариялық бейімделу әдісі науқастың және дені сау адам организмінің қорғану күшін арттырады.

Дәрілік препараттардың көп және қолжетімді болуы, пациенттің тек жақсы дәрілер ғана көмектеседі деген сенімділігі дәрігерге адамда табиғатынан берілген табиғи ресурстарын дәрі-дәрмексіз емдеу әдісіне баса назар аударуға мүмкіндік бермейді.

Пациенттердің кешенді терапиясына енгізілген гипербариялық оксигенация әдісі (ГБО), аса тиімді әрі негізгі әдіс болып табылады.

ГБО тиімді патогенетикалық шартталған дәрі-дәрмексіз емдеу түрі болатын жағдайлар:

Жүрек:жіті коронарлық синдром және миокард инфаркты, ЖИА-ның аритмиялық нұсқасы, стенокардия, аритмия, экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі, инфарктен кейінгі жағдайлардың декомпенсациясы, жүрек гликозидтерінен интоксикация, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі.

Тамырлар:операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде тамырлардың тарылу аурулары, тромбоэмболияны хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін ерте қалпына келу кезеңі, қан айналымының бұзылысы нәтижесіндегі трофикалық ойық жаралар, васкулиттер.

Өкпе:іріңді-деструктивті (операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде), созылмалы спецификалық емес аурулар (өкпелік жүректің айқындалған белгілері бар).

АІЖ: асқазан мен аш ішектің ойық жара аурулары, ойық жарадан қан кетуден кейінгі постгеморрагиялық синдром, динамикалық тарылу, аш ішек пен тоқ ішектің асқынған аурулары.

Бауыр және ұйқы безі: жіті және созылмалы гепатит, цирроз, бауыр жеткіліксіздігі, жіті панкреатиттің барлық түрі, соның ішінде операциядан кейінгі кезеңдегі.

Жүйке жүйесі: ишемиялық инсульт, БМЖ (жіті және кеш қалпына келу кезеңі),жұлын жарақаты, нейроинфекциядан, энцефалопатиядан кейінгі жағдай, перифериялық нервтердің кесілуі, дорсопатия, демиелинизиялық аурулар.

Эндокриндік жүйе: қант диабеті және оның асқынуы, диффузды-уытты зоб.

Акушерлік: құрсақішілік гипоксия және ұрықтың гипотрофиясы, түсіктің болу қаупі, ілеспелі патология кезіндегі жүктілік, иммуноконфликті, эндокринді жүйе патологиясы, бедеулік.

Жаңа туған нәрестелердің патологиясы: босанғандағы асфиксия, қан айналымының бұзылысы, гемолиялық ауру, ойық жара-некротикалық энтероколит.

Гинекология: кіші жамбас ағзаларының созылмалы асқынған аурулары.

Травматология: баяу шоғырланған сынықтар, остеомиелиттер, остеопороздар.

Жарақаттар: инфекцияның алдын алу, бос ұсақталған, жамбастың тесілуі, күйіктер, үсу, позициялық қысылу синдромы, операциядан кейінгі.

Тері және тері шелі инфекциялары, дерматиттер, псориаз.

Көз:Көздің ішкі тор қабығы қан айналымының бұзылысы, диабеттік ретинопатия, метил спиртімен уланған кездегі көру нервсінің дистрофиясы.

ЛОР-ағзалары: аяқ асты болған кереңдік, сенсорлық кереңдік.

Бет-жақ сүйек патологиясы: пародонтоз, некротикалық гингивит және стоматит.

Қалпына келтіру және пластикалық хирургия: сегменттердің бөлшектенген реплантациясы, құнарлы аяқшаға кесінділерді қондыру, пластикалық және косметикалық операциялардан кейін жазылуды жақсарту.

Онкология және радиациялық медицина: химио- және сәулелік терапия алатын пациенттер; радиациялық остеонекроз, миелит, энтерит.

Психиатрия және наркология: патогенезде гипоксияның жетекші рөлі бар психикалық бұзылыстар (церебральды атеросклероз, ЖИА және миокард инфаркты, мидың жарақаттық, уытты және дегенеративті-атрофиялық зақымдануы), созылмалы немесе жіті интоксикация салдарынан болған психикалық бұзылыстар (созылмалы алкоголизм, алкогольді психоздар, барбитураттармен улану), эндогенды психоздар, шизофренияның жекелеген түрлері, жүйкенің жұқаруы, астеник бұзылыстары, аффектілік бұзылыстардың үлкен тобы, депрессиялық бұзылыстар қатары, жады мен естің нашарлауымен психоорганикалық синдром, абстинентті синдром, наркотәуелділік.

Айқындалған геморрагиялық анемия.

Реанимациядан кейінгі ауру. хирургиялық операцияларға дайындалу және одан кейін ГБО қолдану ұсынылады: пациент наркоздан жылдам және ауырсынусыз шығады, жазылу мерзімі айтарлықтай қысқарады, асқынулар қаупін төмендету.Спорттық медицинада – жаттығу деңгейін жоғарылату және жүктемеден кейін қалыпқа келуді жылдамдату. Дені сау адамдарда ГБО бейімделу мүмкіндіктерін айтарлықтай жоғарылатады. Барокамерадағы сеанстар шаршағанды басады, ауыр жұмыстан кейін күшті қалпына келтіреді, бұлшықет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеті бар, ерлерде жыныстық қызметті жақсартады, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді. ГБО курсынан өткендер жұмыс қабілеттілігінің артуын және психоэмоционалдық жағдайдың тұрақтанғандығын байқайды.

Барокамерадағы сеанстар:Шаршағандықты басады, ауыр жұмыстан кейін күшті қалпына келтіреді, бұлшықет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеті бар, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді.

Мекенжайымыз: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Алматы қ., Панфилов к., 139, Жамбыл к-ң қиылысы.

Тел.: 261 04 50

ҚР еңбек сіңірген, жоғары санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты – Мулюков Ахат Аминович 8701 340 80

бірінші санатты дәрігер – Даниярова Меруерт Торехановна 8702 777 23 55

жоғары санатты мейірбике – Кабазова Гулзинаш Гизатовна

жоғары санатты мейірбике Кудабаева Сауле Ракишевна

Әрбір құтқарылған өмір үшін қуанамыз!!!

Интервенциялық кардиологтың өмірінен бір күн

Мен Алматы қаласы клиникаларының бірінде дәрігер-интервенциялық кардиолог болып жұмыс істеймін. Дәрігерлік қызметімді осыдан 20 жыл бұрын жәй кардиолог болып бастадым, шетелде оқыдым, міне, енді 17 жыл бойы жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары және жүрек артериясының бітелуі бар пациенттерге операция жасаймын.

7.30-да мен бөлімшеге келіп қоямын, бөлімшедегі кезекші дәрігерлермен олар операция жасаған шұғыл пациенттердің жағдайын талқылаймыз, операциялардың барысы жайлы бейнежазбаларды көрем және міндетті түрде әріптесіме құтқарған өмірлер үшін алғыс айтамын. Бұдан кейін сол күні болатын операциялар барысын талқылай отырып, лездеме болады, сондан кейін реанимациядағы науқастарды аралап қараймын.

8.00-ден бастап дәрігерлер операция жасай бастайды: коронарография (жүректі қоректендіретін тамырларды зерттеу) стеноздар анықталған жағдайда (атеросклероздың әсерінен коронарлық тамырлардың тарылуы) коронарлық артерияларды стенттейміз (тамыр саңылауына «стент» темір серіппесін орнату). Мұндай операциялар күніне 5 және одан да көп болуы мүмкін. Біз жасайтын операциялардың барлығы аз инвазивті болып табылатындығын айта кеткім келеді. Олардың бірегейлігі мен артықшылығы пациентте асқынулар аз болады және оңалту кезеңі де жеңілдеу өтеді. Пациентке наркоз салынады, барлығы жергілікті ауырсынды басу арқылы жасалады, яғни, операция кезінде адам есін біліп, сезіп жатады. Барлық операциялар ангиографиялық құрылғыда жасалады, яғни, рентген сәулесімен, сондықтан, барлық медицина қызметкерлері операция кезінде арнайы рентгеннен қорғайтын фартук киеді.

Жүрек тамырларын диагностикалау жайлы айтатын болсақ, ол орташа есеппен 5-10 минут уақыт алады. Егер, бұл операция болса, мысалы, стенттеу, онда диагностиканы қосқанда орташа есеппен 30 минут уақыт алады. Жүрекке дейін жету үшін біз кәріжілік немесе сан артериясы арқылы жасаймыз. Арнайы өткізгіштер, катетерлер мен аспаптар орнатып, проблемасы бар жерге жетіп, оны емдейміз.

Сондай-ақ біздің бөлімше көп бейінді, сондықтан дәрігерлердің мамандықтары да әр түрлі: интервенциялық кардиолог, аритмолог, тамырлы хирург, рентгенхирург. Біреуі операция жасап жатқанда басқалары бұл уақытта бөлімшелерді аралап қарайды, операциядан шыққан пациенттерді келесі күні тексеріп қарайды, олармен әңгімелеседі, операция жасалатын пациенттермен алда болатын операция жайлы сөйлеседі, консультация береді. Осындай режимде бір күнің жылдам өте шығады, үйге қайтатын уақыт да болып қалады.

Ең ауыры көктемде жұмыс істеу, себебі сен жұмысқа келе жатқанда – қараңғы, ал жұмыстан шықанда – қараңғы, күннің көзін, шуақты күндер мен тамаша ауа райын тамашалай алмайсың.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.