Интервенциялық кардиологтың өмірінен бір күн

Мен Алматы қаласы клиникаларының бірінде дәрігер-интервенциялық кардиолог болып жұмыс істеймін. Дәрігерлік қызметімді осыдан 20 жыл бұрын жәй кардиолог болып бастадым, шетелде оқыдым, міне, енді 17 жыл бойы жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары және жүрек артериясының бітелуі бар пациенттерге операция жасаймын.

7.30-да мен бөлімшеге келіп қоямын, бөлімшедегі кезекші дәрігерлермен олар операция жасаған шұғыл пациенттердің жағдайын талқылаймыз, операциялардың барысы жайлы бейнежазбаларды көрем және міндетті түрде әріптесіме құтқарған өмірлер үшін алғыс айтамын. Бұдан кейін сол күні болатын операциялар барысын талқылай отырып, лездеме болады, сондан кейін реанимациядағы науқастарды аралап қараймын.

8.00-ден бастап дәрігерлер операция жасай бастайды: коронарография (жүректі қоректендіретін тамырларды зерттеу) стеноздар анықталған жағдайда (атеросклероздың әсерінен коронарлық тамырлардың тарылуы) коронарлық артерияларды стенттейміз (тамыр саңылауына «стент» темір серіппесін орнату). Мұндай операциялар күніне 5 және одан да көп болуы мүмкін. Біз жасайтын операциялардың барлығы аз инвазивті болып табылатындығын айта кеткім келеді. Олардың бірегейлігі мен артықшылығы пациентте асқынулар аз болады және оңалту кезеңі де жеңілдеу өтеді. Пациентке наркоз салынады, барлығы жергілікті ауырсынды басу арқылы жасалады, яғни, операция кезінде адам есін біліп, сезіп жатады. Барлық операциялар ангиографиялық құрылғыда жасалады, яғни, рентген сәулесімен, сондықтан, барлық медицина қызметкерлері операция кезінде арнайы рентгеннен қорғайтын фартук киеді.

Жүрек тамырларын диагностикалау жайлы айтатын болсақ, ол орташа есеппен 5-10 минут уақыт алады. Егер, бұл операция болса, мысалы, стенттеу, онда диагностиканы қосқанда орташа есеппен 30 минут уақыт алады. Жүрекке дейін жету үшін біз кәріжілік немесе сан артериясы арқылы жасаймыз. Арнайы өткізгіштер, катетерлер мен аспаптар орнатып, проблемасы бар жерге жетіп, оны емдейміз.

Сондай-ақ біздің бөлімше көп бейінді, сондықтан дәрігерлердің мамандықтары да әр түрлі: интервенциялық кардиолог, аритмолог, тамырлы хирург, рентгенхирург. Біреуі операция жасап жатқанда басқалары бұл уақытта бөлімшелерді аралап қарайды, операциядан шыққан пациенттерді келесі күні тексеріп қарайды, олармен әңгімелеседі, операция жасалатын пациенттермен алда болатын операция жайлы сөйлеседі, консультация береді. Осындай режимде бір күнің жылдам өте шығады, үйге қайтатын уақыт да болып қалады.

Ең ауыры көктемде жұмыс істеу, себебі сен жұмысқа келе жатқанда – қараңғы, ал жұмыстан шықанда – қараңғы, күннің көзін, шуақты күндер мен тамаша ауа райын тамашалай алмайсың.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.