ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СОВМИН ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН БІЛІКТІ КӨМЕК АЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СОВМИН ДӘРІГЕРЛЕРІНЕН БІЛІКТІ КӨМЕК АЛДЫ
Орталық клиникалық аурухана дәрігерлері Тараз ауруханаларында 6 операция, 7 семинар және 50-ден астам консультация өткізді. ҚР ПІБ Медицициналық орталығының күндері аясында Жамбыл өңіріне нейрохирург Марат Саршаев, уролог Шарафаддин Азизов, гинеколог Айгүл Тұрсынова, рениматолог Айнұр Қаріпжанова, терапевт Элеонора Старцева, клиникалық фармаколог Дидар Бәкібаев және ішкі аудит маманы Эльмира Забирова аттанған еді.
Мамандарымыз кондуитті цистэктомия, лапароскопиялық гемиколэктомия, миомэктомия және гистероктомия, бет нервісінің микроваскулярлы декомпрессиясын, экстраинтракраниалды кішкентай тамырлар анастомозы, жанаспалы лазерлік литотрипсия сияқты операциялар жүргізді.

  • Мен айтарлықтай күрделі операциялар жасадым. Мақсатымыз да сол – жергілікті әріптестерімізге өз әдістерімізді көрсету еді. Бүйректен үлкендігі 2,5 см болатын тасты несеп жолы арқылы өздігінен шығарып, алып тастау операциясын өткіздік. Біріншісін өзім, екіншісін тараздық дәрігерлермен бірге жасадық. Совминдік басқа хирургтер де солай өткізді. Өңірдің медицинасы тамаша дамыған, дегенмен кей күрделі жағдайда пациентті орталыққа – Алматы мен Астанаға жөнелту қалыптасқан. Кеңесімізге жүгінген халықтың қарасы әжептәуір қалың, байқасақ, жергілікті халық үлкен қалалардан келген мамандарға көбірек сенеді екен. Осы жағынан да ақыл-кеңесімізді бөлістік – жағдайы ауыр пациенттермен жұмысты қалй жүргізу керек және сенімді қалай арттыру керек деген бағытта кішігірім оқу өткіздік, – дейді Шарафаддин Азизов.
    Бұдан бөлек алматылық мамандар операция бөліміндегі сепсис, антибиотиктерді азайту, дәріге туындайтын аллергия сияқты маңызды медициналық тақырыптардағы семинарлар өткізді.
  • Бұл сапарларымыздың басты мақсаты – адамдарға көмек көрсету. Бірқатар күрделі операция, жүйке жүйесі, омыртқасы, буындары ауыратын ондаған адамға консультация жүргіздім, барлығы астаналардан келген дәрігерлердің жәрдеміне зәру екен. Осы бағытта жақсы жұмыс атқардық, – дейді Марат Саршаев.
    Жыл басынан бері Медициналық орталықтың дәрігерлері өңірлердің басым көпшілігіне барып қайтты, жыл соңына дейін тағы бірнеше аймаққа сапар шегу жоспарланған.
Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.