Сұрақтарға ЛОР-дәрігері Тана Джанысбаева жауап береді

Сұрақтарға ЛОР-дәрігері Тана Джанысбаева жауап береді.
ЛОР-дәрігеріне профилактикалық түрде бару қажет пе?
ЛОР-дәрігердің профилактикалық тексеруі міндетті болып табылады. Өйткені, тек профилактикалық тексерулерде аурудың ерте даму сатысын анықтауға болады.
Синусит дегеніміз не?
Синусит – мұрынның бір немесе бірнеше қосалқы қуысы шырышы қабығының қабынуы. Ол жедел суық тиюдің, тұмаудың және басқа инфекциялық аурулардың асқынуы ретінде, сондай-ақ бет аймағының жарақаттарынан кейін пайда болуы мүмкін. Вирустар да, бактериялар да синуситті тудыруы мүмкін. Негізгі симптомдарының бірі мұрын жанындағы немесе маңдай қуысы аймағындағы, бастың ауруы, жоғары температура болып табылады.
Неліктен мұрын тамшыларына тәуелділік пайда болады?
Тамыр тарылтатын препараттарды жиі пайдаланғаннан кейін, тамшыларды тоқтатқанда, тамырлар қайтадан кеңейіп, қан толып қалады. Нәтижесінде шырышты қабық қайтадан ісінеді және бітелуді жою үшін тамырды тарылтатын компонентті қайта енгізу қажет. Осылайша тамырды тарылтатын препараттарға тәуелділік дамиды. Бітелудің себебін анықтау және кейіннен емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.
Кәдімгі қабынбалы тұмаудың аллергиялықтан тұмаудан айырмашылығы неде?
Аллергиялық тұмау – кез-келген тітіркендіргішке реакция, сондықтан ол кенеттен пайда болады, сонымен қатар айқын қышыну, түшкіру болады. Қабынбалы тұмау тұрақты түрде көрінеді және сонымен бірге, әдетте, кем дегенде аздаған температура мен катаральді симптомдарды болжайды: мысалы, тамақтың қызаруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.