ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ГИНЕКОЛОГИЯ

Біздің гинекология бөлімшесінің дәрігерлері емдеудің дәстүрлі түрлерінен басқа әйел ағзасын түзетумен және жасартумен табысты айналысып келеді, мысалы, контурлық интимдік пластика, лабиопластика, перинеорафияны жасайды және зәрі тоқтамауды емдейді.

Сонымен бірге пациенттерге JCI халықаралық сапа стандарттарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Эстетикалық гинекология әйелдердің өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Қазіргі таңда медицинаның дамығандығы сонша, әйелдер гинекологтарға босанар алдында ғана келмейді, одан кейін де келеді. Әр түрлі жастағы әйелдер бөлімшеден көмек алуға зәру.
Эстетикалық гинекологияның мүмкіндіктері, косметологиядағыдай, сан алуан. Әйелдер жасына қарамай бетіне жасайтынның бәрі гинекологияда да қолжетімді.
Әйелдердің мәселелерінің алдын алу үшін арнайы гимнастикамен айналысу, дәрігердің тағайындауынсыз гормоналдық препараттарды қолданбау, күнделікті гигиенаны сақтау, жағымсыз әдеттерден арылу, су теңгерімін сақтай отырып, қант пен тұз қолдануды барынша шектеу қажет. Спортпен айналысу және күйзеліс жағдайларынан аулақ болу және сырқаттың алғашқы белгілері пайда бола салысымен мамандарға жүгіну өз нәтижесін бермек.

Call-орталық: 8(727)261 04 50
Мекен жайымыз: Алматы қ., Шевченко көшесі, 59.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.