КӨКШЕТАУҒА БАРҒАН САПАР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

КӨКШЕТАУҒА БАРҒАН САПАР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері шеңберінде СОВМИН ауруханасының дәрігерлері 200 тыңдарманға 68 консультация, 4 операция, 9 презентация жүргізді.
Команда құрамында аурухана басшысы Асхат Бралов бастаған үздік нейрохирург, кардиолог, гастроэнтеролог, реаниматолог, невропатолог, онколог болды. Олар консультациялар жүргізді, ондаған науқасқа операциялар жасады, бұлардан басқа әріптестері үшін «Жүректің қабыну ауруларын емдеуге арналған заманауи тәсілдер», «Интракраниалдық бөлімнің артериялық және көктамырлық стеноздарын емдеу бойынша эндоваскулярлық қызметті ұйымдастыру», «Онкологиялық науқастарда химиотерапия жүргізу және оңалту кезеңінде диспепсиялық асқынуларын емдеу бойынша практикалық ұсынымдар», “Өкпе артериясының тромбоэмболиясын диагностикалау, емдеу және алдын алу», «Бас сақинасы – диагностикалаудағы және емдеудегі заманауи тәсілдер», «Таргентті алдын алудың орны»,
“Экстракраниалды майда тамырлы анастомоз” тақырыптарына дәрістер оқыды.
– Маған өте көп науқас келді, өйткені қазіргі кезде невропатологтар аса танымал дәрігерлер болып алды, – деп әңгімеледі ОКА жоғары санатты невропатологы Гүлнара Исканова, – Көбінесе адамдар омыртқа, күйзелістер, паникалық шабуылдар, бас ауруы сияқты проблемалармен шағымданды. Бұл дерттердің бәріне мұқият қарау керек, өйткені олар күрделі аурулардың алғашқы хабаршылары болуы мүмкін, үнемі болатын бас ауруын ауырсынуды басатын дәрімен емдеуге болмайды, аса нақты диагноз бен ем қажет, бұл туралы мен Көкшетау ауруханаларында айттым, менің көмегім бір нәрселерге өзгеріс әкеледі деген ойдамын.
Алдағы уақытта ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері шеңберінде дәрігерлерді басқа өңірлерге сапарлар күтіп тұр.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.