Сұрақтарға жоғары санатты дәрігер гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты – Исакова Гаухар жауап береді.
1.Онкологиялық аурудан қалай сақтану керек?
– Бұл дегеніміз салауатты өмір салтын және күн режимін ұстану, алкоголь мен никотинді қолданбау, уақытылы скринингтен өту және дәрігерге көріну!
2.Асқазанды қалай тексеруге болады, ауруханада қандай зерттеу әдістері бар?
– Ең кең тараған әрі дәйекті зерттеу әдістерінің бірі – бұл Гастроскопия (ФГДС).
Бұл емшараны ашқарынға жергілікті ауырсынуды басатын дәрімен (лидокаин ерітіндісімен) жүргізеді.
Бірнеше органды бірден зерттейді: •өңешті;
•асқазанды;
• аш ішекті.
ФГДС барлық өзгерістерді көрсетеді:
•шырышты қабықтағы;
•эрозиядағы;
•жарадағы;
•ісіктегі;
•қан кетудегі.
3. Онкологиялық ауруды уақытылы анықтау үшін не істеу керек?
– Бұл үшін жергілікті тіркелген жері бойынша емханадан тұрақты түрде скрининг өтіп тұруы тиіс.
Скрининг – бұл қандай да бір ауру түрін немесе аурулар тобын анықтау мақсатында халықты жаппай тексеру.
Қандай да бір патологияны анықтау кезінде жалпы практика дәрігері (ЖПД) сізді әрі қарай қосымша тексеруге және диагнозды анықтауға жібереді!
Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз – бұл сіздің денсаулығыңызға қауіпті және қолайсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін!
Біздің колл-орталығымыз: 8(727)261 04 50
Мекенжайымыз: Шевченко көшесі, 59 үй.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.