Совмин ҚР ПІБ спартакиадасында

ОКА футбол командасы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының дәстүрлі спартакиадасына қатысты. Бұл жыл басынан бері өткен үшінші жарыс. Аурухана спортсмендері бильярд пен қазақша күресте жақсы көрсеткішке жетті. Өкінішке қарай бұл жолы футболдан жүлделі орын ала алмадық.

Команда құрамы жақында толық жаңарған еді, топ мүшелері әлі үйреніспеген сыңайлы, үйлесімдігі бапталмағандықтан нәтиже де көңілден шықпады. Қалай дегенмен дәріхана курьері Таңат Көдеков ойын техникасымен көзге түсіп, Президент Іс Басқармасының құрамасына кірді.

Алда волейбол мен тоғызқұмалақ бойынша ойындар бар. Спортсмендеріміз осы жарысқа дайындығын бастап кетті. Совмин қызметкерлері әрдайым салауатты өмір салтын және ұжымда ынтымақтастық қағидаларын ұстанады. Жеңіске жете беріңіздер, әріптестер!

Совминка на спартакиаде УДП РК

ЛОР дәрігерге қай кезде көріну керек?

Есту қабілеті нашарласа: егер есту қабілетіңіз нашарлап, мүкістік пайда болса, немесе құлақта шу тұрғандай, бітелгендей сезім туса, ЛОР дәрігерге барған абзал.

Құлақ шаншыса: құлақ іші ауырып, жаншыған сезім пайда болса, бұл әлдебір инфекцияның, қабынудың немесе басқа да пролеманың белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда медициналық көмек міндетті түрде қажет.

Мұрын мен тамақ ауруы: тамағыңыз жиі ауырса, мұрынмен дем алу қиындап, бітеле берсе, тамағыңыз қатты тітіркеніп, басыңыз да ауыра берсе, демек ЛОР дәрігерге көрінетін себеп бар.

Жұтыну ауырласа: өңеш бітелгендей сезім туса, жұтыну қиынға соқса тез арада ЛОР дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

Дауысыңыз өзгерсе: дауысыңыз қырылдап, тембрі өзгерсе, сөйлегенде ауырсыну білінсе, ЛОР дәрігер дауыс желбезегін тексеріп, қажетті емін белгілей алады.

Жарақат пен зақым: бет, мұрын, құлақ немесе тамақ жарақатын алсаңыз, тіпті оны болмашы зақым деп ойласаңыз да, ЛОР дәрігерге көрініп, кеңесін алғаныңыз жөн.

ЛОР дәрігерге тұрақты көрініп тұрса көп ауру мен асқынудың алдын алуға болады.

Әр жағдай өзгеше болады, ал біздің мамандар түрлі асқынуды анықтап, емдей алады және қажетті емін белгілей алады.

Дәрігер қабылдауына +7 727 261 04 50 номері арқылы жазылуыңызға болады.

Кәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе?

Кәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе? Адам ғашық болғанда дофамині бар жерлер сәулеленіп көрініп тұрады екен, ал дофамин – жағымды сезімдер тудыратын нейромедиатор.

Тіпті қарапайым рентген де адамның қимыл, есту, көру және эмоциялық сезімдерін көрсетеді. Кез келген күйзелістен ағзада гормондар бөлінеді. Олардың бірі – адреналин, ол қан тамырларын тарылтады, сондықтан біз жүрек тұсында шаншу, ауырсынуды сеземіз – яғни жүрек кәдімгідей қиналып кетеді.

– Адамдар шынында жүректі жанымен байланыстырады, бірақ анығында бұл бұлшықет қана, сондықтан біз оны ерекше нәзік деңгейде сезе аламыз, – деп түсіндіреді оны Орталық клиникалық аурухана кардиологы Гауһар Утина, – махаббат пен сүйіспеншілік сезінгенде біз эмоцияға берілеміз, осы кезде жүрек қаттырақ соғып, химиялық реакция пайда болады.

▪Көбінесе бір жеріміз ауырса, жүрегім ауырып тұр деп ойлап қалуымыз мүмкін. Шынымен жүрек ауырып тұрғанын қалай білуге болады?

Бұл сұраққа дәрігер былай дейді:

– Жүрек қатты шаршағаннан және эмоциялық жүк түскенде ауырады – ауырсыну оң жақтан емес, кеуде тұсында білінеді. Бірдеңе батып, жаншығандай сезім туады, кеуде қуысының тереңінде ауырғандай болады. Сол қол, сол иық, астыңғы иек те сыздайды, іштің жоғары жағы да ауырып, кейде лоқсу пайда болады. Мұндай күй ұзаққа созылмайды – бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. Жүрегіңіз ауырған сәтте қимылды азайтып, сәл тынығып алыңыз. Жүрегі ауыратын кісілерге нитроглицерин көмектеседі, бірақ алғашқы белгілері білінгенде дәрігер кеңесіне жүгінген жөн. Совминде жүрек емімен айналысатын кардиологиялық орталық пен екі бөлімше бар, Медеу ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіледі.

Кардиологтың айтуынша, дәрігерді көмек-кеңесіне жүгінетіндердің басым бөлігі – ер адамдар, қазір тіпті 25 жастағылар да келеді. Емделушілер арасында әйелдер азырақ.

Ауруханадан бір-ақ шықпау үшін салауатты өмір салтын ұстанып, стресстен аулақ болу керек, жүрекке шамадан тыс жүк түсірмеңіз, уақытында тексеріліп, салмағыңыз бен тамақтануды бақылауда ұстаңыз және зиянды әдеттерден бас тартыңыз – дейді кардиолог Гауһар Утина.

ҚҰБЫЛМАЛЫ АУА РАЙЫНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

«Қазгидромет» мәліметінше, биыл Қазақстанда ауа температурасы бойынша 102 жыл бұрынғы рекорд жаңартылды. Ең ыстық күн маусымда тіркелген. Жаздың алғашқы айы адам айтқысыз аптаптан басталып, шілдеде ыстық ауа райы сақталып тұрған. Енді тамызда температура құбылып, бірде ыстық, бірде салқын болады дейді синоптиктер. Ал Совмин дәрігерлері осы құбылмалы кезеңде денсаулығыңызға мұқият болыңыз деген кеңесін айтады.

– Қауіп тобына гипертониктер, қарт кісілер мен балалар кіреді. Егде адамдарда ыстық салдарынан қысымы көтеріліп, криз бен инсульт жағдайлары жиілейді. Ыстық күндері көбірек су ішу керек, абзалы – бөлме температурасындағы су ішу, өйткені суық судан ангина болуы мүмкін. Сау ересектердің су нормасы – күніне 3 литр, басқаларына 2 литр. Жалпы аптап кезінде дене жұмыстарын азайтып, көбірек тынығу қажет, өйткені ағзамыз онсыз да ыстықтан тез қажиды. Ал салқындау күндері міндетті түрде таза ауада серуендеп қайтуға тырысыңыз, – дейді Совмин дәрігері Арина Кирдяйкина.

ДҮНИЕЖҮЖІЛІК ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС КҮНІ. ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА БАУЫР АУРУЛАРЫН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ

ДҮНИЕЖҮЖІЛІК ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС КҮНІ. ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА БАУЫР АУРУЛАРЫН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ

Бауыр – адам ағзасындағы маңызы зор орган, ол бойымыздағы заттектердің алмасу процестерінің барлығына қатысады, өт қызметін реттейді, сүзгі функциясын атқарады.

Дегенімен, бауыр ауруларының ерекшелігі – мұнда ауырсыну рецепторы жоқ. Бауырдың өзі ауырмайды. Науқас оның көлемі ұлғайып, бауыр капсуласы кеңейіп кеткенде ғана бірдеңенің дұрыс еместігін түсінеді. Бауыр ауруларына гепатиттер, оның ішінде токсик гепатит, цирроз, майлы гепатоз, түрлі өскіндер, паразиттік жарақаттар жатады.

– Орталық клиникалық ауруханада біз ең алдымен бауыры ауыратын пациенттің диетасын реттейміз, ауруының себептерін анықтап, толық емдеу шарасын белгілейміз. Оның ішіне дәрі де, емдік дене шынықтыру да, барокамера мен гемокоррекциялық шаралар да кіреді, – дейді гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Жанат Әдибай. – Аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, тамақтануда шектеулерді сақтаған дұрыс. Күйзеліске ұшырамауға тырысып, уақытылы скрининг өтіп тұру қажет. Гепатит жұқтырып алу қаупі әсіресе сұлулық салондарына, стоматологияға барып тұратын, инемен емделіп, қан құйдыратын адамдарға төнеді.

Денсаулығыңызда мына белгілер пайда болса, дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек:

• асқазан бұзылуы: лоқсу, құсу, диарея, іш қатуы, метеоризм, кекірік;
• тері мен көз ішінің сарғаюы;
• тері бөртіп, қышуы;
• тез шаршау, әлсіздік;
• несептің күңгірттеніп, нәжістің ақшылдануы;
• алақанда симметриялы қызыл дақтардың пайда болуы;
• кейде – қызудың көтерілуі;
• асқазан, оң жақ қабырға тұсында ауыртпалық сезіну;
• аяқтың ісінуі;
• іштің ұлғаюы (асцит);
• күндіз ұйқы басып, түнде ұйқысыздық мазаласа;
• тамырлардың жарықшақтанып, теріден көріне бастауы;
• тәбет шаппай, салмақтың түсуі.

Танымал оңтүстіккореялық зертхана Совминде

Танымал оңтүстіккореялық зертхана Совминде

ПІБ МО ОКА АҚ Оңтүстік Кореяның Seegene medical Foundation зертханасымен меморандумға қол қойды.

Бұл компания 33 жылдан бері істеп келеді, қазір мұнда 5 мыңға жуық анализ түрлері жасалады. Компания өкілдері Алматыда Орталық Азиядағы аса дәл анализдер жасалатын үздік зертхана құруға ниетті. Сонымен қатар мамандарды да оқытпақ.

– Біз ең жоғары сапалы нәтижелер шығарамыз, аса сирек кездесетін ауруларды анықтай аламыз. Ол аурулардың тізімін бақылап отырамыз, оның ішіне гипертония сияқты өзекті түрі де кіреді. Ендігі ойымыз – осындай зерттеулерді Алматыда жүргізу, – дейді зертхананың директоры Сеиик Джу.

Совмин зертханасы ISO қазақстандық стандарттары бойынша кезекті сертификаттаудан өтті

Совмин зертханасы ISO қазақстандық стандарттары бойынша кезекті сертификаттаудан өтті

Мұндай аккредиттеуден елдегі зертханалардың барлығы бес жыл сайын өтіп отыруға тиіс. Бұл аса маңызды процесс барысында пациенттің зертханаға кірген сәтінен бастап, нәтижесін қолына алғанға дейінгі қадамдары егжей-тегжейлі ескеріледі. Құжаттың негізінде зертхана Қазақстанда қабылданған халықаралық талаптарды сақтап отырғандығы расталады.

КАК ЖИТЬ МИРНО С АЛЛЕРГИЕЙ

Аллергия – одно из наиболее распространенных заболеваний на Земле, ею страдают около 40% населения планеты. Причем реакция иммунки на внешние раздражители присуща всем возрастам, от детей до пожилых людей, и часто это хронически. Среди наиболее растространенных проявлений аллергии – ринит, дерматит, бронхиальная астма.
Большинство аллергических реакций можно контролировать, но иногда все таки возникают тяжелые формы в виде анафилактического шока. Это состояние развивается внезапно и может быть опасным для жизни.

Чаще всего люди реагируют на пыльцу растений, продукты питания, клещей, домашнюю пыль, плесень, бытовые химические вещества, лекарства, эпителии, шерсть и продукты жизнедеятельности животных. Более 160 видов продуктов питания являются аллергенами, но только 8 из них вызывают более чем 90% зарегистрированных случаев пищевой аллергии – это яйца, молоко, арахис, лесные орехи, морепродукты, соя, пшеница и рыба. Причем самые аллергенные из них – арахис, молоко и морепродукты.

– Бывают и редкие виды аллергии, у нас, например, недавно лечился пациент, который не переносил человеческий волос, – отметила аллерголог СОВМИНКИ Зарина Джакибаева, – Есть также аллергия на воду, для таких людей попасть под дождь невыносимо, на деревья, электричество, одежду, прикосновения. Хотя точно утверждать, что это именно аллергия, а не нервная реакция сложно. Хочу отметить, что к сожалению, по прогнозам врачей масштабы аллергии растут. Причины – загрязнение воздуха, глобальное потепление, экология, неправильное и не натуральное питание и стрессы, психоэмоциональный фактор тоже влияет на аллергические реакции.

В качестве профилактики мы рекомендуем вести здоровый образ жизни, много потреблять воды, соблюдать режим отдыха и работы. Ну и при первых симптомах обращаться к врачу, периоды аллергии – это весна и ранняя осень. Наиболее активное лечение проводится зимой, когда пик заболевания проходит.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.