V халықаралық пікірталас нейрокурсы.
«Тандемді және созылған стеноздар мен күрделі аневризмалардың эндоваскулярлық нейрохирургиясы. Функционалдық нейрохирургия».
Тәжрибелік курс: «Тандем және созылған стеноздар мен күрделі аневризмалардың эндоваскулярлық нейрохирургиясы».
2020 жыл 17-18 желтоқсанда «ОКА» АҚ Нейрохирургия орталығының базасында кезекті нейрокурс өтті. Қалыптасқан жағдайларға байланысты, COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында, осы жылы әрқашан офлайн және онлайн өткен бұл іс-шара тек ONLINE режимде өтті. Онлайн нейрокурсқа екі күнде 800-ден астам қатысушы қамтылды. 4 көрсетілімдік операция өткізіліп, олар ағылшын және орыс тілдерінде операцияларды жүргізу техникасын түсіндіре отырып, тікелей эфирде көрсетілді. Phillips Azurion 7 жаңа биплан ангиографиялық жүйесі, Richard Wolt супер заманауи эндоскопиялық жүйесі, операциялық микроскоп пайдаланылған.
Тікелей эфирде балалар, функционалдық, жұлын, эндоваскулярлық нейрохирургия және инсульт мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ онлайн курста қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар өзекті баяндамалар жасады.
Тыңдаушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген нейрохирург, невролог, радиолог, интервенциялық кардиолог және тамыр хирургтары болды.