СОВМИНКА Орталық клиникалық ауруханасының жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімі

СОВМИНКА Орталық клиникалық ауруханасының жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімі.
Бөлімше жазатайым жағдайларда және үйде, көшеде, жұмыс уақытында, түнгі уақытта, жаппай улану кезінде және басқа жағдайларда туындаған кенеттен болған ауыр аурулар кезінде ересек адамдарға жедел медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған.
Бөлімшелер:
• Шұғыл түрде, тәулік бойғы режимде;
• Науқаспен әлеуметтік ілесіп жүру және кез-келген тасымалдау (үйден және/немесе стационардан басқа мекемеге, т/ж вокзалы, әуежай, тұратын және емделетін орынға);
• Пациентпен Қазақстан аумағында медициналық бірге жүру;
• Емшара қызметтері (ЭКГ, глюкометрия, барлық инъекция түрлері)
Төтенше тәулік бойы жедел медициналық көмек телефондары:
261-12-79, 261-12-80, 261-12-89
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ. Панфилова к., 139
На изображении может находиться: текст «акылы жедел жардема совминка орталык клиникалык аурухана телефондар: 261-12-79, 261-12-80, 261-12-89 12-89 кызметтер: шугыл турде, таулик бойгы режимде; наукаспен элеуметтк ілесіп журу жане кез-келген тасымалдау; пациентпен казакстан аумагында медициналык 6ipre журу; емшара кызметтері.»

Құрметті оқырмандар, сіздерге емхананың күндізгі стационарының базасында COVID – 19 ауруынан айыққан науқастар үшін оңалту ашық екендігі туралы хабарлаймыз

Құрметті оқырмандар, сіздерге емхананың күндізгі стационарының базасында COVID – 19 ауруынан айыққан науқастар үшін оңалту ашық екендігі туралы хабарлаймыз!
Оңалту бағдарламасына кіреді:
✅ Дәрі-дәрмекпен емдеу;
✅ Терапиялық тамақтану;
✅ Емдік дене шынықтыру;
✅ Физиотерапия;
✅ Күндізгі стационар бөлімінде болуы.
Телефон: +7 747 619 31 98
На изображении может находиться: 2 человека, текст «mര.. w кундзг стационар базасында COVID-19 кейн оналту кундзг стационар кундэг стационар менгеруши- старцева э.к. менгеруши муктарканова C.M. 777 20 +77772172000 00 +7 747 619 31 98 +7 727 261 97 31 +7 727 261 97 41 оналту багдарламасына креді: дар-дэрмекпен емдеу тамактану емдк дене шыныктыру мекен-жайы: алматы к. шевченко, 59 Call-center: 261-04-50 кабылдау белмеси: 269-36-37 www.sovminka.kz физиотерапия кундзг стационарда болу»

Иммуногистохимиялық ЭНДОМЕТРИЯ зерттеуін сәтті жүргізеді

Тек СОВМИНКА АҚ «Орталық клиникалық ауруханада» әр түрлі бедеулік диагностикасының бірегей әдісі – Иммуногистохимиялық ЭНДОМЕТРИЯ зерттеуін сәтті жүргізеді.

Бұл әдіс сізге жүктіліктің мүмкін еместігінің себептерін егжей-тегжейлі анықтауға және тиісті емдеуді таңдауға (өздігінен жүктілік, ЭКҰ-ға дайындық) мүмкіндік береді.
Зерттеуді морфолог, патоморфология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Даирбекова Жібек Даирбекқызы жүргізеді.

Иммуногистохимиялық әдісі пациенттерді ЭКҰ жүктіліктің қалпына дайындау жақсы отырғызу және жүктілікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Бедеулікті емдеу мен тексеруді (гистероскопия және т.б.) гинекология кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Алиева Шолпан Уркендовна және гинекологиялық бөлімнің дәрігерлері жүргізеді.

Телефондар:
Патоморфология бөлімі: 261 97 26, +7 707 457 56 36
Гинекология кафедрасының меңгерушісі: + 7 777 744 82 84
Тіркеу бөлімі: 291 97 71, 261 27 56, 261 28 69.
Байланыс орталығы: 261 04 50.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ. Панфилова, 139 к.

 

Құрметті оқырмандар, сіздерді Орталық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімінде емделуге шақырамыз

Құрметті оқырмандар, сіздерді Орталық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімінде емделуге шақырамыз.

Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).

Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады.

Ас қорыту жүйесі органдарын емдеу барысында кешенді тәсіл – диетотерапия, тағам режимі, физиоемшаралар, йога және басқа да заманауи тәсілдер қолданылады.

Қосымша сұрақтар бойынша Регистратура арқылы хабарласуға болады: 261 97 71, 261 27 56, 261 28 69, Call-Center: 261 04 50, Бөлімінің телефоны: +77472173975

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ травматология және ортопедия бөлімшесі

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ травматология және ортопедия бөлімшесі жарақаттарды, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты ауруларын: ірі және ұсақ буындар артрозы (коксартроз, гонартроз), асептикалық некроз, жамбас буындарының дисплазиясы, жарақаттар салдары, табанның деформациясы, «Hallux valgus» және басқа да ауруларды емдеуге көмектеседі, өз пациенттерінің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Бөлім бастығы:
Мулдагалиев Сәкен Жұмаситұлы – жоғары санатты травматолог-ортопед.
қабылдауға жазылу: 261 97 71, 261 27 56, 261 28 69, сондай-ақ Call-орталыққа: 261 04 50 қоңырау шалу арқылы жүргізе аласыз.
Біздің веб-сайт: www.sovminka.kz
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ. Панфилова, 139

СОВМИН «ОКА» АҚ зертханасы Алматы қаласында коронавирусқа антиденеге ИФТ-тест жүргізуді бастады

СОВМИН «ОКА» АҚ зертханасы Алматы қаласында коронавирусқа антиденеге ИФТ-тест жүргізуді бастады

Зерттеу:

  • М COVID-19 класты антидене биоматериал алу есебінсіз 3600 теңге,
  • G COVID-19 класты антидене биоматериал алу есебінсіз 3600 теңге,
  • Екі класты антиденеге кешенді талдау 7 200 теңге.

Зерттеу мына мекенжайда жүргізіледі: Алматы қ., Шевченко к-сі, 59 Байсейітова көшесінің қиылысы, СОВМИН «ОКА» АҚ емханасының ғимараты

Орындау мерзімі: 12 жұмыс күні.

Зерттеуден ЖРВИ сомптомдары бар (дене қызуының көтерілуі, бұрынның бітелуі, демікпе, жөтел) барлық пациенттер және бұрын ауырған пациенттер өте алады.

Зерттеуден жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да өте алады, дәрігердің жолдамасы қажет емес.

Бұл зерттеу ағзаның SARS-CoV-2 вирусымен кездескенін және байланыста болған кезде вирусты тани алатын антидене қалыптасқанын немесе қалыптаспағанын анықтауға мүмкіндік береді

  • Инфекция кезінде бірінші М класты антидене қалыптасады. Оларды ауру басталысымен 3-5 күн ішінде анықтауға болады және бұл жіті, жүріп жатқан инфекция туралы мәлімет береді.
  • IgM антидененің болуы қазіргі уақытта вирусты тасымалдауды растамайды, бұл ретте алынған нәтижелер жиынтық талдау кезінде диагноз қою ішін пайдаланылуы мүмкін.
  • G класты антидене 2 апта ішінде байқалады және инфекциямен ауырғанын және белгілі бір қорғаныш дәрежесінің барын көрсетеді.

 

Талдау аш қарынға тапсырылады.

Материал: көктамыр қаны

Талдау құны:

  • М COVID-19 класты антидене – 3600 теңге
  • G COVID-19 класты антидене – 3600 теңге

Сіздерді Алматы қ., Шевченко к-сі, 59, Байсейітова көшесінің қиылысы, СОВМИН «ОКА» АҚ емханасының ғимаратында күтеміз.

 

Барлық сұрақтарды мына телефондар арқылы білуге болады:  261 97 71, 261 27 56, 261 28 69, 261 04 50.

 

Құрметті достар – Бурабай МҰТП, бүгін сіздерді туған күніңізбен құттықтаймыз!

Құрметті достар – Бурабай МҰТП, бүгін сіздерді туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сізге өте қиын, бірақ қажет жұмыста табыс, азаматтардан саналы болу және әрине, барлығыңызға денсаулық тілеймін!
Құрметпен, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ұжымы!

Құрметті оқырмандар, Ақылы медициналық қызметтер бөлімі ашылғандығын хабарлаймыз!

Құрметті оқырмандар,
Ақылы медициналық қызметтер бөлімі ашылғандығын хабарлаймыз!
Қабылдау тәртібі : Дүйсенбі -сенбі, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін
Тек қана тағайындау бойынша!!
Тізілімге: 261 97 71, 261 27 56, 261 28 69, сондай-ақ Call-орталыққа: 261 04 50 қоңырау шала аласыз.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 59, Байсейітова көшесінің бұрышы

Совминка ОКА-да Covid-19 ауырып жазылған пациенттер үшін реабилитолог-дәрігердің ақылы онлайн-кеңес беру қызметі қолжетімді

Совминка ОКА-да Covid-19 ауырып жазылған пациенттер үшін реабилитолог-дәрігердің ақылы онлайн-кеңес беру қызметі қолжетімді. Онлайн-кеңес беруге арналған өтінімді Сіз біздің www.sovminka.kz ресми сайтымызда толтыра аласыз.⠀

ЕФК дәрігері тыныс алу көлемі мен тыныс алу тереңдігін ұлғайтуға көмектесетін тиімді тәсілдер мен жаттығуларды көрсетіп береді.

Емделіп шыққаннан кейін, коронавируспен ауырып жазылған адамдар екі аптадай карантинде болады. Бұл кезеңде біз емдік тыныс алу және жалпы сауықтыру гимнастикасын қашықтықтан жүргіземіз.⠀

Мұндай гимнастиканы:

️сіз өзіңізді айтарлықтай жайлы сезінгенде

️жеңіл әлсіздікті сезінгенде, құрғақ жөтел болғанда, ал дене қызуы 37,5 градустан аспағанда орындауға болады.

Жаттығуларды – баяу қарқынмен орындаған жөн.

Қимылдар – ауырсындырмайтындай болуы тиіс.

Жаттығуларды – күніне 2-3 рет 10-15 минуттан жасаған жөн.

Ауатамыры-өкпе аурулары кезіндегі ЕФК мақсаты:

✳️тыныс алу жүйесінің ауруларын, вирустық (оның ішінде, коронавирустық) пневмонияны емдеу және олардың асқынуларының профилактикасы;

✳️жүрек-тамыр, тыныс алу, жүйке және ағзаның басқа да жүйелерінің функцияларын арттыру және жалпы дененің жұмыс істеу қабілетін қолдау үшін оларға оңалтушы ықпал ету;

✳️еңбек ету қабілетін қалпына келтіру, астеникалық синдромды емдеу (вирустан кейінгі астения) болып табылады.⠀

Жаттығуларды жоғары сыныпты реабилитолог-дәрігер Айдын Сарыбаевна Сармсакова жүргізеді.

Коронавирус инфекциясы түрлі формада

Коронавирус инфекциясы түрлі формада болуы мүмкін және өкпе әрдайым зақымдана бермейді. Ауру тіпті симптомдарсыз да болуы мүмкін, яғни коронавирусқа арналған тест нәтижесі оң болғанда адам ешқандай симптомдарды сезбейді және мұндай тасымалдаушыны зерттеу кезінде оның ағзасында ешқандай өзгерістер анықталмайды. Мұндай хал симптомсыз тасымалдау деп аталады.

Симптомдар болған кезде аурудың келесі түрлері болады:⠀

Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі;

Жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайтын коронавирус инфекциясы (ринит, фарингит);

Төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын коронавирус инфекциясы (пневмония);

Өкпеден тыс зақымдаулармен бірге коронавирус инфекциясы.

Соңғы нұсқада өкпенің зақымдануы байқалады. Көптеген пациенттерде ауру өкпені зақымдамастан өтеді.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.