Конкурсты өткізу күні және орны: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 1 «В» корпусы, анықтама телефоны: 8 (7172) 74-90-28, 74-98-92.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050091, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов к-сі, 139.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
1) жоғары медициналық білімнің болуы;
2) әкімшілік-басқару қызметі саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде денсаулық сақтау саласында басқарушылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
3) денсаулық сақтау, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың, оның ішінде біліктілік санатын беру туралы сертификаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел к.і, 8, Министрліктер үйі, 1 «В» корпус, 304-кабинет, анықтама телефоны: 8 (7172) 74-90-28, 74-98-92.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығында сұхбаттасудан өтеді.