Жедел жәрдем қызметкерлері күні

Жедел жәрдем қызметкерлері күні
28 сәуір – жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, қаншама адамның өмірі солардың шапшаң қимылына байланысты екені даусыз, әрине.
СОВМИН ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесі – ертеден келе жатқан бөлімшелердің бірі. Бөлімшеде 24 қызметкер еңбек етеді, диспетчерден бастап жүргізушіге дейін бәрі – өз істерінің кәсіби шебері. Олардың ішінде бәрінен де ең көп уақыт жұмыс істеген – мейірбике Толкан Джолдасынова, биылғы жылы ол ОКА-дағы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Алайда, басқалар да мұнда 15-20 жылдан жұмыс істейді.
-Кезек күттірмейтін көмек қызметкерлері ие болуы тиіс басты қасиеттер – шапшаң қимылдау, тез шешім қабылдау, жауапкершілік, сезімталдық, сосын, әрине, кәсібилік, – деп әңгімеледі бөлімшенің аға фельдшері Айман Абикенова, – Олар кейде жағдайы ауыр науқастарға келеді және олардың өмірі солардың қойған диагнозы мен жасаған манипуляцияларына байланысты болады.
Біз командамен жұмыс істейміз, әрі бұл жедел жәрдем қызметі үшін өте маңызды – диспетчердің ақпаратты дұрыс қабылдай білуі, оны жүргізушіге тез жеткізуі, фельдшердің диагноз қоя білуі және мейірбикенің манипуляциялар жасауы үлкен роль атқарады. Мұнда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіби шеберлерді атап өткім келеді – бұлар Ұлан Тұрсынбаев, Марияш Дәрібаева, Назгүл Мырзалы, Гүлмира Ілекенова, Айжан Бекбосынова, Қаламқас Мәлібекова.
Бөлімшеде тәлімгерлік жүйесі өте жақсы жолға қойылған, тәжірибелі мамандар жаңадан келгендермен өз білгендерін бөліседі және олар да жұмысқа тез бейімделеді.
СОВМИН-нің алдыңғы қатарлы еңбек екпінділері, мерекелеріңізбен!

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.