СОВМИН АУРУХАНАСЫ ГЕРМАНИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КЛИНИКАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУДА

Біздің ауруханамызға Германияның әлемге танымал,тарихы терең Шмидер клиникалар желісінің өкілдері ресми сапармен келді . Аталған клиника 70 жыл бойы оңалту саласындағы физикалық медицина зерттеулерімен және инновацияларымен танымал. Шмидер – бірнеше жыл қатарынан Германиядағы ең жақсы оңалту клиникасы құрметті атағына ие. Оның арсеналында 1350 стационарлық орын, жылына 14000-ға дейін неврологиялық науқастарға қызмет көрсететін 200-ден аса қызметкері бар 6 мамандандырылған неврологиялық оңалту клиникасы бар кәсіби ұжым. Сонымен қатар, Констанцадағы Гайдельбер университетінің клиникаларында білім беру және ғылыми жұмыстарды белсенді түрде жүргізеді. Алленсбахтағы Шмидер клиникасы Германиядағы жалғыз нейрорадиология бөлімшесіне ие.

«Мен үшін ең маңыздысы ол адамдарға күш беру және зақымдалған миға жеткілікті түрде нәтижелі қасиетін қайтару тәсілі шынымен де бар екенін көрсету». Клиниканың негізін қалаушы профессор Фридрих Шмидердің бұл сөздері клиникалар желісінің ұранына айналды. Шынымен де, ауыр науқастардың жартысы оңалтудан кейін жүре бастайды, ал 80 пайызы өздеріне өздері қызмет көрсете алады.

СОВМИН ауруханасында қонақтарға нейрохирургия, неврология бөлімшелері, ЕДШ және емхана көрсетілді. Олар барлық жерде меңгерушілермен және дәрігерлермен тыңғылықты сөйлесіп, әр майда-шүйдеге жіті назар аударды. Осылайша, Германияның жетекші клиникасы өкілдерінің ақпараттық туры жақсы әсер қалдырды.

– ОКА-да бізді жылы қарсы алғанына ризашылығымызды білдіреміз, алдағы уақытта білім беру және ғылыми бағдарламалар және нейрооңалту саласында қауымдасып жұмыс істейміз деген үміттеміз . Мұнда екі тарап үшін де көп нәрсе істеуге болады, клиниканың даму әлеуеті зор, біз бұл үдеріске бірлескен жобалардың көмегімен қосылар едік , – деп түйіндеді өз сөзін ТМД-дағы жұмыс жөніндегі менеджер Роман Гептнер.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.