СОВМИН ауруханасы даңқы шыққан дәрігерлер әулеттетермен ерекшеленеді

СОВМИН ауруханасы даңқы шыққан дәрігерлер әулеттетермен ерекшеленеді . Хирургиялық қызмет орталығының жетекшісі Ашим Куанышбеков пен оның ұлы кардиохирург Ален Куанышбеков осындай дәрігерлер әулеті.
-Біздің династиямыз Сатыбалды Куанышбеков атамыздан бастау алады. Атамыздың еңбек кітапшасында бір ғана жазу болған: Жуалы ауданының ауруханасы, ол кезде Бурный деп аталатын ауылда, қазіргі Бауыржан Момышұлы ауылында институттан кейін жолдамамен келіп жұмысын бастаған, – деп әңгімеледі Ален Ашимович, – Ол бүкіл округқа жалғыз дәрігер болатын. Бір ауруханада бірнеше маман дәрігердің орнында – терапевт, хирург, гинеколог, уролог, педиатр мамандарының қызметін де атқарған. Шалғай ауылдарда мамандырылған дәрігерлер болмады, адамдар әр түрлі сырқаттарман бір ғана дәрігерге келетін. Олардың көңілің тауып, емдеу керек болатын, басқа мамн жоқ айналада. Менің атам бес баланы тәрбиелеп өсірген, ағайындылардың үшеуі, -ата жолын қуып дәрігерлікті таңдаған. Ағайындылардың бірі, менің әкем қазір СОВМИН ауруханасының бөлімшесін басқарып отыр.
-Бұл бағытты таңдауыңызға не себеп болды?
-Менің ойымша, жүрек – адамның басты ағзасы, барлық құпия, жақсы нәрсенің бәрі сонымен байланысты. Заманауи кардиология жақсы дамып келеді. Атап айтсақ мемлекеттің де көмегі баршылық, өйткені бүкіл әлем бойынша жүрек-қан тамыры аурулары бірінші орында тұр.
– Операцияның сәтті өтуі неге байланысты, дәрігерлердің қандай да бір өздерінің салт-жорасы бар ма, әлде бәрі тек кәсібилікпен келе ме?
-Мен атеист емеспін, жаратушыға сенемін, бүкіл ұжым болып ниеттенеміз, өйткені бұл бүкіл бір ұжымның жұмысы ғой, жоспар құрамыз, өйткені бәрі сағат сияқты жұмыс істеуі тиіс, кез келген ауытқушылық қалыпты емес. Әрине, арасында кенеттен жол тауып кететін кездер де болады, бірақ бәрібір жоспар бойынша. Көп нәрсе науқасқа да байланысты, ол жақсы ниетте болуы тиіс. Дәрігерлердің ыңғайлануы саперлардікіндей болуы тиіс, қателесуге құқымыз жоқ.
-Қалай ойлайсыз, сіздің дәрігерлер әулеті әрі қарай жалғаса ма?
-Менің ұлым бар, бізге қарап, оның да әулеттегі төртінші хирург болуға ықыласы оянар деген үміттемін.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.