СОВМИН АУРУХАНАСЫ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ КОНСУЛЬТАЦИЯСЫНА ӨСКЕМЕН ХАЛҚЫ ТАҢҒЫ САҒАТ ЖЕТІДЕН БАСТАП ЖАЗЫЛДЫ

Алматы қаласындағы ОКА дәрігерлері Өскемен ауруханаларында өткізген консультацияларына ондаған науқастан қабылдады. Анық болғандай, өңірде эндокринология және нейрохирургия саласы мамандарының өткір жетіспеушілігі орын алған. Кардиология бөлімшесінде орын да жетіспейді. Алматылық сарапшылар өңірге ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері шеңберінде сапармен келді. Жыл басынан бері Басқарманың ведомстволық қарасты ұйымдарының дәрігерлері Ақтөбе және Ақмола облыстарының науқастарын емдеп шықты, енді Шығыс Қазақстанда жұмыс істеп жатыр.

– Шығыс Қазақстан облысында медицина тарихи тұрғыдан мықты, бірақ қазір жекелеген мамандардың жетіспейтінін көрдік. Маған кардиолог ретінде жүрек патологиясы бар науқастар көрінді, олар өздерінің жергілікті дәрігерлерінде бақылауда тұрады, алайда өзінің диагнозын салыстырып, талдау жүргізу үшін балама пікірді қажет етеді, бұл қалыпты жағдай, – деп әңгімеледі СОВМИН ауруханасының дәрігер-кардиологы Балауса Маханова, – Осынша науқас болады деп тіпті де ойламаппыз, адамдар таңғы жетіден бастап бізге қабылдауға жазылып жатты.

Атақты СОВМИН ауруханасы командасының құрамында клиника басшысы Асхат Бралов, нейрохирургия орталығының меңгерушісі Марат Саршаев, жүрек-қан тамыры хирургиясы орталығының меңгерушісі Аскар Жунусов, кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Балауса Маханова, жоғары санатты дәрігер-эндокринолог Мөлдір Маратова, дәрігер-анестезиолог Айнур Карипжанова және УДЗ бөлімшесінің меңгерушісі Людмила Бегалина бар. Консультациялар, операциялар және шеберлік сабақтары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, №4 қалалық аурухана, Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы, Көп салалы онкология және хирургия орталығы, Ана мен бала орталығы базасында өткізілді.

-Мен ұсыным ретінде өңірде эндокринологтардың санын көбейтуге кеңес берер едім, өйткені бұл йод тапшылығы бар аудан, тіпті Алматыдағы менің науқастарымның көпшілігі осы жақтан шыққандар, – деп атап өтті дәрігер-эндокринолог Мөлдір Маратова, – Бүкіл облысқа бар болғаны 14 маман, бұл жеткіліксіз, маған консультацияға күніне жиырмадан аса науқас келді, әрі олардың бәріне көмек керек болды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері шеңберінде ОКА дәрігерлері барлығы екі жүзге жуық науқасқа консультациялар, бірнеше операция және әріптестері үшін шеберлік сабақтарын жүргізді. Осындай шеберлік сабағы кезінде Алматы қаласындағы ОКА жетекші нейрохирургы Марат Сарашаев Алтай өлкесінен келген науқасқа операцияны сәтті жасап шықты – 56 жасар әйел соңғы 10 жылда үшкіл жүйкенің невралгиясынан зардап шеккен.

– Әйел бет аймағындағы күшті ауырсынулардан азап шекті, – деп әңгімесімен бөлісті ШҚ ОММО Инновациялық медицина бөлімшесінің резиденті, болашақ нейрохирург Гумар Каденов. – Бұл ауырсынулар ми тамыры артериясының үшкіл жүйкемен қақтығысына байланысты болады. Ол әйел ұзақ уақыт бойы күшті ауырсынуды басатын препараттар қабылдады. Шамалыдан кейін дәрілер ауруға әсер етпейтін болып алды. Шеберлік сабағы барысында Алматыдан келген әріптесіміз тамырды жүйкеден ажырату және олардың арасына төсем төсеуден тұратын әдісті көрсетті.

Енді осындай патологиясы бар пациенттер Шығыс Қазақстан облыстық Мамандандырылған медициналық орталығында МӘМС шеңберінде операция жасата алады. Орталық дәрігерлері атап көрсеткендей, жыл сайын осындай мәселемен Инновациялық медицина бөлімшесіне ондаған пациент келеді. Көбіне пациенттер мұндай жағдайда қайда барып медициналық көмек аларын білмегендіктен, қатты ауруға шыдауға мәжбүр.

Медициналық орталық мамандарының еліміз ішіндегі іссапары заманауи технологиялар трансфертін көтеру, өңірлердегі дәрігерлерді үйрету және жалпы отандық медицинаның сапасын арттыру үшін жалғаса береді. Заманауи медицина Қазақстанның барлық тұрғындары үшін бірдей қолжетімді болуы тиіс.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.