СОВМИН ұжымы онкологиялық аурулармен ауыратын балалар үшін қан тапсырды

Бүгін «ОКА» АҚ-да дәстүрлі донор күні. Клиника қызметкерлері көп жылдары Республикалық орталыққа жылына екі рет қан тапсырып келеді. Бүгінгі тапсырылған қан онкологиямен ауыратын балаларды емдеу үшін жіберіледі. Әдетте алпыс адамға дейін қан тапсырады. Республикалық қан орталығында атап көрсеткендей, науқанға Алматы қаласының барлық медициналық мекемелері қатысады, себебі дәрігерлер қан тапсырудың маңыздылығын жақсы біледі.
– қанды қажет ететін адамдарға көмек бергім келді, өзім ауруханада
жұмыс істеймін, менің ата-анама да жедел түрде қан қажет болған, – деді, гемодиализ орталығының мейірбикесі Эльмира Манабаева.
Қан тапсырғандардың барлығы инфекцияға да талдаудан өтті. Екі күн демалыс алды, тәттілермен шай ішті, бірақ олар бәрінен бұрын балаларға жәрдем беру үшін келді.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.