Рүстам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды

Рүстам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды

2021 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығы басшысының бұйрығымен Албаев Рустам Қуанышбекұлы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды.

Рүстам Албаев – Ақмола облысының тумасы. Мәскеудің А. Н. Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары институтын, сондай-ақ, Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдаған, Астана қаласы (2001ж.). Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Ақмола облыстық балалар ауруханасында хирург болып бастады.

Осы жылдар ішінде ол Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық теміржол ауруханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығында еңбек етті.

2017-2020 жылдар аралығында Рүстам Албаев Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы №2 көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.