Прессотерапия

Біздің ауруханада сығымдау терапиясы процедурасын жүргізеді. Бұл – денеге сығымдалған ауамен әсер ететін аппараттық массаждың түрі. Адамға сығымдалған ауа толтырылған арнайы киім кигізіледі. Денені ырғақпен қысу босатумен алма-кезек ауыстырылады, бұл қан айналымын жақсартады, жасушалар арасындағы кеңістікте жиналған сұйықтықты ығыстырып шығарады және лимфалардың тамыр бойымен қозғалуын жылдамдатады. Процедураны жүргізуге арналған аппарат дененің барлық анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген, сондықтан процедура кезінде адам айқын түрдегі қолайсыздықты сезінбейді. Процедураны мынадай патологиялар кезінде тағайындайды:
• көктамырлық және лимфалық арна патологиясы кезінде. Тамырлардың түйнеліп кеңею аурулары, созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі, лимфалық ісік, лимфа іркілуі, мастэктомиядан кейінгі аяқтардың лимфалық ісіктері кезінде, көктамыр тромбоздарының және жатып қалған науқастардың қан іркілу құбылыстарының алдын алу түрінде.
• Эстетикалық кемшіліктерді түзету үшін
• Оңалту кезінде
• Денебітімдегі кемшіліктер кезінде
• Қимыл-тірек аппаратының патологиясы кезінде
• Психоэмоционалдық бұзылыстарда.
Сығымдау терапиясы аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюі, жүйкенің, қимыл-тірек аппаратының және жүрек-қантамырлар жүйесінің патологиясы кезінде алдын алу мақсатында да қолданылады.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.