«Орталық клиникалық аурухана» АҚ «NeuroAddicts» қоғамы және Қазақстан Республикасының «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық ассоциациясымен бірлесе отырып, «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсын өткізеді.

 

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ «NeuroAddicts» қоғамы және Қазақстан Республикасының «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық ассоциациясымен бірлесе отырып, «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсын өткізеді.

2019 жылғы 28-30 маусымда ҚР ПІБ Медициналық орталығының және «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның (СовМинка) 90 жылдығына орайластырылған «Ми мен жұлынның артериовеноздық мальформациясы» халықаралық конференциясы – нейроэндоваскулярлық курсы өтеді. Конференция «NeuroAddicts» қоғамы және ҚР «Интервенциялық кардиологтар мен эндоваскулярлық хирургтар қоғамымен» бірлесе өткізіледі.

Конференцияда ми мен жұлынның артериовеноздық мальформацияларын диагностикалау және перспективті нейрохирургиялық емдеу мәселелері талқыланады. Конференцияға нейрохирургия және интервенциялық нейрорадиология саласындағы шетелдік және отандық жетекші мамандар шақырылды. Жоспарланып отырған онлайн-трансляция арқылы интерактивті талқылай отырып, нейроэндоваскулярлық операциялар барысы көрсетілетін болады.

Артериовеноздық мальформация (АВМ) – мида немесе жұлында ретсіз түрде, айқаса орналасқан тамырлардың шумағы тәрізді туа біткен тамырлы патология. Бұл тамырлардың қабырғасы қалыпты жағдайдағы тамырларға қарағанда өте жұқа болады, сондықтан олар жарылып кетуі мүмкін. Ми мен жұлынның АВМ аса жиі кездеспейтін нозологиялық түр болып табылады, алайда күрделі неврологиялық бұзылыстар мен өлім жағдайына алып келуі мүмкін.

Қазіргі кезде СовМинкадағы (ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы) нейрохирургия орталығының білікті дәрігерлері барлық қажетті медициналық емшараларды ең жоғары кәсіби деңгейде жүргізеді және нейроэндоваскулярлық операциялардың түрлі әдістерін белсене қолданады.

Алда болатын конференцияның мақсаты – Әлемнің 16 елінің дәрігер-нейрохирургтарының өзара тәжірибе алмасуы.

Артериовеноздық мальформацияны эндоваскулярлық емдеу туралы толығырақ білгіңіз келсе, төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады:

+7 777 216 17 99 (Асем Ахметова – маркетинг бөлімі)

+7 775 550 15 35 (Саршаев Марат – Совминканың дәрігер-нейрохирургы)

Шеберлік-сыныбының өту орны: Алматы қ., Панфилов к., 139 «Орталық клиникалық аурухана» АҚ. 

Өту күні: 2019 жылғы 28 – 30 маусым.

Өту уақыты: сағ: 08:00

 

www.sovminka.kz

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.