Несеп-тас ауруын Совминде емдейді

Несеп-тас ауруын   бүйректе, қуықта, несеп жолында және үрпіде  тастардың пайда болуы – қазіргі таңда урологияның соры болып отыр. Әйелдерде және ерлерде аурудың дамуына ықпал ететін факторлар әр түрлі болуы мүмкін – ағзада метаболизмнің бұзылуы, бүйрек құрылысының туа біткен ауытқушылықтары, климаттық жағдайлар, тамақтану ерекшеліктері, ауызсудың құрамы. Сонымен бірге тастардың жалпы пайда болу   факторларына А және D витаминдері алмасуының бұзылуы, несеп жолдарының бактериялық инфекциялары, кейбір дәрі-дәрмек препараттарын қабылдау да жатады.   Аурудың белгілері түріне, көлеміне, тастардың орналасу орнына, санына және олардың қозғалғыштығына байланысты. Кейде қозғалмайтын кішкентай тастар жылдар бойы адамға ешқандай кедергі келтірмей, бүйректерде пайда болып жатады, сонымен бірге беті тегіс емес бір тас несеп жолына өтіп, бел аймағында және қуық жолында қатты аурсыну туғызуы мүмкін.   

   СОВМИННІҢ урология бөлімшесінде консервативтік емдеулер де, жетекші хирургиялық әдістемелер де қолданылады. Бөлімше штатында ғылым кандидаттары, магистрлар және жоғары санатты дәрігерлер жұмыс істейді. Олар емдеуде азинвазивті әдістерді – лазерлік технологияларды қолданумен эндоскопиялық, қашықтан екпінді-толқынды литотропсияны қолданады.  

– Бұл аурулар, өкінішке орай, әр түрлі жастағы адамдарда кездеседі және ең алдымен асқынған түрімен ауыратын пациенттер келеді, – деп атап айтты бөлімше меңгерушісі Айдар Бегалин, – Аурудың алдын алу күрделі болғанмен, денсаулықты күту, скрининг және чек-аптардан өту артықтық етпейді.  

СОВМИННІҢ урология бөлімшесінде ең заманауи технологияларды қолданады. Дәрігерлер күнделікті табысты операциялар жүргізеді және пациенттерге ең жанға жайлы жағдайларда кеселдерді жеңуге көмектеседі.  

Біздің телефонымыз:

+7 727 261 04 50;

+7 727 272 60 00.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.