Егде жаста құлау және жарақат алудың алдын алу

Құлау қаупі туралы нені білу маңызды?
Егде жастағы адамдар психологиялық тұрғыдан да әлсіз келеді. Құлағаннан
кейін оларда үрей, мазасыздық пайда болады. Қайтадан құлаудан қорқу адамды аз қимылдауға мәжбүрлейді, яғни құлау және жарақат алу қаупі одан сайын артады.
Аулада және көшеде серуендеген кезде қасында бірге жүретін адамның болуы аса маңызды – егде жастағы адамдарда көбіне ми тамырларының аурулары болады, бұл бастың айналуына немесе бағдардан ажырауға алып келуі мүмкін.
Егер сіздің жақын адамыңыз:
 егде жастағы және/немесе аз қимылдайтын адам болса;
 тыныштандыратын, мысалы- ұйықтататын препараттар қабылдайтын болса;
 онкологиялық аурулармен ауырса;
 жүрек-қан тамыры және неврологиялық аурулармен ауырса;
 көзі дұрыс көрмесе;
 деменциямен ауырса;
 инсультті басынан өткерсе аса мұқият болыңыз;
Қауіптерді азайту үшін бөлме кеңістігін дұрыс жабдықтау, киімді және аяқ киімді ұқыпты таңдау қажет, сондай-ақ тағам рационы мен тағайындалған дәрі-дәрмектерді қадағалаған жөн. Әлсіреген адамды ұзақ уақыт жалғыз қалдырмаңыз.
Тағы не маңызды:
• Қарт адамға кальций (сүт өнімдері, брокколи, үрмебұршақ, жаңғақтар) және D дәрумені (балық, балық майы, сарыуыз, сиырдың бауыры) қажет;
• Таза ауда серуендеу керек. Құлау қаупі белсенді өмір сүрудің соңы емес;
• Бұлшықет тонусын көтеру үшін жеңіл жаттығулар жасау қажет;
• Егде жастағы адамның кез келген есту және көру қабілеті нашарлаған кезде дәрігерден кеңес алу қажет;
• Артериялық қысымды бақылап отыру қажет – қан қысымы бірден ауысқан кезде адамның басы айналуы мүмкін;
• Күнделік арнап, оған құлау туралы ақпараттарды жазып отырған жөн: қашан және қай жерде құлады, неге бұлай болды, құлауға не себеп болды;
• Егер науқас адам сізді шақырса, ести алатыныңызды және қаншалықты жылдам жететініңізді тексеріңіз. Көмекке келуге дайын болыңыз!
Егер адам құлап қалса, оған өз күшіне сенімділігін қайтару маңызды. Адамға қайтадан құлап қалу қорқынышынан құтылуға көмек беру аса маңызды.
Егде жастағы адамдарда жарақаттану қаупін азайту жақындары тарапынан
қамқорлық қана емес, сондай-ақ адамдардың өз денсаулығына және қауіпсіздігіне мұқият қарағанда мүмкін болады. Бұл адамның өзінің және оның айналасындағылардың өмір сапасын едәуір жақсартады.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.