Босану, жаралану, жарақат алу, қызықты оқиғалар – дәрігерлердің жаңа жылдық кезекшілігі қалай өтеді

Босану, жаралану, жарақат алу, қызықты оқиғалар – дәрігерлердің жаңа жылдық кезекшілігі қалай өтеді.
Бұл мақалада жазылған оқиғалар біздің қызметкерлердің өмірінде бұрынғы жылдары еліміздің әр түрлі ауруханаларында жұмыс істеген уақытта болған.
Біз жаңа жылды үйімізде және демалыста жақындарымызбен бірге тойлап жатқан кезде дәрігерлер мен кезек күттірмейтін кәсіп мамандары өз қызметтерін атқарады. Біз СОВМИН ауруханасының дәрігерлерінен жаңа жылдық кезекшіліктері қалай өткенін және қандай оқиғалар мәңгі есте қалғаны туралы сұрадық.
ПАЦИЕНТТЕН КҮТПЕГЕН ҚОЛДАУ
– Ең есте қалатын кезекшілік жас кезімде кезек күттірмейтін қызметте болды, бұл қиын тоқсаныншы жылдар болатын, – деп есіне түсірді хирургия жөніндегі вице-президент Данияр Аманғалиев, – Әдетте түнгі 12-де бәрі тыныш болатындықтан біз өз әріптестерімізбен мейрамды атап өтетінбіз, түнгі бірге қарай жараланған, жарақат алған пациенттерді әкеле байстайтын. 12-ден кейін кавказдық ер адамды тіккенім есімде. Мен оны тігіп жатып осындай кәсіпті таңдағаныма күрсіндім, ал ол болса кушеткада жатып, маған қолдау білдіруге шамасы келді:
– Інім, сен осы жұмысты өзің таңдадың, сенің хирург болғаның мен кінәлі емеспін ғой, шыда інім!
Әрине, бұл мандықты мен өзім таңдадым, мен сол кезде ойландым, содан кейін жаңа жылдық көңіл күйдің бұзылғанына өкінбейтін болдым. Себебі бұл күн де басқа күндер сияқты ғой.
ЖАҢА ЖЫЛ КҮНІ ТУҒАН ЕР БАЛА
– Жас кезімізде біз достарымызбен, отабасымызбен Жаңа жылды қала сыртында қарсы алатынбыз, сондағы бір әйелдің аяғы ауыр болатын, -деп айтып берді емдеу алдын алу жұмысы жөніндегі вице-президент Жанар Құсымжанова, – біз бәріміз оған сен жаңа жыл күні босанасың деп қалжыңдайтынбыз және дәл солай болды. Толғақ күтпеген жерден басталды, тезірек машинаға отырып төмен түсу керек болды, жедел жәрдем шақыру мүмкін болмады, себебі тауда байланыс жоқ. Әйел жолда босанып қалды, менің дәрігер күйеуім босандырып алды, мен оған көмектесіп тұрдым. Өзіміздің барлық киімдерімізді төсеп, қолда бар құралдармен кіндігін кестік. Бәрі жақсы аяқталып ер бала дүниеге келді, оны бірден курткаға орап, перзентханаға жеткіздік. Ата-анасы корей ұлтынан еді, алайда ер баланың атын менің күйеуімнің құрметіне орай -Бақытжан деп қойды. Айтпақшы Бықытжан Цой тынымсыз бала болып өсті, ата-аналары оны жедел жәрдеммен талай рет шұғыл түрде ауруханаға апарды.
– МЕН НЕГЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРДЫМ?
– Жаңа жылдық кезекшілік кезінде қабылдау бөлімінде бәрі әдеттегідей,
бірақ сағат он екіде көбінесе тыныш болады, содан біз мерекені тойлап үлгеретінбіз, – деп өз ойымен бөлісті қабылдау бөлімінің дәрігер-кардиологы Денис Пак, – Менің есімде тек бір пациент қалыпты. Оны он екіге бес минут қалғанда әкелді, ол барлық тексерулерден өтті, жаңа жыл басталды, ал ол болса, бұл кезде әлі кушеткада жатты. Ол ер адамның аздап қысымы көтерілген, емдеуге жатқызуға қажеттілік болмады, сосын ол «мұндай боларын білгенімде, үйде туыстарымның жанында қалуым керек еді, босқа уақытымды өткіздім» деп, келгеніне өкінген еді.
ТОНЫМДЫ КІМ ҰРЛАДЫ?
– Менің есімде ең қатты қалған кезекшілік, ол тоқсаныншы жылдардағы
еді, жаңа жылды қарсы алуға үйге барғаным сол еді, ауруханаға бір науқас түсіп, мені шұғыл операцияға шақырды, – деп есіне алды урология бөлімінің меңгерушісі Айдар Бегалин, – Мен жаңадан сатып алған тонымды кабинетке шешіп, халатымды ауыстырып кидім де, операцияға кеттім, қайтып келсем, тоным жоқ болып шықты. Мен сонда қатты ренжідім, ол кезде сапалы киім табу қиын еді, жұбайымнан маған бір машина жіберуін өтінуіме тура келді, өйткені сыртымнан киетін ештеңе болмады. Бірақ бұл қолайсыздықтың еш әсері тимей, ол жыл жақсы өтті. Сондықтан «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің» деген ырымға сене беруге де болмайды, бәрі өзімізге байланысты.
ЕҢ БАСТЫСЫ – ШАМАҢДЫ БІЛУ!
– Біздің нейрохирургияға жаңа жылғы түнде сағат он екіден кейін
пациенттер көбінесе ашық, жабық бас сүйек-ми жарақаттарымен түсетін, бұл жылдан жылға қайталанатын, сондықтан біз жаңа жылдық кезекшілік кезінде ешқашан босаңсыған емеспіз, – деп сырымен бөлісті нейрохирург Шаяхмет Маханбетхан, – Осыған байланысты жаңа жылда операция үстелінен бір-ақ шықпау үшін ішімдік, тамақ ішудің, көңіл көтерудің өлшемін білген дұрыс деп ойлаймын.
– Меніңше, біздің жұмысымызда мереке, жұмыс күндері деген жоқ, әр
кезекшілік – бұл, жауапкершілік. Жаңа жылдық түнде, әрине, шұғыл мерекелік үстелге отырамыз, бірақ ұзаққа емес, біз адам өміріне жауаптымыз, сондықтан қызметте босаңсуға болмайды, – деп қорытындылады өз сөзін СОВМИН ауруханасының реаниматологы Юрий Хайленко.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.