Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан (КҚГҚ) он жасар бала қайтыс болды.

Бұл 2019 жылы басқа жақтан әкелінген геморрагиялық қызбадан қайтыс болған алғашқы жағдай.  Геморрагиялық қызбадан қайтыс болған бала Қырғызстаннан Қазақстанға  ауырып жүрген кезінде-ақ көшіп келген.

2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбында семинар өтті.

Дәріс оқушы: Шагманова Сауле Кажигалиевна, жоғары санатты дәрігер-инфекционист.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол жоғары жұққыштығымен сипатталады. Вирус жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда организмге түседі. Ауру дене қызуының көтерілуі, қатты бас ауыруы, тері және ішкі ағалардан қан кету белгілерінің байқалуымен сипатталады.

Қоздырғыштың табиғи резервуары – кеміргіштер, ұсақ және ірі қара мал, құстар, сүтқоректілердің жабайы түрлері, сондай-ақ вирусты ұрпағына жұмыртқасы арқылы беруші және өмір бойы вирустасымалдаушылар болып табылатын кенелер болып табылады. Вирус кене шаққанда немесе инъекциялармен немесе қан алумен байланысты медициналық процедураларды жүргізген кезде беріледі.

Ауру Ресейде, Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, бұрынғы Югославия жерінде, Пәкістанда, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африкада (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.) тіркелген.

80% жағдайда 20-60 жас аралығындағы адамдар ауырады.

2018 жылы Қазақстанда КҚГҚ-ның 18 жағдайы тіркелген (Жамбыл облысында – 9 жағдай, оның ішінде – 1 өлім жағдайымен, Қызылорда облысы – 4 жағдай, оның ішінде 1 – өлім жағдайымен, Түркістан облысы – 5 жағдай, оның ішінде – 2  өлім жағдайымен).

Өлім-жітім жағдайы 2-ден 50%-ға дейін құрайды.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.