«АЛМАТЫДАН КЕЛГЕН ДӘРІГЕРЛЕР» бренді туралы

СОВМИН ауруханасының дәрігерлері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының өңірлердегі күндері аясында Ақтөбеде пациенттерді емдеуді жалғастыруда. Олар барлығы алты операция жасады, қырықтан аса пациентке консультация жүргізді, «ОКА» АҚ-да табысты қолданылатын емдеу әдістері туралы таныстырылымдар мен тақырыптық баяндамалар жасады, әріптестеріне арнап бірнеше шеберлік сабақтарын өткізді.
– Адамдардың «Алматыдан келген дәрігерлерге» келдік дегенін естудің өзі қуанарлық жағдай болды. Бұл бренд жылдар бойы, ондаған жылдар бойы қалыптасты, біз оны ұстап тұру үшін күнделікті еңбек етеміз,- деп өз ойымен бөлісті ОКА кардиологы Ердан Майдыров, – Ақтөбенің медицинасы да әжептәуір мықты, дәрігерлердің деңгейі, ауруханалардың жағдайлары күшті деп айтуға жеткілікті, сондықтан біз тек өз тәжірибемізбен бөлістік.
-Өңірде Паркинсон ауруын емдеуде аздаған қиындық бар екенін байқадым, бірақ мұнда қозғалыстағы бұзылыстар кабинеті жұмыс істейді және тәжірибелі дәрігер қабылдайды екен. Маған жай ғана дәрі-дәрмек жағынан түзету енгізуге тура келді, өйткені біз өз Орталығымызда өте заманауи препараттармен жұмыс істейміз және оларды онша көп тағайындамауға тырысамыз. Көбінесе пациенттер диагноздарын растау үшін жүгінді және қосымша ұсыныстар естігісі келді, – деп атап көрсетті ОКА дәрігер-неврологы, қозғалыстағы бұзылыстар жөніндегі маманы Жаныбек Мырзаев.
-Мен 11 пациент қабылдадым және олар Ақтөбе өңірінде білікті көмек алатыны туралы айтқым келеді, мұнда да Алматыдағы сияқты аллергия, демікпе проблемалары өршіп тұр, – деп әңгімеледі аллерголог Зарина Джакибаева, – Мен әріптестеріммен қазіргі кезде жақсы әсер ететін аллергияға қарсы вакцинация әдісімен бөлістім. Бұл терапияның пайда болғанына жүз жыл өтсе де, ол үнемі түзетіп отыруды, аллергендермен немесе олардың құрамаларымен толықтыруды қажет етеді. Кез келген жағдайда пациенттерге әр түрлі көздерден көмек алу, ал дәрігерлерге тәжірибесімен бөлісу әрдайым маңызды, біз Ақтөбеде соны жасадық.
СОВМИН ауруханасы дәрігерлерінің батыс өңірдегі жұмысы ертеңге дейін жалғасады.
Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.