Адамның ауырып жазылғанын және басқалар үшін жұқпалы болмайтындығын қалай түсінуге болады

 

Адамның ауырып жазылғанын және басқалар үшін жұқпалы болмайтындығын қалай түсінуге болады?

Сырқат толығымен симптомсыз өткен жағдайда өз-өзін кем дегенде 2 аптаға оқшаулау ұсынылған, егер осы уақытта сырқаттың симптомдары асқынбаса, оқшаулаудан шығуға болады деп есептеледі, бірақ үй-жайларда бетперделерді тағу, қолды жиі-жиі жуып тұру және әлеуметтік қашықтықты ұстану жөніндегі ұсынымдар бұдан былай да сақталуы тиіс.⠀

Егер пациентте COVID-19 симптомдары асқынып кетсе, оқшаулауды БАРЛЫҚ симптомдар толық кеткеннен кейін +8 күн – жоғарыда аталған ұсынымдарды сақтай отырып тоқтату қажет.

Орта есеппен COVID ауруы жас және дені сау адамдарда 2 аптада аяқталады. Адамның иммунитеті жақсы болса, ағза вирусты жойып, ол қоршағандар үшін жұқпалы ауруы бар адам ретінде болуын тоқтатады. Алайда, сырқат ауыр болғанда, 65-70 жастан асқан адамда вирус кідіріп қалады, ол 14 күннен астам мерзімге жұқпалы ауруы бар адам болып қала береді. Сырқат басталғалы бері 2-4 ай өткеннен кейін оң ПЦР тесттердің анықталған жағдайлары сипатталған.  Мүмкіндік болса, карантиннен шығуға асығудың қажеті жоқ. Өкінішке орай, көңіл-күй әрдайым көрсеткіш бола бермейді. Адамдар өздерін толығымен сау сезіне алады, бірақ вирусты таратушылар болып табылуы мүмкін.

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.