Адам – табиғаттың бір бөлшегі, біз сыртқы ортамен әрдайым тығыз байланыста боламы

Адам – табиғаттың бір бөлшегі, біз сыртқы ортамен әрдайым тығыз байланыста боламыз. Бізге атмосфералық қысым, ылғалдылық және басқа да көптеген жағдайлар әсер етеді. Егер адамның қандайда да бір ауруы, органдар жұмысындағы үйлесімсіздік болса, онда ауа райына тәуелділік белгілері пайда болады.
Бұл жағдай әр адамда әр-түрлі байқалады. Ауа райына тәуелділіктің ең көп таралған белгілері:
 Жеңіл сырқат, шаршау;
 Тәбеттің жоғалуы, буынның ауруы;
 Бас айналу, бас сақинасы, құлақтың шуылдауы;
 Қан қысымының түсіп кетуі, жүрек қағу;
 Созылмалы аурулардың асқынуы;
Ауа-райының күрт ауысуынан жүрек және қан тамырларының аурулары бар адамдарда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін және микард инфарктінің даму ықтималдылығы артады. Артериялық қысымның кенеттен көтерілуі гипертониялық аурудың күрт асқынуына алып келуі мүмкін. Тыныс алу демікпесі бар адамдарда тұншығу ұстамасы жиілейді.
Ауа райына сезімталдылықты емдеу және алдын алу әдістері.
Ауа райына сезімталдылықтан арылудың бірден бір жолы салауатты өмір салтын ұстану. Иммунитетті және ағзаның қорғаныш функцияларын нығайту қажет. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтану, таза ауада табиғи белсенділік, ұйқының қануы аса маңызды. Ауа райына сезімталдылық кезінде жаяу жүру, жүгіру, контрасты душ қабылдау, тыныс алу жаттығуларын жасау көмектеседі. Күн сәулесі және ауа ваннасын қабылдау ұсынылады. Зиянды әдеттерден – темекі шегу, ішімдік ішу, психикалық белсенді заттарды қолданудан бас тарту аса маңызды, себебі олар иммунитетті бірден төмендетіп жібереді.
Егер қан қысымының төмендегені байқалса, онда дәрігерден кеңес алып, дәрумендер ішіп, шөптер тұнбасын (сермене, элеутерококка және т.б.) немесе қою шай дайындау қажет.
Қолайсыз ауа райында құрамында темір, кальций және аскорбин қышқылы бар тағамдар жеуге тырысыңыз. Тұзды пайдалануды шектеңіз.
Аман болыңыз және әрқашан денсаулығыңыз мықты болсын!

Запись на онлайн консультацию

Доступна запись на онлайн консультацию!

Консультация платная.

Введите свои данные и в самое ближайшее время с Вами свяжется наш специалист для уточнения данных.

После Вам будет отправлена ссылка на страницу оплаты.